ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ 2025 ЖЫЛДЫҢ 1-ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША АҚПАРАТ

Ағымдағы жылы өсімдіктерді қорғау саласы бойынша айтарлықтай ауқымды шаралар атқарылды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының шегіртке тектес зиянкестерімен күрес жөнінде облыс әкімінің №19ө 2024 жылғы 4 наурыздағы өкімімен Облыстық штаб құрамы бекітілді. Штаб төрағасы облыс әкімінің орынбасары Б.Қ.Асановтың төрағалығымен ағымдағы жылдың 29 сәуірінде аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, облыстық және аудандық әдістемелік орталық басшылар және аудандық аумақтық инспекциялары басшыларының қатысуымен  Облыстық штаб отырысы өткізілді.

2025 жылдың 20 мамырында Ақтоғай ауданында химиялық өңдеуге жұмылдырылған техникалардың дайындығын пысықтау және шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын уақытылы жүргізу  мақсатында штабтың көшпелі отырысы өткізілді. Жоғарыда аталған ведомства басшылары мен аудан әкімдеріне облыста тұрақты фитосанитарлық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында қабылданатын шаралар бойынша нақты тапсырмалар берілді. Сондай-ақ өңдеуге қатысатын техникалардың дайындығы көрсетілді.

Шекара маңындағы аумақтарда шегіртке зиянкестерін уақтылы анықтау мақсатында көршілес облыстардың 8 облыстық аумақтық инспекциясымен шекара маңындағы аумақтарды бірлесіп тексеру туралы өзара ынтымақтастық келісім шарттары жасалды, аталған келісімдер шеңберінде шекаралас аумақта бірлескен зерттеулер жүргізілді.

«Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» (бұдан әрі – Әдістемелік орталық)  облыстық филиалы мамандарымен 2025 жылы аса қауіпті және қауіпті организмдерге қарсы зерттеу жұмыстары жоспар бойынша 5,4 млн гектар аумақта жүргізілуде.

Фитосанитариялық іс-шараларға келетін болсақ, биылғы жылы облысымызда кең таралған үйірлі шегіртке – итальяндық прусқа қарсы өңдеу жұмыстары 68 400 га аумақ өңделді және  саяқ шегірткелерге мемлекеттік жер қорындағы 34 000 га аумаққа химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Ауыл шаруашылық тауарөндірушілердің қаражаты есебінен ағымдағы жылы аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы барлығы 19 900 гектар алқапқа химиялық өңдеу жоспарланды.

Үйірлі шегіртке итальяндық прусқа қарсы 68 400 гектар аумаққа республикалық бюджет есебінен химиялық өндеу жұмыстары облысымыздың 7 ауданында жүргізілді.

(Абай ауданы – 300 га, Ақтоғай ауданы – 19 100 га, Бұқар Жырау ауданы –
9 100 га, Қарқаралы ауданы – 27 700 га, Нұра ауданы – 1 100 га, Осакаров ауданы – 500 га, Шет ауданы – 10 600 га)

Итальян шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын Республикалық бюджет есебінен «Pest Mosq treatment» ЖШС 9 жер үсті бүріккіш техникалары арқылы жер бетімен 28 500 га алаңда, «Агро СЛА» ЖШС 1 аса жеңіл ұшақ (СП-30) және 1 дельтаплан көмегімен 35 677 га алаңда, «Фитосанитария» РМК 4 пилотсыз ұшу аппараттары (дрон) көмегімен әуе арқылы 4223 га алқапқа техникалардың күндік нормасы және қауіпсіздік шаралары сақтала отырып жүргізілді. Өңдеу жұмыстарына тұтыну нормасы бойынша Ацет 200, Ахиллес, Карат Супер 100, Гунсяо, Имидор, Койра  жалпы көлемі 5341,05 л пестицидтер жұмсалды. Пестицидтердің облыс бойынша биологиялық тиімділігі 92,3% құрады.

Саяқ шегірткеге осы жылы өңдеуге қойылғаны – 83 450 мың.га. Оның ішінде мемжер қоры – 34 000 га, шаруашылық құрылым – 49 450 га. Өңдеу жұмыстары Койра және Диурон препараттарын қолдана отырып «Sarabbi» ЖШС мен  «Карпромснаб» ӨнК аса жеңіл ұшағы көмегімен жүргізілді. Саяқ шегірткеге қарсы жүргізілген өңдеу жұмыстары инспекция мамандарының бақылауында болып, қателіктер мен кемшіліктерге жол берілмеді.

(Абай ауданы –  1 600 га, Ақтоғай ауданы – 6000 га, Бұқар Жырау ауданы –
8 900 га, Қарқаралы ауданы – 6 300 га, Нұра ауданы – 3 200 га, Осакаров ауданы – 2000 га, Шет ауданы – 6000 га)

Қарағанды облысы бойынша қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты 762 субъекті тіркелген. Бүгінгі күнге өсімдіктерді қорғау жөніндегі инспекторларымен аталған субъектілерден айлық және жартыжылдық фитосанитарлық есептіліктері толықтай қабылданып алынды.

Сонымен бірге, шаруашылықтар өз аумақтарында фитосанитариялық мониторингтi жүзеге асыруға және фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзуге міндеттілігі жөнінде БАҚ арқылы, инстаграм, фейсбук әлеуметтік желілерінде тікелей эфир жүргізу, мақалалар жариялау арқылы үгіт-насихат жұмыстарын үздіксіз жүргізіп келеді. Өсімдіктерді қорғау саласы заңнамаларын түсіндіру мақсатында 10 дөңгелек үстел мен агрооқу, 1 құқықтық оқу, 3 семинар, 11 штаб отырысы өткізіліп, 1 мақала шығарылды. Инспекцияның әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында 104 жариялым жүктелді.