2024 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат

Өсімдіктерді қорғау саласы бойынша:

Ағымдағы жылы өсімдіктерді қорғау саласы бойынша айтарлықтай ауқымды шаралар атқарылды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының шегіртке тектес зиянкестерімен күрес жөнінде облыс әкімінің №19ө 2024 жылғы 4 наурыздағы өкімімен Облыстық штаб құрамы бекітілді. Штаб төрағасы облыс әкімінің орынбасары Б.Қ.Асановтың төрағалығымен ағымдағы жылдың 29 сәуірінде аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, облыстық және аудандық әдістемелік орталық басшылар және аудандық аумақтық инспекциялары басшыларының қатысуымен  Облыстық штаб отырысы өткізілді.

2024 жылдың жылдың 11 маусымында Бұқар Жырау ауданында химиялық өңдеуге жұмылдырылған техникалардың дайындығын пысықтау және шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын уақытылы жүргізу  мақсатында штабтың көшпелі отырысы өткізілді. Жоғарыда аталған ведомства басшылары мен аудан әкімдеріне облыста тұрақты фитосанитарлық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында қабылданатын шаралар бойынша нақты тапсырмалар берілді. Сондай-ақ өңдеуге қатысатын техникалардың дайындығы көрсетілді.

Шекара маңындағы аумақтарда шегіртке зиянкестерін уақтылы анықтау мақсатында көршілес облыстардың 8 облыстық аумақтық инспекциясымен шекара маңындағы аумақтарды бірлесіп тексеру туралы өзара ынтымақтастық келісім шарттары жасалды, аталған келісімдер шеңберінде шекаралас аумақта бірлескен зерттеулер жүргізілді.

«Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» (бұдан әрі — Әдістемелік орталық)  облыстық филиалы мамандарымен 2024 жылы аса қауіпті және қауіпті организмдерге қарсы зерттеу жұмыстарын жоспар бойынша 5,4 млн гектар аумақта жүргізілді. Аса қауіпті зиянды организмдерге 4383,3 мың.га, қауіпті организмдерге 942,227 мың.га, оның ішінде шегіртке тектестерге 3041,8 мың.га алқапқа зерттеу жұмыстары аяқталды.

Фитосанитариялық іс-шараларға келетін болсақ, биылғы жылы облысымызда кең таралған үйірлі шегіртке – итальяндық прусқа қарсы 47 980 га  алқапқа және  саяқ шегірткелерге мемлекеттік жер қорындағы 29 820 мың гектар аумаққа химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Ауыл шаруашылық тауарөндірушілердің қаражаты есебінен ағымдағы жылы аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы барлығы 21 400 гектар алқапқа химиялық өңдеу жүргізілді.

Үйірлі шегіртке итальяндық прусқа қарсы 47 980 гектар аумаққа республикалық бюджет есебінен химиялық өндеу жұмыстары облысымыздың 7 ауданында жүргізілді.

(Абай ауданы – 500 га, Ақтоғай ауданы – 3 000 га, Бұқар Жырау ауданы – 11 700 га, Қарқаралы ауданы – 24 200 га, Нұра ауданы – 1 480 га, Осаакров ауданы – 1 000 га, Шет ауданы – 2 100 га)

Итальян шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын Республикалық бюджет есебінен «ЗапКазФумигация» ЖШС 8 жер үсті бүріккіш техникалары арқылы жер бетімен 16 380 га алқап және «Агро СЛА» ЖШС және «AVIASILA» ЖШС 2 аса жеңіл ұшағы көмегімен әуе арқылы 31 600 га алқапқа техникалардың күндік нормасы және қауіпсіздік шаралары сақтала отырып жүргізілді. Өңдеу жұмыстарына тұтыну нормасы бойынша Карат Супер, Тиаметрин, Гунсяо, Эсперо, Койра, жалпы көлемі 3 272 л пестицидтер жұмсалды. Пестицидтердің облыс бойынша биологиялық тиімділігі 93,1% құрады.

Саяқ шегірткеге осы жылы өңдеуге қойылғаны – 112 020 мың.га. Оның ішінде мемжер қоры – 29 820 га, шаруашылық құрылым- 82 200 га. Облыстық бюджетінен 67,5 млн.теңге қаражат қарастырылды. Аталған қаржы жоспарланған аумаққа толық жетпеуі себепті өңдеу жұмыстары мемлекеттік жер қорында жүргізілді.  Өңдеу жұмыстары 29 820 га алаңға Диурон препаратын қолдана отырып «Сандерс» ЖШС 1 аса жеңіл ұшағы көмегімен жүргізілді. Саяқ шегірткеге қарсы жүргізілген өңдеу жұмыстары инспекция мамандарының бақылауында болып, қателіктер мен кемшіліктерге жол берілмеді.

(Абай ауданы –  1 400 га, Ақтоғай ауданы – 5 100 га, Бұқар Жырау ауданы – 7 200 га, Қарқаралы ауданы – 7 440 га, Нұра ауданы – 3 280 га, Осаакров ауданы – 2 400 га, Шет ауданы – 3 000 га)

Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өз қаражаттары есебінен аса қауіпті зиянкестерге қарсы 21 400 га алқапқа химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлармен жыл басынан 10 ұсыным әзірленіп, берілген ұсынымдар бойынша Нұра ауданында аса қауіпті зиянды организм — астықтың сұр көбелегіне қарсы 3 200 га, гессен шыбынына қарсы 2 500 га аумаққа химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Зиянкестерден бөлек, өсімдік аурулары, оның ішінде тат және септориоз ауруларына қарсы 15 700 га аумаққа Бұхар-жырау, Нұра, Осакаров аудандарында өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылдың маусым айында облыс бойынша 2023-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет есебінен 664 дана пайдаланылған пестицидтердің ыдыстары залалсыздандырылды. Залалсыздандыру жұмыстарын Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы өткізген конкурс нәтижесінде анықталған қызмет көрсетуші («Казахстанский оператор по управлению отходами» ЖШС) жүргізді.

Қарағанды облысы бойынша қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты 791 субъекті тіркелген. Бүгінгі күнге өсімдіктерді қорғау жөніндегі инспекторларымен аталған субъектілерден айлық және жартыжылдық фитосанитарлық есептіліктері толықтай қабылданып алынды.

Бақылау субъектілеріне жүргізілген тоқсандық талдау нәтижесі бойынша АШТӨ-не анықталған құқық бұзушылықтарды өз бетінше жою мақсатында 1 ұсыным берілді.

Сонымен бірге, шаруашылықтар өз аумақтарында фитосанитариялық мониторингтi жүзеге асыруға және фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзуге міндеттілігі жөнінде БАҚ арқылы, инстаграм, фейсбук әлеуметтік желілерінде тікелей эфир жүргізу, мақалалар жариялау арқылы үгіт-насихат жұмыстарын үздіксіз жүргізіп келеді. Сала бойынша жыл басынан БАҚ-на 16 мақала және 37 семинар-кеңес, 16 дөңгелек үстелдер,  86 инстаграм посттар жарияланып, 170 хабарламалар таратылған.

Облыс аумағында қауіпті және аса қауіпті зиянкестерге, арамшөптер мен өсімдік ауруларына қарсы күзгі зерттеу жұмыстары нәтижесінде 2025 жылы үйірлі шегірткеге (италияндық прус) – 59 300 га, саяқ шегірткеге – 83 450 га, астықтың сұр көбелегіне – 2 900 га, тат және септориоз ауруларына – 15 300 га аумаққа химиялық өңдеулер жүргізу жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылы облыс бойынша фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жоғары деңгейде жүргізіліп, зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердің қоныстануына, жаппай көбеюіне және өзге облыстардан ұшып келуіне жол берілмеді.

Өсімдіктер карантині саласы бойынша:

Қарағанды облысында «РФДжБӘО» РММ-мен 57661 га (100%) алаңда мониторингтік зерттеулер жүргізілді. (жатаған (қызғылт) укекіре–52497 га, американдық ақ көбелек – 343 га , жұпсыз жібек көбелегі – 670, батыстың гүл трипсі – 2 га, қызанақ күйесі – 80 га, қызанақтың вирустық аурулары – 99 га, картоптың алтын түстес нематодасы – 165 га, картоп рагы гүлдену кезеңінде – 71 га, картоп рагы жинау кезеңінде – 90 га , картоптың Зебра чипі – 60 га, жеміс ағаштарының күйігі – 54 га, қоңыр мәрмәр қандала – 40 га, арамсояу – 3490 га.

2024 жылы карантиндік объектілерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарына жалпы көлемі 155,583 га жоспарланган, жатаған укекіреге қарсы химиялық өңдеуге жататын алаң 155,583 га, оның 75,02 га  мемлекеттік жер қорында, бүгінгі күнге 75,02 га  химиялық өңдеу толықтай  жүргізілді, 80,383 га ауыл шаруашылық субъекті және де басқада жер пайдаланушылар  жерлері оның бүгінгі күнге 79,083 га  химиялық өңдеу  жүргізілсе, 1,3 га жерлерде механикалық тәсілмен өңделді.

Сонымен қатар, мониторингтік зерттеу жұмыстары барысында жаңадан 1439 га жатаған (қызғылт) укекіремен залалданғаны анықталып оның 10,87 га ластанған осыған орай, жатаған (қызғылт) укекіре ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі карантиндік іс-шараларды жүзеге асыру қажеттілігі туралы 2 шаруашылық субъектісіне 2 нұсқама беріліп, 4,75 га жерді  бір шаруа қожалық өз қаражаты есебінен химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізді. Карантидік арамшөп жатаған қызғылт укекірені  жою мақсатындағы химиялық өңдеу жұмыстары  бүгінгі  күнге 96,3 % —  ға орындалды.

Облысымызда мемлекеттік жер қорында анықталған карантиндік объекті жатаған (қызғылт) укекіре ошақтарында Фитосанитария РМК мекемесі Триумф супер гербицидімен химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді, ал ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен жер иелеріне анықталған ошақтарды оқшаулау және жою мақсатында химиялық өңдеу жұмыстарын өткізуді міндеттейтін 90 хабарлама,75  нұсқама, 90 ұсыныс берілді. Оның ішінде 73 нұсқамада көрсетілген 1-інші және 2-інші  химиялық өңдеу орындалып,  облыс бойынша орташа биологиялық тиімділігі 90 % болып тіркелді. Қарқаралы, Ақтоғай аудандарында нұсқамадағы міндеттемені толық орындамағаны және орындамағаны үшін 2 шаруашылыққа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 462 бабының 3 тармағымен хаттамалар  толтырылып, әкімшілік сотпен 516 880 тг айыппұл салынды.

Карантиндік тексеру кезінде карантинге жатқызылған өнімді әкелу (импорттау) кезінде анықталған бұзушылықтардың саны 42 жағдайы анықталды, оның ішінде:

— импорт кезінде жалпы көлемі 160 текше м кесілген ағаш тақтайлардың қара қарағай қоңызының тірі жұлдыз құрттарымен қоныстанған 4 жағдайы анықталды, өнім Ресей Федерациясынан әкелінген;

— импорт кезінде жалпы көлемі 56,99 тонна банандардан карантинді объект- Шығыстың ақ ұнтақ сымыры 2 жағдайы анықталды, өнім Ресей Федерациясынан әкелінген негізгі Эквадор елінен шыққан;

— импорт кезінде 1 жағдай Батыстың гүл трипсі гүл кесінділерінен анықталды, Эквадор елінен шыққан 1050 дана  гүл кесінділерінен (раушангүл)

— импорт кезінде 35 жағдай анықталды ( фитосанитариялық сертификат болмау-1; 14- карантинге жатқызылған өнімді қайта тексеруге ұсынбау; 7 — фитосанитариялық талаптардың бұзылуы, 6 — белгіленген үлгідегі таңбаның болмауы, 7- жол бойындағы қайта бағыттау);

Ресей Федерациясынан қылқан жапырақты ағаш материалдарын әкелу кезінде карантиндік объект қара қарағай қоңызының тірі жұлдыз құрттарымен, Шығыстың ақ ұнтақ сымырымен және Батыстың гүл трипсімен, анықталғаннан кейін материалдар сотқа жіберілді. Сот шешімі бойынша  әкімшілік айыппұлдар салынды. Карантиндік объектіні анықтау фактісі бойынша Нотификация Комитетке уақтылы жіберілді.

Жыл басынан фитосанитариялық сараптама жасау үшін барлығы 4683 үлгілер жіберілген, оның ішінде:

— Қарағанды облыстық карантиндік зертханасына 4244 сынама;

— ШЖҚ «Фитосанитария» РМК 372 сынама;

— Алматы аймақтық карантиндік зертханасына 42 сынама;

— Республикалық  өсімдіктер карантині орталығына – 24 сынама;

— Сарыағаш шекара өткеліндегі карантиндік зертхана – 1 сынама.

Карантинге жатқызылған өнімдерге жүргізілген карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) нәтижесінде 11806 акті берілді. Осы кезеңде шет елдерден 212 945  тн, 103 017 614 дана, 20 427,81 текше метр карантинге жатқызылған өнімдер импортталған және экспортқа 254 576,2 тн,        26 456 769  дана, 549,9 текше метр шығарылды, және транзит бойынша 63 394 659 дана шығарылды. Басқа облыстардан 36770 тн, 609 569 дана,  7679 текше метр әкелінген және басқа облыстарға 55 523 тн, 2 786 632 дана жөнелтілген.

Жыл басынан ҚР «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының талаптарын  бұзған 103 факты анықталып, ол бойынша 14 291 732 тг айыппұл салынды. Оның ішінде 7 900 880 тг құрайтын 95 әкімшілік іс қысқартылған өндірісте қаралды,                                                            2 әкімшілік іс 738400 тг жалпы өндірісте,  6 іс 668252 тг әкімшілік сотында қаралып толық төленді. 2024 жылдың  30 қыркүйегіне 102 әкімшілік іс бойынша 9 252 152 тг төленді.

Өсімдіктер карантині саласының мәселелері бойынша бұқаралық ақпараттық құралдарына 9 мақала мен Facebook және Instagram әлеуметтік желелерінде 34 жариялым жарияланды, сонымен қатар кәсіпкерлер мен басқа да ұйымдардың, әкімшілік өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел және қашықтықтан байланыс арқылы 17 семинар-кеңестер өткізілді, оның:

— «Карантиндік бақылау және қадағалауды жүзеге асыру тәртібі бойынша»- 10;

— «Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша» — 7.