2025 жылдың 9 айында Әдеп жөніндегі уәкілдің Мемлекеттік қызмет, Әдеп кодексі талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу бойынша атқарылған іс-шаралары
Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының Әдеп жөніндегі уәкілінің мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралары бойынша 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 9 айында біршама іс-шаралар атқарылды.
Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша аталған заңдар талаптарын түсіндірубойынша 159 (жүз елу тоғыз) іс-шара атқарылды.
Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген және оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген мамандарға:
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтау: мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын сақтау; мүлікті сенімгерлік басқаруға берумәселелері бойынша оқыту жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік қызметшілерді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және Агенттікпен әзірленген материалдармен таныстыру, оның ішінде іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелерін түсіндіру бойынша жоғарыда аталған мекемелерден келген өкілдердің қатысуымен іс-шаралар өткізілді.
Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарағанды облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының аға офицері Әкім Ерланұлы Сақтапбергеннің, «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағандыоблысы бойынша филиалының директоры, профессор Құрманғазы Зәкірұлы Сембиевтің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет бойынша бақылау басқармасының басшысы Қайсар Хайранұлы Акбаровтің қатысуымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар Қарағанды облысы дін істері басқармасының теолог маманы Жанар Бектенқызы Қарсыбекованың қатысуымен деструктивті діни ағымдардың қоғам қауіпсіздігіне, неке және отбасы институтына және адам денсаулығына тигізетін қатері тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты олардың әкімшілік жауаптылыққа («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің қоғамдық тәртiп пен имандылыққа қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарға қатысты келесі баптары бойынша 439, 440, 441, 443, 444, 446, 449, 450, 482, 490, 608, 613) тартылуы жағдайына мониторинг жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылуы фактілеріне мониторинг жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері анықталған жоқ.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуына қатысты бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға мониторинг жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері анықталған жоқ.
Облыстық аумақтық инспекциясында мемлекеттік қызметшінің өзінің жақын туыстарына қатысты жеке істерін атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруы, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында болуы туралы талаптың сақталуы жағдайын зерделеніп, нәтижесінде мемлекеттік қызметшінің өзінің жақын туыстары атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруы фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік және есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуының алдын алу және оған жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу, есірткі құралдардың, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну, көлік құралын алкогольдік және (немесе) есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқарудың алдын алу мақсатында Қарағанды облысы бойынша полиция департаментінің инспекторы Ильгиз Гаянович Кунакбаевтің қатысуымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Ұжымдағы әйелдерге қатысты кемсітушіліктен және жыныстық қудалауды болдырмау туралы Қарағанды облысы бойынша «Аналар кеңесі» және «Respublica» париясы жанындағы Әйелдер қанатының мүшесі Жібек Камалиқызы Камалидің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Облыстық аумақтық инспекциясында мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуы бойынша сауалнама жүргізіліп, мониторинг қорытындысы бойынша Инспекция бойынша мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері сақталған, арыз-шағымдар жоқ.
Ұжымдағы қарым-қатынас мәдениетінің деңгейін бағалау және оны жақсартуды анықтау үшін сауалнама жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша мамандар арасында қарым-қатынас мәдениетінің деңгейі жоғары екендігін көрсетті.
«Ortalyq Qazaqstan» Қарағанды облыстық қоғамдық-саяси газетіне «Мемлекеттік қызметтегі әдеп – абырой мен сенім кепілі» атты мақала жарияланды.
Мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан мамандарды көтермелеу мақсатында үстеме сыйақы тағайындалды.
Ұжымда жағымды атмосфера құру үшін әдептілік құндылықтарын дәріптеу бойынша «Әдептілік – әдемілік белгісі» тақырыбында сайыс өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды.
Сонымен қатар Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай мемлекеттік қызметшілер арасында ұлы Абайдың әдеби мұрасын дәріптеу, классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында іс-шара ұйымдастырылды.
Домбыра күні қарсаңында қазақтың атақты күйшілерінің шығармашылығын дәріптеу, шақырылған өнерпаздың күйін тыңдау, Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай қара сөздері мен өлеңдерін айту бойынша сайыс, Қарқаралы қаласындағы Құнанбай қажы мешіті және Абай түскен, дәм татқан үйде болу, тарихи өлкетану музейінде Абай бұрышымен танысу, Спорт күніне орай футбол, волейбол және арқан тартудан сайыс ұйымдастырылды.

