Өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекциясының 2024 жылдың 9 айында атқарған жұмысы бойынша ақпарат
Қарағанды облысында «РФДжБӘО» РММ-мен 57661 га (100%) алаңда мониторингтік зерттеулер жүргізілді. (жатаған (қызғылт) укекіре–52497 га, американдық ақ көбелек – 343 га , жұпсыз жібек көбелегі – 670, батыстың гүл трипсі – 2 га, қызанақ күйесі – 80 га, қызанақтың вирустық аурулары – 99 га, картоптың алтын түстес нематодасы – 165 га, картоп рагы гүлдену кезеңінде – 71 га, картоп рагы жинау кезеңінде – 90 га , картоптың Зебра чипі – 60 га, жеміс ағаштарының күйігі – 54 га, қоңыр мәрмәр қандала – 40 га, арамсояу – 3490 га.
2024 жылы карантиндік объектілерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарына жалпы көлемі 155,583 га жоспарланган, жатаған укекіреге қарсы химиялық өңдеуге жататын алаң 155,583 га, оның 75,02 га мемлекеттік жер қорында, бүгінгі күнге 75,02 га химиялық өңдеу толықтай жүргізілді, 80,383 га ауыл шаруашылық субъекті және де басқада жер пайдаланушылар жерлері оның бүгінгі күнге 79,083 га химиялық өңдеу жүргізілсе, 1,3 га жерлерде механикалық тәсілмен өңделді.
Сонымен қатар, мониторингтік зерттеу жұмыстары барысында жаңадан 1439 га жатаған (қызғылт) укекіремен залалданғаны анықталып оның 10,87 га ластанған осыған орай, жатаған (қызғылт) укекіре ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі карантиндік іс-шараларды жүзеге асыру қажеттілігі туралы 2 шаруашылық субъектісіне 2 нұсқама беріліп, 4,75 га жерді бір шаруа қожалық өз қаражаты есебінен химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізді. Карантидік арамшөп жатаған қызғылт укекірені жою мақсатындағы химиялық өңдеу жұмыстары бүгінгі күнге 96,3 % – ға орындалды.
Облысымызда мемлекеттік жер қорында анықталған карантиндік объекті жатаған (қызғылт) укекіре ошақтарында Фитосанитария РМК мекемесі Триумф супер гербицидімен химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді, ал ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен жер иелеріне анықталған ошақтарды оқшаулау және жою мақсатында химиялық өңдеу жұмыстарын өткізуді міндеттейтін 90 хабарлама,75 нұсқама, 90 ұсыныс берілді. Оның ішінде 73 нұсқамада көрсетілген 1-інші және 2-інші химиялық өңдеу орындалып, облыс бойынша орташа биологиялық тиімділігі 90 % болып тіркелді. Қарқаралы, Ақтоғай аудандарында нұсқамадағы міндеттемені толық орындамағаны және орындамағаны үшін 2 шаруашылыққа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 462 бабының 3 тармағымен хаттамалар толтырылып, әкімшілік сотпен 516 880 тг айыппұл салынды.
Карантиндік тексеру кезінде карантинге жатқызылған өнімді әкелу (импорттау) кезінде анықталған бұзушылықтардың саны 42 жағдайы анықталды, оның ішінде:
– импорт кезінде жалпы көлемі 160 текше м кесілген ағаш тақтайлардың қара қарағай қоңызының тірі жұлдыз құрттарымен қоныстанған 4 жағдайы анықталды, өнім Ресей Федерациясынан әкелінген;
– импорт кезінде жалпы көлемі 56,99 тонна банандардан карантинді объект- Шығыстың ақ ұнтақ сымыры 2 жағдайы анықталды, өнім Ресей Федерациясынан әкелінген негізгі Эквадор елінен шыққан;
– импорт кезінде 1 жағдай Батыстың гүл трипсі гүл кесінділерінен анықталды, Эквадор елінен шыққан 1050 дана гүл кесінділерінен (раушангүл)
– импорт кезінде 35 жағдай анықталды ( фитосанитариялық сертификат болмау-1; 14- карантинге жатқызылған өнімді қайта тексеруге ұсынбау; 7 – фитосанитариялық талаптардың бұзылуы, 6 – белгіленген үлгідегі таңбаның болмауы, 7- жол бойындағы қайта бағыттау);
Ресей Федерациясынан қылқан жапырақты ағаш материалдарын әкелу кезінде карантиндік объект қара қарағай қоңызының тірі жұлдыз құрттарымен, Шығыстың ақ ұнтақ сымырымен және Батыстың гүл трипсімен, анықталғаннан кейін материалдар сотқа жіберілді. Сот шешімі бойынша әкімшілік айыппұлдар салынды. Карантиндік объектіні анықтау фактісі бойынша Нотификация Комитетке уақтылы жіберілді.
Жыл басынан фитосанитариялық сараптама жасау үшін барлығы 4683 үлгілер жіберілген, оның ішінде:
– Қарағанды облыстық карантиндік зертханасына 4244 сынама;
– ШЖҚ «Фитосанитария» РМК 372 сынама;
– Алматы аймақтық карантиндік зертханасына 42 сынама;
– Республикалық өсімдіктер карантині орталығына – 24 сынама;
– Сарыағаш шекара өткеліндегі карантиндік зертхана – 1 сынама.
Карантинге жатқызылған өнімдерге жүргізілген карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) нәтижесінде 11806 акті берілді. Осы кезеңде шет елдерден 212 945 тн, 103 017 614 дана, 20 427,81 текше метр карантинге жатқызылған өнімдер импортталған және экспортқа 254 576,2 тн, 26 456 769 дана, 549,9 текше метр шығарылды, және транзит бойынша 63 394 659 дана шығарылды. Басқа облыстардан 36770 тн, 609 569 дана, 7679 текше метр әкелінген және басқа облыстарға 55 523 тн, 2 786 632 дана жөнелтілген.
Жыл басынан ҚР «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының талаптарын бұзған 103 факты анықталып, ол бойынша 14 291 732 тг айыппұл салынды. Оның ішінде 7 900 880 тг құрайтын 95 әкімшілік іс қысқартылған өндірісте қаралды, 2 әкімшілік іс 738400 тг жалпы өндірісте, 6 іс 668252 тг әкімшілік сотында қаралып толық төленді. 2024 жылдың 30 қыркүйегіне 102 әкімшілік іс бойынша 9 252 152 тг төленді.
Өсімдіктер карантині саласының мәселелері бойынша бұқаралық ақпараттық құралдарына 9 мақала мен Facebook және Instagram әлеуметтік желелерінде 34 жариялым жарияланды, сонымен қатар кәсіпкерлер мен басқа да ұйымдардың, әкімшілік өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел және қашықтықтан байланыс арқылы 17 семинар-кеңестер өткізілді, оның:
– «Карантиндік бақылау және қадағалауды жүзеге асыру тәртібі бойынша»- 10;
– «Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша» – 7.