ӨСІМДІКТЕР КАРАНТИНІ ЖӘНЕ ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БЕКЕТТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ 2025 ЖЫЛДЫҢ 1-ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША АҚПАРАТ

Облыс аумағында фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында карантиндік объектілердің таралған ошақтарын анықтау жұмыстары жыл сайын жүргізіледі.

Ағымдағы жылы 57661 гектар алқапқа зерттеу жұмыстары жоспарланған, оның ішінде 55987 гектар карантиндік арамшөптерге, 1135 гектар зиянкестерге, 539 гектар өсімдіктер ауруларына.

Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде карантиндік объектілердің 3 түрі анықталды оның ішінде жатаған укекіре – 36 531,27  га, арам сояу – 18,2 га, теңбіл пепино вирусы  – 3 га. Залалданған алқаптарда облыс әкімінің қаулысымен карантиндік режим енгізіліп, тиісті оқшаулау жою жұмыстары жүргізіледі.

Ағымдағы жылы анықталған карантиндік объекті жатаған укекіреге қарсы 176,083 га гектар ошақтарында химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, бірінші жартыжылдықта 126,5 га өңделді оның 79,12 га мемлекеттік жер қоры, 47,68 га берілген нұсқама арқылы ауыл шаруашылық субъекті және де басқада жер пайдаланушылар  жерлерінде.

Мемлекеттік жер қорында анықталған карантиндік объекті жатаған (қызғылт) укекіре ошақтарында Фитосанитария РМК мекемесімен химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді, ал ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен жер иелеріне анықталған ошақтарды оқшаулау және жою мақсатында химиялық өңдеу жұмыстарын өткізуді міндеттейтін 90 хабарлама,74  нұсқама, 90 ұсыныс берілді.