Бидайды кебек ретінде өткізу әрекетінің жолы кесілді

Павлодар облысындағы «Үрлітөбе» фитосанитариялық бақылау бекетінде Ресейден бидай кебегі ретінде көрсетілген бидайды Қазақстанға кіргізу әрекетінің жолы кесілді. Автокөлік құралын тексеру барысында ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының мамандары ілеспе құжаттарда көрсетілген мәліметтер мен жүктің нақты құрамының сәйкес келмейтінін анықтады. Тексеру нәтижесінде көлік құралында кебекпен қатар бидай дәні де болғаны белгілі болды. Бидайды автомобиль көлігімен тасымалдауға қойылатын шектеулерді және ілеспе құжаттардағы мәліметтердің нақты жүк құрамына сәйкес келмейтінін ескере отырып, жүкті экспорттаушы елге кері қайтару туралы шешім қабылданды. Ауыл шаруашылығы министрлігі карантинге жатқызылған өнімдерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясында тасымалдау кезінде фитосанитариялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда. Ілеспе құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы мен белгіленген шектеулердің сақталуы […]

Қазақстан аумағына қауіпті карантиндік объектілердің кіруіне және таралуына жол берілмеді

Карантиндік фитосанитариялық бақылау барысында ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің мемлекеттік инспекторлары импортталатын ауыл шаруашылығы өнімдерінен карантиндік объектілерді анықтап, фитосанитариялық заңнама талаптарының бұзылғанын тіркеді. Атап айтқанда, Алматы облысында Қырғыз Республикасынан әкелінген салмағы 8 690 кг айсберг салатынан батыс гүл трипсі, ал Ресей Федерациясынан жеткізілген 840 тонна жұмсақ бидайдан жатаған у кекіре анықталды. Ақмола облысында зертханалық сараптама нәтижелері Ресейден әкелінген жалпы көлемі 490 тонна және 478,8 тонна болатын бидайдың екі легінен жатаған у кекіренің, сондай-ақ далалық және еуропалық арамсояудың бар екенін растады. Ақтөбе облысындағы «Әлімбет» фитосанитариялық бақылау бекетінде Ресей Федерациясының Орынбор облысынан жеткізілген 114,9 тонна зығыр тиелген төрт автокөлік тексерілді. Зертханалық сараптама нәтижесінде өнімнен жатаған у кекіре анықталды. Осындай карантиндік […]

Батыс Қазақстанда 84,5 тонна залалданған өнімді ел аумағына кіргізуге жол берілмеді

Батыс Қазақстан облысында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне қарасты өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар қауіпті карантиндік нысан – жатаған кекіре тұқымдарымен залалданған 84,5 тонна карантиндік өнімді ел аумағына кіргізуге жол бермеді. Аталған заңбұзушылық «Тасқала» және «Шаған» фитосанитариялық бақылау бекеттерінде жүргізілген бақылау барысында анықталды. Инспекторлар «Тасқала» фитосанитариялық бақылау бекетінде азық-түлікке арналған мақсары және арпа тұқымдарын тексеріп, өнімнен фитосанитариялық сараптама жасау үшін сынамалар алды. Ал «Шаған» фитосанитариялық бақылау бекетінде азық-түлікке арналған зығыр тұқымдарынан алынған сынамалар зертханалық зерттеуге жолданды. «Фитосанитария» мекемесінің Батыс Қазақстан облыстық карантиндік зертханасы филиалының зерттеу қорытындысына сәйкес, тексерілген барлық сынамалардан карантиндік нысанға жататын жатаған кекіренің (Acroptilon repens L.) тұқымдары анықталды. Еліміздің қолданыстағы заңнамасына сәйкес, залалданған өнімді ел […]

«EURASIAN AGRICOM-2026» конференциясында астық нарығындағы жаһандық үрдістер талқыланды

Астанада жыл сайынғы халықаралық «EURASIAN AGRICOM-2026» конференциясы өтті. Астық өндіру, саудалау, логистика және қайта өңдеу мәселелері бойынша диалог алаңына айналған маңызды салалық іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сакен Қаныбеков қатысты. Форумға 300-ден астам делегат жиналды. Олардың қатарында қазақстандық жетекші астық компанияларының, мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық трейдерлер, логистикалық операторлар, сондай-ақ талдау және қаржы ұйымдарының өкілдері бар. Конференция барысында қатысушылар астық нарығындағы жаһандық үрдістерді және 2026 жылғы өнім көлемінің болжамын, 2026-2027 маусымындағы сауда перспективаларын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру бағыттарының бірі ретінде Солтүстік Қазақстан жағдайында жүгері өсірудің қытайлық технологияларын енгізу мәселелерін талқылады.Конференция қатысушылары әсіресе Қазақстан мен Қытай арасындағы аграрлық саладағы стратегиялық әріптестікті дамытуға және азық-түлік қауіпсіздігін […]

Мемлекеттік қолдаудан нақты нәтижелерге дейін: ҚР АШМ-де АӨК дамуының негізгі міндеттері талқыланды

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының, департаменттер мен комитеттер басшыларының қатысуымен өтті. Жиынды ашқан Қоғамдық кеңес төрағасы Ержан Нұрбаев мемлекеттік қолдаудың тиімділігін бағалаудағы басты өлшем нақты экономикалық нәтиже болуы тиіс екенін атап өтті. «Бүгінде агросекторға ауқымды мемлекеттік қолдау көрсетіліп келеді. Сонымен бірге сала алдында жаңа сын-қатерлер де тұр. Сондықтан қаржыландыру көлемін арттырумен қатар, бөлінген қаражаттың барынша тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету маңызды. Біздің міндетіміз – жүйелі мәселелерді дер кезінде анықтап, нарыққа қатысушылардың пікірін ескеру және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен жалпы экономикаға нақты пайда әкелетін шешімдер ұсыну», – деді Ержан Нұрбаев. Жиын барысында мемлекеттік қолдау тетіктері мен инвестициялық бағдарламалардың тиімділігі, аквашаруашылықты дамыту, жер ресурстарын […]

Жаңалықтар

Не найдено.

Извините, но по Вашему запросу ничего не было найдено.