«ҚР АШМ АӨК МИК Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» ММ 2024 жылдың 9 айында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы ақпарат
«ҚР АШМ АӨК МИК Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» ММ-де мемлекеттік қызметтің 4 түрі көрсетіледі. 2024 жылдың 3 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсетуге 2972 өтінім түсті және 6369 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде мемлекеттік қызметтердің атаулары бойынша:
- Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру – 1560.
- Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру – 4809.
- Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу –
- Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалау – 0.
2024 жылдың 9 айында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар саны – 340, оның ішінде барлық 340 бас тарту негізделген.
2024 жылы белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген 1 мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметті көрсертуден бас тарту мерзімдерін бұзудың 2 фактісі анықталды. Анықталған бұзушылықтар бойынша инспекция басшылығымен тәртіптік жаза түрінде шаралар қабылданды.
2024 жылдың 9 айында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында тауар өндірушілерге, жеке және заңды тұлғаларға үнемі түсіндіру іс-шаралары өткізіледі. 2024 жылы 7 дөңгелек үстел мен кеңестер өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында 4 мақала мен Facebook және Instagram әлеуметтік желелерінде 14 жариялым жарияланды.