ҚР АШМ АӨК МИК Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясына карантиндік арамшөп – арамсояумен залалданған алқаптың табылғаны туралы ҚР АШМ АӨК МИК «РФД жБӘО» РММ Бұқар жырау аудандық филиалынан келіп түскен дабылдық хабарлама бойынша 10.09.2025ж. өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім шығып, комиссия құрылды. Комиссия тарапынан 12.09.2025ж. бастап жүргізілген тергеп-тексеру барысында Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті автокөлік тас жол бойының 980-985 шақырымдарында карантиндік арамшөп – арамсояудың өсіп тұрғаны анықталды. 22.09.2025ж. тергеп – тексерудің нәтижесі бойынша акт жасалып, «ҚАЖсервис» ЖШС – кәсіпорынына арамшөпты механикалық жолмен жою жөнінде нұсқама берілді.