«ҚР АШМ АӨК МИК Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» ММ 2025 жылдың 1-жартыжылдығындағы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы ақпарат
«ҚР АШМ АӨК МИК Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» ММ-де мемлекеттік қызметтің 3 түрі көрсетіледі. 2025 жылдың 2 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсетуге 1554 өтінім түсті және 6084 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде мемлекеттік қызметтердің атаулары бойынша:
- Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру – 6084.
- Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу –
- Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалау – 0.
2025 жылдың 6 айында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар саны – 169, оның ішінде барлық 169 бас тарту негізделген.
2025 жылдың 6 айында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында тауар өндірушілерге, жеке және заңды тұлғаларға үнемі түсіндіру іс-шаралары өткізіледі. 2025 жылы 26 дөңгелек үстел мен кеңестер өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында 6 мақала мен Facebook және Instagram әлеуметтік желелерінде 107 жариялым жарияланды.