ҚР АШМ АӨК МИК Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясына карантиндік арамшөп – арамсояумен залалданған алқаптың табылғаны туралы ҚР АШМ АӨК МИК «РФД жБӘО» РММ Бұқар жырау аудандық филиалынан келіп түскен дабылдық хабарлама бойынша 10.09.2025ж. өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім шығып, комиссия құрылды. Комиссия тарапынан 12.09.2025ж. бастап жүргізілген тергеп-тексеру барысында Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті автокөлік тас жол бойының 980-985 шақырымдарында карантиндік арамшөп – арамсояудың өсіп тұрғаны анықталды. 22.09.2025ж. тергеп – тексерудің нәтижесі бойынша акт жасалып, «ҚАЖсервис» ЖШС – кәсіпорынына арамшөпты механикалық жолмен жою жөнінде нұсқама берілді.
Өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру нәтижесі бойынша Осакаров ауданында жүргізілген шараларРФД ж БӘО Осакаров аудандық филиалынан түскен дабылдық хабарламасы бойынша ҚР АШМ АӨК МИК Осакаров ААИ-да құрылған коммисия құрамында Қызылорда-Павлодар тас жолының 1032-1036 шақырым аралығындағы жол бойында анықталған карантиндік зиянкес Арамсояудың таралғанын “ҚАЖСервис” ЖШС Қарағанды облыстық филиалының өкілінің қатысуымен зерттедік, Зерттеу барысында жоғарыда көрсетілген жол аралығында арамсояудың ошақтары бар екені анықталды. Бұдан арі ережеге сәйкес жұмыстар жүргізілетін болады.
Өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру нәтижесі бойынша Ақтоғай ауданында жүргізілген шараларҚР АШМ АӨК МИК Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясына карантиндік арамшөп – арамсояумен залалданған алқаптың табылғаны туралы ҚР АШМ АӨК МИК «РФД жБӘО» РММ Ақтоғай аудандық филиалынан келіп түскен дабылдық хабарлама бойынша 29.08.2025ж. өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім шығып, комиссия құрылды. Комиссия тарапынан 17.09.2025ж. жүргізілген тергеп-тексеру барысында Приозерск қаласы Достық көшесінде орналасқан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға қойылған ескерткіш маңы, елді-мекен жерлерінде карантиндік арамшөп – арамсояудың жаңа ошақтары өсіп тұрғанаы нақтыланып, тергеп – тексерудің нәтижесі бойынша акт жасалып, Приозерск қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне арамшөпты механикалық жолмен жою жөнінде нұсқама берілді.
Өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру нәтижесі бойынша Нұра ауданында жүргізілген шараларҚР АШМ АӨК МИК Нұра аудандық аумақтық инспекциясына 2025 жылдың 21 тамызында жеке тұлғаның «е-Otinish» жүйесі арқылы түскен №ЖТ-2025-02823823 өтінішін қабылдап, өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім шығып, 25.08.2025ж. комиссия құрылды. Комиссия тарапынан 04.09.2025ж. жүргізілген тергеп-тексеру барысында карантиндік арамшөп – қызғылт укекіренің жаңа ошақтары анықталды. 08.09.2025ж. тергеп – тексерудің нәтижесі бойынша акт жасалып, «Ахмет аул-2030» ЖШС-не карантиндік арамшөпті механикалық жолмен жою жөнінде нұсқама берілді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы. Мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі; 2) Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ереже бекітілсін. Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 22.02.2022 № 814 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2015 жылғы 29 желтоқсандағы№ 153 ЖарлығыменБЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің […]