Әдеп жөніндегі уәкіл

  Лудомания – ғасыр дерті

Бүгін біз алға тартып отырған мәселеміз қоғам дертінің бірі – ойынқұмарлық. Жалпыға түсінікті тілмен айтқанда казино, онлайн казино, компьютерлік ойындар, лотерея және т.б. Алғаш рет Европадан бастау алған бұл ойынды мыңдап емес, миллиондаған адамзат ойнайды. Бірінің баласы, енді бірінің жан жары осы кеселдің жетегіне еріп кеткен. Ащы да болса айтайық, айрандай ұйып отырған отбасының шаңырағын шайқалтып, некелерін бұзуда. Енді бүгін сіздермен осы кеселге адамдар неліктен тәуелділікке ұшырайды және одан арылу жолдарын қарастыратын боламыз. Лудомания, немесе ойынқұмарлық, гэмблинг (лат.тілінен Homo ludens – ойнаушы адам) – «субъекттің өмірінде басым рөл ойнайтын, әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін патологиялық ойынқұмарлық». Аурулардың халықаралық классификациясы бойынша лудомания аурулар тізіміне енгізілді. Олардың адамды қызықтыратын […]

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы.        Мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Қоса беріліп отырған:       1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі;       2) Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ереже бекітілсін.       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 22.02.2022 № 814 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.       Қазақстан Республикасының   Президенті Н. Назарбаев   Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2015 жылғы 29 желтоқсандағы№ 153 ЖарлығыменБЕКІТІЛГЕН        Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің […]