2025 жылдың 1-жартыжылдығында Әдеп жөніндегі уәкілдің Мемлекеттік қызмет, Әдеп кодексі талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу бойынша атқарылған іс-шаралары
Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының Әдеп жөніндегі уәкілінің мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралары бойынша 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығында біршама іс-шаралар атқарылды.
Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша аталған заңдар талаптарын түсіндіру бойынша 6 (алты) ҚААИ-да іс-сапарда болып, 48 (қырық сегіз) ҚААИ және ОАИ мемлекеттік қызметшімен жеке дара әңгімелесулер өткізіліп, 10 (он) жол жүру ережесін бұзған тұлғалармен оқыту жұмыстары өткізіліп, хаттамалар рәсімделді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген және оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген 7 (жеті) маманға:
– сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтау: мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын сақтау; мүлікті сенімгерлік басқаруға беру мәселелері бойынша оқыту жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік қызметшілерді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және Агенттікпен әзірленген материалдармен таныстыру, оның ішінде іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелерін түсіндіру бойынша жоғарыда аталған мекемелерден келген өкілдердің қатысуымен 4 (төрт) іс-шара өткізілді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қатысты олардың әкімшілік жауаптылыққа («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің қоғамдық тәртiп пен имандылыққа қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарға қатысты келесі баптары бойынша 434, 439, 440, 441, 443, 444, 446, 449, 450, 482, 490, 608, 613) тартылуы жағдайына мониторинг жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылуы фактілеріне мониторинг жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері анықталған жоқ.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуына қатысты бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға мониторинг жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері анықталған жоқ.
Облыстық аумақтық инспекциясында мемлекеттік қызметшінің өзінің жақын туыстарына қатысты жеке істерін атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруы, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында болуы туралы талаптың сақталуы жағдайын зерделеніп, нәтижесінде мемлекеттік қызметшінің өзінің жақын туыстары атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруы фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік және есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуының алдын алу және оған жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу, есірткі құралдардың, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну, көлік құралын алкогольдік және (немесе) есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқарудың алдын алу мақсатында Қарағанды облысы бойынша полиция департаментінің инспекторының қатысуымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Облыстық аумақтық инспекциясында мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуы бойынша сауалнама жүргізіліп, мониторинг қорытындысы бойынша Инспекция бойынша мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері сақталған, арыз-шағымдар жоқ.
Ұжымдағы қарым-қатынас мәдениетінің деңгейін бағалау және оны жақсартуды анықтау үшін сауалнама жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша мамандар арасында қарым-қатынас мәдениетінің деңгейі жоғары екендігін көрсетті.
Ұжымда жағымды атмосфера құру үшін әдептілік құндылықтарын дәріптеу бойынша «Әдептілік – әдемілік белгісі» тақырыбында сайыс өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды.
Сонымен қатар Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай мемлекеттік қызметшілер арасында ұлы Абайдың әдеби мұрасын дәріптеу, классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында 1 (бір) іс-шара ұйымдастырылды.
Мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан 3 (үш) маманды көтермелеу мақсатында үстеме сыйақы тағайындалды.