2024 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу бойынша атқарылған шаралар туралы ақпараты

Осы бағытта жұмыстар 2022 жылғы 2 ақпандағы ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас  жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту және ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарының талаптарын ескере отырып 2015-2025 жылдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралардың жоспары бекітілді.

2024 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралары бойынша облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекцияларында 1173 шаралар: 741 құқықтық жалпыға бірдей оқыту, «дөңгелек үстел» үлгісінде 71 шара, 95 семинар-кеңес өткізіліп, бұқаралық ақпараттық құралдарына 266 басылымдар жарияланды. Облыстық аумақтық инспекциясында өсімдіктерді қорғау, өсімдіктер карантині, астық инспекциясы және асыл тұқымды мал шаруашылығы салалары бойынша дәстүрлі семинарларға, біздің бағыттағы заңнамалардың сақталуы жөнінде түсіндірме беретін прокуратураның және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментінің өкілдері міндетті түрде шақырылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және Әдеп кодесінің талаптарын сақтау жөніндегі заңнамасына түсіндіру бойынша Қарағанды облысының кәсіпкерлік палатасының, «Жаңару» жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалыс Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша филиалының өкілдерінің қатысуымен әртүрлі ведомствоның лауазымдық тұлғалармен пара алу фактілері бойынша бейнематериалдарды көрсетуімен семинарлар өткізілді.

ОАИ басшысының 2021 жылғы 6 қаңтардағы  № 4 бұйрығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт бекітілді. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментінің келісімен 01.04.2021 жылғы Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі бойынша Меморандум туралы ашық келісімге қол қою жөніндегі актіге қол қойылды.

Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларымен лауазымдық міндеттемелерді атқару барысында кәсіпкерлік субъектілермен тікелей байланыс болғандықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесінде жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдің аймағы өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік иснпекция бөлімінде табылды. Сондықтан өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік иснпекция бөлімімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзашылық болдырмау бойынша шаралар қолданылды: қызметалушылардың өтінішін қабылдауға және қорытындыларын беруге «бір терезе қағидасы» ұйымдастырылды.Облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекцияларының қызметтеріндегі сыбайлас жемқорлықтарды болдырмауға барлық шараларды қолдану бойынша жұмыс жалғастыруда және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мен құқықтық ағартуына жеткілікті назар аударылуда.

ОАИ басшысының бұйрығымен құрылған арнайы жұмыс тобымен облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекцияларының қызметтеріндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді, оның қорытындылары жөнінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша Мемлекеттік инспекция комитетіне нақтылы ұсыныстар жолданды.

Облыстық, қалалық және аудандық инспекцияларының «Сенім телефондары» бұқаралық ақпараттық құралдарына ай сайын жарияланды. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы ақпараттарымен, жоғарғы органдарының электронды мекен-жайы мен сенім телефондарымен стенділер, сыбайлас жемқорлықтық қарсы бойынша атқарылып жатқан шаралар жөнінде стенділер барлық аумақтық инспекциялардың ғимараттарында орналастырылды, азаматтардың өтініштері мен арыздарына арналған жәщік орнатылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі барлық тапсырмалар (бұйрықтар, хаттар, хаттамалар) айрықша бақылауға және мүлтіксіз орындауға алынады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды алдын алуға арналған өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат ай сайын Мемлекеттік инспекция комитетіне ұсынылады.

2024 жылы облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекцияларының әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар мен қылмыстар орын алған жоқ.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселесі мемлекеттік билік пен қоғам алдында тұрған күрделі мәселе

Сыбайлас жемқорлық елдің әлеуметтік –экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі жасай отырып, қоғамымыздың ең басты қауіп-қатерлерінің бірі болып табылады.
Әдетте, «жемқорлық» мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендететіні, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіретіні белгілі. Қоғамымыздағы азаматтық жауапкершіліктің жағдайына байланысты, жемқорлық мемлекеттің қоғамдық және экономикалық қауіпсіздігіне айтарлықтай қатер төндіріп отыр және ұйымдасқан кылмыстың әлеуметтік басқару мен саяси құрылымдарға енуіне ықпал етуде. Қазіргі таңда мемлекеттің жемқорлықпен күрес функциясын тек құқық қорғау органдарының қызметі аясында қарастыруға болмайды.
Жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтармен күрес, елдегі барлық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ, мемлекет азаматтарының алдына қойылған негізгі мақсаттардың бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі комиссия және жемқорлықпен күрес стратегиясы, қауіпті қатерді жоюды іске асырудағы маңызды құралдардың бірі болып табылды. Қоғамымыздың барлық саласында дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына тосқаул қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі.
Сыбайлас жемқорлық- әлеуметтік қауіпті құбылыс, жемқорлықпен күрес тек қана мемлекеттік құқықтық органдар үлесіндегі іс емес, барша қоғам мәселесі екендігін түсінген кезде ғана жемқорлықпен күресудің жемісі болары анық. Сондықтан, қауіпке қарсы біздер бүкіл қоғам болып бірігіп, нақты әрекет жасап, күресу арқылы ғана оны жеңе аламыз.
Қарағанды облысы бойынша Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялар қызметкерлері тарапынан болған Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларының талаптарын бұзу фактілерін хабарлау үшін «Аймақтар Ақпараты» газетіне сенім телефондары ай-сайын жарияланады. Инспекция ғимаратында көрнекті жерге Инспекция басшысының азаматтарды қабылдау кестесі, шағымдар мен ұсыныстар жәшігі ілінген.
Әр апта сайын өтетін аппараттық отырыста инспекторларға мемлекеттік қызмет көрсету, өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде сыбайлас жемқорлықты тудыратын іс-әрекеттерге бармау туралы қатаң ескертіледі.
Облыстық, қалалық аудандық аумақтық инспекцияларының ақпараттық стенділерінде фитосанитариялық кауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты, өсімдік карантині саласындағы мемлекеттік қызмет регламенті, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша шағымдар мен ұсыныстардың жолданатын мекен-жайлары мен телефондары, кәсіпкердің жадынамасы, аймақтық прокуратуралардағы ұтқыр (мобильдік) топтардың сенім телефондары орналасқан.

Кадр, ұйымдастыру-құқықтық
қамтамасыз ету бөлімінің бас маман А. Сакенов