Жаңалықтар

Қазақстанда «Байсары» қой тұқымының жаңа селекциялық жетістіктері тіркелді

Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында «Байсары» қой тұқымының селекциялық жетістіктеріне мемлекеттік апробация жүргізілді. Сынақ қорытындысы бойынша екі тұқымішілік сүлесі мен екі қошқардың зауыттық желісі мемлекеттік тануға ие болып, патент алды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығына сәйкес АӨК-тегі мемлекеттік инспекция комитетінің мемлекеттік комиссиясы «Байсары» тұқымының селекциялық жетістіктеріне бағалау жүргізді. Жұмысты ғылыми сүйемелдеуді және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді етті-майлы бағыттағы қой шаруашылығының республикалық палатасы жүзеге асырды. Апробация тікелей асыл тұқымды шаруашылықтарда мал басын және негізгі өнімділік көрсеткіштерін бағалау арқылы жүргізілді. Түркістан облысында Бәйдібек, Сайрам, Сарыағаш аудандары мен Арыс қаласының аумағында Түркістан тұқымішілік сүлесі бағаланды. «Нұрболат», «Молшылық», «Сиябанд», «Қуаныш» шаруа қожалықтарында, «Таукеев Н.М.» ЖК мен «МҰБАРАК АГРО» ЖШС-де жоғары өнімді 7,3 мыңға жуық мал […]

Аумақтық инспекциялардың жұмыс нәтижелері қаралды

Ауыл шаруашылығы министрлігінде Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мен Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекцияларының 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметін талдау қорытындылары бойынша кеңес өтті.Оған аппарат басшысы Сергей Ли қатысты. Заң қызметі департаменті жүргізген талдау мемлекеттік бақылаудың тиімділігі, әкімшілік тәжірибе, салынған айыппұлдарды өндіру, сондай-ақ мемлекеттік инспекторлар арасындағы қызметтік жүктеменің бөлінуін қамтыды. Кеңес қорытындысы бойынша аумақтық инспекциялардың қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар шаралар айқындалды. Олардың қатарында төленбеген әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша жұмысты күшейту, мемлекеттік инспекторлардың жұмыс тиімділігін бағалау әдістемесін жетілдіру, сондай-ақ нақты қызметтік жүктемені ескере отырып, аумақтық бөлімшелердің штат санын оңтайландыру қамтылған. Аталған шараларды іске асыру мемлекеттік бақылаудың нәтижелілігін арттыруға және аумақтық инспекциялардың жұмысын неғұрлым нәтижелі ұйымдастыруға бағытталған.

Фитосанитариялық бақылау: алты өңірде карантинге жатқызылған залалданған өнім анықталды

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелері мемлекеттік фитосанитариялық бақылау жүргізу барысында Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында Қазақстан аумағына қауіпті карантиндік организмдерді кіргізуге жол бермеді.Тексеру барысында инспекторлар зертханалық зерттеу жүргізу үшін сынамалар алды. «Фитосанитария» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалдары жүргізген сараптама нәтижесінде өнімнің жекелеген партияларынан ауыл шаруашылығы және орман алқаптарына қауіп төндіретін карантиндік нысандар анықталды. Атап айтқанда, Астана қаласы мен Павлодар облысында көлемі 268 текше метр орман және ағаш материалдарынан қарағай сүрекші қоңызының (Monochamus galloprovincialis) залалдауы расталды.Батыс Қазақстан облысында жалпы салмағы 397 тоннадан асатын дәнді және майлы дақылдар партияларынан, оның ішінде арпа, мақсары және зығырдан карантиндік арамшөптер — […]

Қазақстанға 113 тоннадан астам залалданған ауыл шаруашылығы өнімі кіргізілмеді

Ираннан және Ресейден Қазақстанға әкелінген салат, арпа және қызанақ өнімдері партиясынан қауіпті карантиндік нысандар анықталды. Фитосанитариялық бақылау нәтижесінде залалданған өнімдерді ел аумағына өткізуге жол берілмеді. ҚР АШМ АӨК-дегі мемлекеттік инспекция комитетінің инспекторлары мемлекеттік шекарада фитосанитариялық бақылау жүргізу барысында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.Атап айтқанда, Маңғыстау облысындағы «Темір-Баба» автомобиль өткізу бекетінде Ираннан жеткізілген салмағы 9,9 тонна «Айсберг» салаты партиясынан батыс гүл трипсі (Frankliniella occidentalis) анықталды. Аталған қауіпті карантиндік зиянкес Ақтөбе облысындағы «Жайсаң» бақылау бекетінде де анықталды. Ресейдің Орынбор облысынан жеткізілген 0,7 тонна «Айсберг» салаты өінмдерінен батыс гүл трипсі табылған. Сондай-ақ аталған елден әкелінген, жалпы көлемі 100 тоннаны құрайтын азық-түлікке арналған арпа өнімдерінен ауыл шаруашылығы алқаптарына қауіп төндіретін карантиндік арамшөп – жатаған кекіре […]

Қазақстан мен ФАО ауыл шаруашылығын цифрландыру бағытында ынтымақтастықты күшейтуде

Ауыл шаруашылығы министрлігінің және Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері онлайн кездесу арқылы агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру саласында ынтымақтастықты күшейтудің басым бағыттарын талқылады. Онда ауыл шаруашылығы саласындағы үдерістерді заманауи құралдар арқылы мониторингтеу, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттары көмегімен алынатын деректерді цифрлық платформалар мен ақпараттық жүйелерге біріктіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар деректерді автоматты түрде жинау, өңдеу, жүйелеу және көрнекі түрде ұсынуға мүмкіндік беретін цифрлық шешімдерді қолдану жолдарын қарастырды. Мұндай технологиялар ауыл шаруашылығы алқаптарының жай-күйі туралы ақпаратты жедел алуға, деректерді талдау мүмкіндіктерін кеңейтуге және болжам жасау сапасын арттыруға жол ашады. Сондай-ақ кездесуде цифрлық құралдарды одан әрі жетілдіру және олардың агроөнеркәсіптік кешенде қолданыстағы ақпараттық жүйелермен тиімді өзара ықпалдастығын қамтамасыз ету […]

Фитосанитария қызметіндегі жасанды интеллект: ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік инспекция комитеті Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамымен (GIZ) және AI Research Labs компаниясымен бірлесіп мамандарды оқыту мүмкіндіктерін талқылады

Фитосанитария саласында біліктілікті арттыру және заманауи ЖИ-құралдарын меңгеру мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті. Келіссөздердің негізгі тақырыбы фитосанитария қызметінің қызметкерлері үшін жасанды интеллект бойынша оқытуды және мамандандырылған тренингтерді ұйымдастыру мүмкіндігі болды. Тараптар оқу бағдарламалары барысында ЖИ-құралдарын меңгеру ведомство мамандарына бақылау шараларының жеделдігі мен дәлдігін арттыруға, жұмыс процестерін оңтайландыруға және талдау деректерімен тиімдірек жұмыс істеуге қалай мүмкіндік беретінін талқылады. Кездесу танысу сипатында өтті. Оның қорытындысы бойынша тараптар техникалық мүмкіндіктерді бағалау және ұсынылатын шешімдерді қолданудың мақсаттылығын анықтау үшін сараптамалық диалогты жалғастыруға келісті.

Еліміз аумағына 125 текше метр залалданған ағаш материалын кіргізуге жол берілмеді

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары карантиндік фитосанитариялық бақылау барысында Ресей Федерациясынан залалданған орман өнімдерін әкелу фактілерін анықтады. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жалпы көлемі 125 текше метр болатын қарағайдан жасалған қылқан жапырақты ағаш материалдарын ел аумағына кіргізуге жол бермеді. Карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде ағаш материалдарынан карантиндік маңызы бар қауіпті нысан – Monochamus тұқымына жататын қарағай сүрекқоңызының дернәсілдері анықталды. Заң бұзушылық Абай облысының Семей қаласында әрқайсысының көлемі 40 текше метр болатын ағаш материалдары легін қайта тексеру барысында анықталды.Тағы бір жағдай Астана қаласында көлемі 45 текше метр ағаш материалдары легін тексеру кезінде тіркелді. Анықталған барлық факті бойынша зертханалық сараптама жүргізіліп, нәтижесінде қарағай сүрекқоңызы дернәсілдерінің бар екені […]

Астық нарығы саласындағы бақылау: мемлекеттік органдардың рөлі мен АҚК жауапкершілігі

Құрметті астық нарығына қатысушылар! «Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, біздің саламыздағы мемлекеттік бақылау өнімнің жоғары сапасын, қауіпсіздігін және сенімді сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жүйеде міндеттерді айқын бөлу қарастырылған. Жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) астық қабылдау кәсіпорындарының (АҚК) қызметіне, соның ішінде сандық-сапалық есепке алу және сақтау шарттары талаптарының сақталуына тікелей бақылауды жүзеге асырады. Өз кезегінде, Комитет пен оның аумақтық инспекциялары ЖАО-ның осы мемлекеттік функцияларды тиісті деңгейде әрі объективті орындауын қадағалай отырып, олардың қызметіне бақылау жүргізеді. Осыған байланысты астық қабылдау кәсіпорындарына материалдық-техникалық базаның толық дайындығына, технологиялық жабдықтардың жарамдылығына, дәл есеп жүргізуге және астықтың сақталуына барлық жағдайды жасауға алдын ала ерекше назар аудару қажет. Астықты қабылдау мен сақтауға жауапкершілікпен қарау — бұл […]

Алматыда ЕАЭО Агроөнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің 7-отырысы өтті

ЕАЭО елдерінің агроөнеркәсіптік кешенін интеграциялаудың жаңа кезеңінің негізгі бағыттары бірлескен инвестициялық және кооперациялық жобалар, терең өңдеу, цифрландыру, ғылыми-технологиялық ынтымақтастық және өзара сауда көлемін ұлғайту болуы тиіс. Бұл басымдықтарды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Алматыда өткен ЕАЭО Агроөнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің 7-отырысында атап өтті. Отырысқа Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесі – өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян, Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы министрі Оксана Лут, Армения Республикасының Экономика министрі Геворг Папоян, Беларусь Республикасының Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Юрий Горлов, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары – Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрі Эрлист Акунбеков, сондай-ақ Иран Ислам Республикасының Ауыл шаруашылығы джихады министрінің орынбасары Акбар Фатхи […]

Мемлекеттік инспекция комитетінде астық резервтерінің сақталуын бақылау мәселелері талқыланды

ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінде реттеушілік әсерді талдау рәсімі шеңберінде астықтың резервтік қоры мен жемдік қорының сандық-сапалық сақталуына мемлекеттік бақылауды енгізу мәселесі бойынша қоғамдық талқылау өтті. Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ, «Атамекен» ҰКП, салалық қауымдастықтардың және астық қабылдау кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Кездесу барысында функциялары бұған дейін жергілікті атқарушы органдарға берілген астық инспекциясының қолданыстағы жүйесінің тиімділігі мәселелері қаралды. Заңнамадағы өзгерістерге байланысты бүгінгі таңда стратегиялық қорлардың сақталуына кешенді бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін толыққанды тетіктердің жоқтығы атап өтілді. Осыған байланысты салалық заңнамада мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту және әкімдіктерге тиісті өкілеттіктер беру ұсынылады. Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар астық резервтерінің сақталуына мемлекеттік бақылау тетіктерін жетілдіру қажеттілігін […]