2025 жылдың  9 айына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу бойынша атқарылған шаралар туралы ақпараты

2025 жылдың   9 айына сәйкес  сыбайлас жемқорлыққа қарсы және оны алдын алу жөніндегі өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

Осы бағытта жұмыстар 2022 жылғы 2 ақпандағы ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас  жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді.

2025 жылдың 9 айына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралары бойынша облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекцияларында 906 шаралар: 637 құқықтық жалпыға бірдей оқыту, «дөңгелек үстел» үлгісінде 69 шара, 91 семинар-кеңес өткізіліп, бұқаралық ақпараттық құралдарына 109 басылымдар жарияланды. Облыстық аумақтық инспекциясында өсімдіктерді қорғау, өсімдіктер карантині, астық инспекциясы және асыл тұқымды мал шаруашылығы салалары бойынша дәстүрлі семинарларға, біздің бағыттағы заңнамалардың сақталуы жөнінде түсіндірме беретін прокуратураның және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  Қарағанды облысы бойынша департаментінің өкілдері міндетті түрде шақырылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және Әдеп кодесінің талаптарын сақтау жөніндегі заңнамасына түсіндіру бойынша Қарағанды облысының кәсіпкерлік палатасының, «Жаңару» жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалыс Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша филиалының өкілдерінің қатысуымен әртүрлі ведомствоның лауазымдық тұлғалармен пара алу фактілері бойынша бейнематериалдарды көрсетуімен семинарлар өткізілді.

ОАИ басшысының 2021 жылғы 6 қаңтардағы  № 4 бұйрығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт бекітілді. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаментінің келісімен 01.04.2021 жылғы Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі бойынша Меморандум туралы ашық келісімге қол қою жөніндегі актіге қол қойылды.

Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларымен лауазымдық міндеттемелерді атқару барысында кәсіпкерлік субъектілермен тікелей байланыс болғандықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесінде жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдің аймағы өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік иснпекция бөлімінде табылды. Сондықтан өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік иснпекция бөлімімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзашылық болдырмау бойынша шаралар қолданылды: қызметалушылардың өтінішін қабылдауға және қорытындыларын беруге «бір терезе қағидасы» ұйымдастырылды.Облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекцияларының қызметтеріндегі сыбайлас жемқорлықтарды болдырмауға барлық шараларды қолдану бойынша жұмыс жалғастыруда және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мен құқықтық ағартуына жеткілікті назар аударылуда.

ОАИ басшысының бұйрығымен құрылған арнайы жұмыс тобымен облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекцияларының қызметтеріндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді, оның қорытындылары жөнінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша Мемлекеттік инспекция комитетіне нақтылы ұсыныстар жолданды.

Облыстық, қалалық және аудандық инспекцияларының «Сенім телефондары» бұқаралық ақпараттық құралдарына ай сайын жарияланды. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы ақпараттарымен, жоғарғы органдарының электронды мекен-жайы мен сенім телефондарымен стенділер, сыбайлас жемқорлықтық қарсы бойынша атқарылып жатқан шаралар жөнінде стенділер барлық аумақтық инспекциялардың ғимараттарында орналастырылды, азаматтардың өтініштері мен арыздарына арналған жәщік орнатылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі барлық тапсырмалар (бұйрықтар, хаттар, хаттамалар) айрықша бақылауға және мүлтіксіз орындауға алынады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды алдын алуға арналған өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат ай сайын Мемлекеттік инспекция комитетіне ұсынылады.

2025 жылдың 9 айында  облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекцияларының әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар мен қылмыстар орын алған жоқ.