«ҚР АШМ АӨК МИК Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» ММ 2025 жылдың 9 айында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы ақпарат

«ҚР АШМ АӨК МИК Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» ММ-де мемлекеттік қызметтің 3 түрі көрсетіледі. 2025 жылдың 9 айында мемлекеттік қызмет көрсетуге 2332 өтінім түсті және 8548 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Оның ішінде мемлекеттік қызметтердің атаулары бойынша:

  • Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру – 8548.
  • Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу –
  • Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалау – 0.

2025 жылдың 9 айында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар саны – 214, оның ішінде барлық 214 бас тарту негізделген.

2025 жылдың 9 айында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында тауар өндірушілерге, жеке және заңды тұлғаларға үнемі түсіндіру іс-шаралары өткізіледі. 2025 жылы  38 дөңгелек үстел мен кеңестер өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында 6 мақала мен  Facebook  және Instagram әлеуметтік желелерінде 124 жариялым жарияланды.