2026 ЖЫЛДЫҢ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

Өсімдіктерді қорғау саласы бойынша:

2026 жылдың І жартыжылдығында өсімдіктерді қорғау саласында фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, аса қауіпті зиянды организмдермен күресу және заңнама талаптарының сақталуын бақылау бағытында кешенді жұмыстар жүргізілді.

Қарағанды облысы әкімінің 2025 жылғы 23 ақпандағы №17ө өкімімен шегіртке зиянкестеріне және карантиндік объектілерге қарсы іс-шараларды үйлестіру жөніндегі облыстық жедел штабтың құрамы бекітілді.

2026 жылғы 18 ақпанда штаб төрағасы Р. Кенжебековтың төрағалығымен «Қарағанды облысы аумағында шегіртке зиянкестерімен күрес жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру мәселелері» тақырыбында облыстық штаб отырысы өткізілді. Сонымен қатар, аудандық деңгейде 7 жедел штаб құрылды.

2026 жылғы 19 мамырда Шет ауданында химиялық өңдеуге жұмылдырылған техникалардың дайындығын пысықтау және шегіртке зиянкестеріне қарсы өңдеу жұмыстарын уақытылы ұйымдастыру мақсатында штабтың көшпелі отырысы өтті. Отырыс барысында ведомства басшылары мен аудан әкімдеріне облыста тұрақты фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар беріліп, химиялық өңдеуге тартылатын техникалардың дайындығы таныстырылды.

Шекара маңындағы аумақтарда шегіртке зиянкестерін дер кезінде анықтау мақсатында көршілес облыстардың 8 аумақтық инспекциясымен шекаралық аумақтарды бірлесіп тексеру жөнінде өзара ынтымақтастық туралы келісімдер жасалып, бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды.

«Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» облыстық филиалының мамандары 2026 жылы аса қауіпті және қауіпті зиянды организмдерге қарсы зерттеу жұмыстарын жоспарға сәйкес 2,8 млн гектар аумақта жүргізуде.

Фитосанитариялық іс-шаралар шеңберінде 2026 жылы облыс бойынша үйірлі шегіртке – итальяндық прусқа қарсы 80 100 гектар, ал саяқ шегірткелерге қарсы жалпы  85 820 гектар аумаққа химиялық өңдеу жүргізу жоспарланды. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қаражаты есебінен аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы 18 000 гектар алқапты өңдеу көзделді.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен итальяндық прусқа қарсы     70 212 гектар аумақта химиялық өңдеу жұмыстары облыстың 7 ауданында жүргізілді. Оның ішінде:

  • Абай ауданы – 670 га;
  • Ақтоғай ауданы – 13 550 га;
  • Бұқар жырау ауданы – 7 500 га;
  • Қарқаралы ауданы – 23 492 га;
  • Нұра ауданы – 4 020 га;
  • Шет ауданы – 20 980 га.

Химиялық өңдеу жұмыстары:

  • «Pest Mosq Treatment» ЖШС-нің 14 жерүсті бүріккіш техникасы арқылы – 21 772 га;
  • «Агро СЛА» ЖШС-нің 2 аса жеңіл әуе кемесі арқылы – 30 950 га;
  • «Бағжан» ЖК-нің 1 аэрозольді генераторы және «Защита и К» ЖШС-нің 1 аэрозольді генераторы арқылы – 17 490 га аумақта жүргізілді.

Өңдеу барысында Гунсяо 10%, Тиаметрин, Пиларкинг 20% және Фипрон препараттары қолданылып, барлығы 4 867,05 литр пестицид жұмсалды. Қолданылған препараттардың биологиялық тиімділігі 95 пайызды құрады.

Саяқ шегірткеге қарсы өңдеуге барлығы 85 820 гектар жер белгіленді. Оның ішінде мемлекеттік жер қоры – 38 400 гектар, шаруашылық құрылымдарының жерлері – 47 420 гектар.  «BOS TAURUS» және «Samgau Agro» компанияларының аса жеңіл әуе кемелері арқылы Койра және Тиаметрин препараттарын пайдалана отырып, 61 640 гектар алқапта химиялық өңдеу жүргізілді. Оның ішінде:

  • Абай ауданы – 2 340 га;
  • Ақтоғай ауданы – 14 500 га;
  • Бұқар жырау ауданы – 19 400 га;
  • Қарқаралы ауданы – 6 400 га;
  • Нұра ауданы – 2 800 га;
  • Осакаров ауданы – 2 700 га;
  • Шет ауданы – 13 500 га.

Қазақстан Республикасы өсімдіктерді қорғау мемлекеттік жүйесіне кіретін ұйымдардан келіп түсетін мәліметтерді, ашық дереккөздер мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпараттарды талдау нәтижесінде 2026 жылдың І тоқсанында 616 субъектіге бармай профилактикалық бақылау жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша 40 субъектіге анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар берілді.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өз аумақтарында фитосанитариялық мониторинг жүргізу және фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі міндеттері туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнаманы түсіндіру мақсатында:

  • 11 дөңгелек үстел;
  • 28 агрооқу;
  • 2 құқықтық оқу;
  • 13 семинар;
  • 2 штаб отырысы өткізілді.

Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында 6 мақала, 8 сұхбат және 4 бейнесюжет жарияланып, 25 түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды. Инспекцияның ресми әлеуметтік желі парақшаларында 138 жарияланым орналастырылып, 2 тікелей эфир өткізілді.

Өсімдіктер карантині саласы бойынша

Облыс аумағында фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында карантиндік объектілердің таралу ошақтарын анықтау бойынша зерттеу жұмыстары жыл сайын жүргізіледі.

Ағымдағы жылы барлығы 57 661 гектар алқапта фитосанитариялық зерттеу жүргізу жоспарланған. Бүгінгі күнге 21 305,7 гектар немесе 36,9% зерттелді.

Зерттеу жоспарлары мынадай карантиндік объектілер бойынша жүзеге асырылуда:

  • жатаған (қызғылт) укекіре – 52 497 га;
  • арам сояу – 3 490 га;
  • американдық ақ көбелек (ІІ ұрпағы) – 343 га;
  • жұпсыз жібек көбелегі – 670 га;
  • жеміс ағаштарының бактериялық күйігі – 54 га;
  • томаттың вирустық аурулары – 99 га;
  • ақтүйнектің алтын түстес жұмырқұрты – 165 га;
  • ақтүйнек ісігі – 81 га;
  • зебра чип ауруы – 60 га;
  • капр қоңызы – 3 га;
  • батыс гүл трипсі – 2 га;
  • қызанақ күйесі – 80 га;
  • қоңыр мәрмәр қандала – 40 га.

Облыс бойынша карантиндік объектілердің 2 түрі анықталып, облыс әкімінің қаулысымен карантиндік режим енгізілген. Атап айтқанда, жатаған (қызғылт) укекіре бойынша 29 369,8 гектар, ал арам сояу бойынша 51 гектар аумақта карантиндік режим белгіленген.

Ағымдағы жылы анықталған карантиндік объектілерге қарсы жалпы 185,896 гектар аумақта химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде жатаған (қызғылт) укекіреге қарсы – 184,316 гектар, арам сояуға қарсы – 1,58 гектар.

Мемлекеттік жер қорының 89,59 гектар аумағында химиялық өңдеу жұмыстары толық көлемде жүргізілді. Ауыл шаруашылығы субъектілері мен өзге де жер пайдаланушылардың жерлерінде өңдеуге жататын 96,306 гектардың бүгінгі күнге 49,03 гектары өңделді.

Қазіргі уақытта облыс бойынша 178 карантиндік аймақ белгіленген. Оның ішінде 174 аймақ – жатаған (қызғылт) укекіре бойынша, 4 аймақ – арам сояу бойынша.

Мемлекеттік жер қорында анықталған жатаған (қызғылт) укекіре ошақтарында «Фитосанитария» РМК тарапынан химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен жер пайдаланушыларға анықталған карантиндік ошақтарды оқшаулау және жою мақсатында химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуді міндеттейтін 91 хабарлама, 81 нұсқама және 91 ұсыныс берілді.