Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Іргебаев Қытай Халық Республикасының Елшілігі өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін ҚХР нарығына экспорттау мәселелері, соның ішінде фитосанитариялық талаптарды сақтау және қолдану тетіктері талқыланды. Қазақстан тарапы Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасының инспекциялық қызметін жандандырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл Қытайға экспорттауға рұқсат етілген өңірлер мен ауыл шаруашылығы өнімдері түрлерінің тізбесін кеңейтуге мүмкіндік береді. Экспорттық мүмкіндіктердің кеңеюі жеткізілім көлемін арттырып, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететіні айтылды. Отандық компаниялардың өкілдері мен уәкілетті мемлекеттік органдар қолданыстағы рәсімдер аясында инспекцияларды өткізуге және барлық қажетті ақпаратты ұсынуға дайын екендіктерін растады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара түсіністік пен іскерлік ықпалдастықты жалғастыруға мүдделілік […]
ХабарландыруҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларының (ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген) Астана қаласы уақыты (3 жұмыс күні ішінде) 2026 жылғы «5» қаңтардан сағат 9.00-ден «8» қаңтар сағат 18:30-ға дейін жоспарланған ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында, сондай-ақ зум-конференция арқылы «карантиндік фитосанитариялық сараптаманы ақылы негізде жүргізу» бойынша қоғамдық талқылаулар өткізу жоспарлануда екенін хабарлайды. Қоғамдық талқылауға зум-конференция арқылы қатысқысы келетіндерге өз кандидатураларын электрондық мекенжайына жолдауды сұраймыз: aubakirov.r@minagri.gov.kz, байланыс телефондары: +7 (7172) 555-961.
Ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тұжырымдамалық тәсілдеріАуыл шаруашылығы саласы – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, өңірлерді дамытатын және мемлекеттің тұрақты экономикалық өсуіне ықпал ететін негізгі секторлардың бірі.Агроөнеркәсіптік кешеннің тиімділігі басқару процестерінің ашықтығы мен адалдығына тікелей байланысты. Сондықтан саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – құқықтық қана емес, жүйелі және кешенді шешімдерді талап ететін стратегиялық міндет. Превентивтілік қағидаты: алдын алу – басты басымдықСыбайлас жемқорлықтың салдарымен күрескеннен, оның алдын алған әлдеқайда тиімді. Осы бағытта Комитет жемқорлық көріністеріне жағдай туғызатын факторларды жоюға бағытталған алдын алу шараларын кезең-кезеңімен енгізуде. Негізгі тәсілдер: рұқсат беру құжаттарын рәсімдеу, қорытынды беру және мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімдерін барынша цифрландыру; фитосанитариялық бақылаумен байланысты тәуекелі жоғары процестерді міндетті түрде автоматтандыру; адам факторын барынша азайтуға бағытталған ашық және айқын […]
ХабарламаҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларының (ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген) 20-тармағының негізінде Астана қаласы уақыты (3 жұмыс күні ішінде) 2026 жылғы «15» қаңтардан сағат 9.00-ден «19» қаңтар сағат 18:30-ға дейін жоспарланған ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында, сондай-ақ зум-конференция арқылы «Қазақстан Республикасы аумағында карантинге жатқызылған өнімді тасымалдау кезінде карантиндік сертификатты міндетті түрде рәсімдеуді енгізу» бойынша қоғамдық талқылаулар өткізу жоспарлануда екенін хабарлайды. Қоғамдық талқылауға зум-конференция арқылы қатысқысы келетіндерге өз кандидатураларын электрондық мекенжайына жолдауды сұраймыз: tlessova.a@minagri.gov.kz, байланыс телефондары: +7 (7172) 555-941, 87714418324.
Қазақстан және ФАО пестицидтердің денсаулыққа әсері мәселелерін талқыладыБіріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) ұйымдастырған халықаралық кезщесуде пестицидтердің адам денсаулығына әсері және химиялық улануларға ден қоюдың ұлттық жүйелерін нығайту мәселелері талқыланды. Іс-шараға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Венгрия, Швейцария және Өзбекстан өкілдері қатысты. Олар пестицидтерді қолданумен байланысты тәуекелдерді азайтудың заманауи тәсілдерін талқылап, ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен токсикологиялық көмекті дамыту тәжірибесімен алмасты. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Иргибаев Орталық Азия елдеріндегі алғашқылардың бірі саналатын токсикоақпараттық орталықты құру және дамыту тәжірибесін таныстырды. Аталған орталық Шымкент және Қарағанды қалаларында химиялық уланулар кезінде халыққа көмек көрсететін осындай бөлімшелердің ашылуына серпін берді. Орталықтардың жұмысы халықаралық TOXBASE ақпараттық базасын пайдалану арқылы жүзеге асырылады, бұл жедел әрі сапалы […]

