«ҚР АШМ АӨК МИК Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» ММ 2017 жылдың он бір айында атқарған жұмысы туралы Ақпарат
Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімі:
Облысымызбен шектесетін аумақтарда шегіртке зиянкестеріне бірлесе зерттеу жүргізу арқылы олардың таралуын уақытылы анықтау мақсатында, көршілес 9 облыстық аумақтық инспекцияларымен ынтымақтастық келісім-шарттары жасалған.
ОАИ өсімдіктерді қорғау бөлімімен астық дақылдарының ауруларына қарсы күрес шараларын ұйымдастыру жөнінде нұсқаулық дайындалып, облыстық газетке шығарылды, ОАИ сайтына мемлекеттік және ресми тілде шығарылды және ААИ арқылы астық өңдіретін шаруа қожалықтарына жеткізілді.
Аса қауіпті зиянды организдермен күресу шаралары туралы әдістемелер жобалары «РФДжБӘО» РММ облыстық филиалының мамандарымен дайындалып, ауылшаруашылық тауарөндірушілеріне жеткізілді.
Жоспарға сәйкес, Абай, Ақтоғай, Нұра, Жаңаарқа, Осакаров, Шет аудандық аумақтық инспекциялары «РФДжБӘО» РММ облыстық филиалының мамандарымен бірге ауылшаруашылығы тауарөндірушілерімен аса қауіпті зиянды организмдердің таралуы және олармен күресу шаралары бойынша семинар-кеңестер өткізілді.
Саяқ шегірткеге қарсы облыстық бюджет есебінен 11,9 млн тг қаражат бөлінді, болжанған 11,5 мың га аумақтың 9,0 мың га алқабы немесе 78 % өңделді.
Өсімдіктерді қорғау саласы бойынша БАҚ-да 26 мақала жарияланды.
Фитосанитариялық есептілікті тапсырмағаны үшін ӘҚБК 403-1 бабына сәйкес 158830 тг. көлемінде 7 айыппұл және пестицидтерді дұрыс пайдаланбағаны үшін ӘҚБК 377-1 бабына сәйкес 113 450 тг. көлемінде 1 айыппұл салынды.
А.ж. сәуір айының 6, 7, 10 күндерінде Жаңаарқа, Шет аудандарында және облыстық аумақтық инспекциясында «РФДжБӘО» РММ облыстық филиалының мамандарымен бірге 2017 жылы зиянды организдермен күресу бойынша аймақтық семинар-кеңестер өткізілді.
Облыс бойынша тұқым дәрілеуге қатысатын 328 адам дәрігерлік тексеруден өтіп, 345 адам қауіпсіздік техникасы жөнінде қажетті нұсқаулық алды.
Астық дақылдары ауруларының алдын алу мақсатында 92,0 мың тн тұқым дәріленді.
Қалалық бюджеттерден бөлінген қаражатқа ағаш талдардың зиянкесі (жапырақ жемірі) қарсы Приозерск қаласында – 50 га, Сәтбаев қаласында – 52 га, Теміртау қаласында – 90 га, Балқаш қаласында-60 га, Жезқазған қаласында-207,7 га алқап өңделді.
Өсімдіктерді қорғау саласы бойынша 5 ішінара тексерістер жүргізіліп, нәтижесінде ҚР ӘҚБК 377-1 бабына сәйкес 113 450 тг. көлемінде 1 айыппұл салынды.
Республикалық бюджет қаржысынан үйірлі шегірткелерге қарсы болжанған 92,39 мың га алқап толық өңделді. Облыс бойынша химиялық өңдеу жұмыстарының пестицидтердің биологиялық тиімділіктері 91-95% болды.
Астық дақылдарының ауруларына қарсы (тат, септориоз) 323,5 мың га зерттелді. Оның ішінде септориоз аурумен залалданған алқабы 104,2 мың га, өңдеуге жататын алқап 34,4 мың га құрды. Республикалық бюджет есебінен 22,3 мың га алқапқа химиялық өңдеу жұмыстары жасалды. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз қаражаттары есебінен астық дақылдарының ауруларына қарсы (септориоз) Осакаров ауданында 55,13 мың га, Бұқар Жырау ауданында 2,0 мың га, Нұра ауданында 11,2 мың га алқапқа химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізді.
Республикалық бюджет қаржысынан астықтың сұр көбелегіне қарсы болжанған 30,07 мың га алқап толық өңделді.
Үйірлі шегірткелердің (итальяндық прус) шағылысуы мен жұмыртқа салу кезеңіне жоспарланған 2177,561 мың га аумақтың 2177,561 мың га алқабына немесе 100% -на зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеулердің нәтижесі бойынша 2018 жылға 134,82 мың га аумаққа химиялық өңдеу жұмыстары жоспарланды.
Саяқ шегірткелер күбіршектерінің күзгі қоныстануы кезеңіне 7,0 мың га жоспардан бүгінгі күнге 7,0 мың га немесе 100% зерттелді, 2018 жылға болжанған химиялық өңдеу 33,7 мың.га құрайды.
Комитетке жылдық есеп уақытылы және ешқандай ескертусіз тапсырылды.
Өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімі:
Жыл басынан мемлекеттік қызметтерді көрсетуге 5030 өтінім келіп түсті, оның 56 (1,1%) ХҚКО арқылы, 2438 (48,4%) Еgov.kz арқылы және 2726 (54,1%) тікелей аумақтық инспекцияларына келіп түсті. Нәтижесінде 13 804 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 1531 (11%) ХҚКО арқылы, 12 273 (89%) тікелей Инспекцияларда. 17 өтінім бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында 3769 (27,3%) карантиндік және 10035 (72,7%) фитосанитарлық сертификат рәсімделді.
Осы кезеңде 420 974,66 тн, 4 582 475 орын, 75252936 дана, 42013,20 текше метр карантинге жататын жүк облысқа әкелінді және облыстан сыртқа шығарылды. Карантинге жатқызылған өнімдерге жүргізілген тексеру нәтижесінде 12294 карантиндік тексеру актіcі берілді.
Ағымдағы жылдың 11 айында карантинге жатқызылған өнімдерді облыстан 14 мемлекетке экспорттау және 46 мемлекеттен импорттау жүзеге асырылды.
Фитосанитариялық сараптама жасау үшін карантинге жатқызылған өнімдердің «Республикалық дәнді дақылдардың жерсіндіру (интродукциялық) – карантиндік көшеттігі» ММ-не – 52, Қарағанды облыстық карантиндік зертханаға – 1298 сынамалары жолданды.
Жұпсыз жібек көбелегіне және қызғылт укекіреге қарсы республикалық бюджет есебінен өңдеуге жататын 646,55 га жер толық 100 % өңделді. Укекіреге қарсы ауыл шаруашылық субъектілірдің өз қаражаттарымен өңдеуге жататын 220,62 га жердің 207,08 га (93,8%) өңделді. Жергілікті бюджет есебінен өңделуге жататын 33,72 га жер толық (100%) өңделеді.
Өсімдіктер карантині мәселелері жөнінде 31 мақала облыстың БАҚ-да жарияланды және дөңгелек үстел форматында 33 семинар өткізілді.
Жыл басынан анықталған ҚР өсімдіктер карантині заңнамаларының талаптарын бұзған 56 фактінің 56 іс бойынша 3 451 149 тг айыппұл салынды. Ағымдағы жылдың 01 желтоқсанына 44 әкімшілік іс бойынша 2 203 199 тг көлеміндегі айыппұл өндірілді.
Мемлекеттік астық инспекциясы бөлімі:
2017 жылдың 11 айында облыстағы АҚК-нан 51,5 мың тн астық, оның ішінде экспортқа 7,3 мың тн шығарылды.
Облыс бойынша АҚК-да барлығы 48,6 мың тн астық сақталуда, оның ішінде азық-түлік астығы 40,5 мың тн.
ЖАО бірлесіп атқаратын шаралар жоспарын орындау мақсатында, облыстағы АҚК-ның басшылары мен бас есепшілерінің қатысуымен электрондық қолхаттарды ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіміне уақыттылы және сапалы есеп беру керектігін түсіндіру және Қазақстан Республиқасының «Астық туралы» Заңнамасының сақталуы жөнінде семинар-кеңестер өткізілді.
2017 жылдың егін орағының астығын қабылдауға материалдық-техникалық базасының дайындығына және астық қабылдау кәсіпорындарының біліктілік талаптарға сәйкестігіне комиссиялық зерттеу «Осакаровка-Нан» ЖШС, «Ақ Нұра ХПП» ЖШС, «Центрально-Казахстанский элеватор» ЖШС, «Шокай элеваторы» ЖШС-де жүргізілді, дайындығы анықталып, актілерге қол қойылды.
ҚР АШМ хаты негізінде «Продкорпорация» АҚ мемлекеттік астық қорының нақты болуына ЖАО 2 элеваторды бақылаудың өзге де нысандары бойынша тексерісіне қатыстық. Тексерістер бойынша актілер жасалынды, астық жетпеушілік анықталған жоқ.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекциясы:
ҚР АШМ АӨК МИК-не асыл тұқымды мал шаруашылығы саласы бойынша 2016 жылдың және 2017 жылдың І жартыжылдығы және 9 айы есебі тапсырылды.
2017 жылғы 1 желтоқсанға 1687 шаруашылық, оның ішінде 1308 шаруашылық «Сыбаға» бағдарламасы бойынша АСЖ-ге (ИАС) қосылды.
2016 жылғы техник-ұрықтандырушылардың жұмыстарына талдау барысында Нұра ауданы бойынша техник-ұрықтандырушы болып өз қызметтерін уәкілетті органға хабарлама бермей, жұмыс атқарған 17 жеке тұлға анықталып, ҚР «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңының 16-2 бабының 1 тармағын бұзғаны үшін, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық» кодексінің 407 бабының 2 тармағымен әкімшілік іс қозғалып, Нұра аудандық сотына жолданды.
2017 жылғы 1 желтоқсанға 9 жеке тұлғаға айыппұл тағайындау жөнінде сот қаулысы шықты, айыппұл сомасы 204210 тг, сонымен қатар Ақтоғай, Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшыларына 68070 тг айыппұл салынды. 2017 жылғы 01 желтоқсанға 9 айыппұл төленді, сомасы 204210 тг.
2017 жылғы 6, 7 және 10 сәуір аралығында ҚААИ-ның басшылары мен мемлекеттік инспекторлардың қатысуымен асыл тұқымды мал шаруашылығы инспекциясының 2016 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы мен 2017 жылы атқаратын жұмыстары туралы аймақтық семинар-кеңестер өткізілді.
Ірі қара табынын түрлендіру және асыл тұқымды мал бастарын сатып алу барысына бақылау жүргізілуде.
Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі:
001 бағдарламасы бойынша 2016 жылдық және 2017 жылдың І жартыжылдығы теңгерілімі уақытылы және ескертусіз тапсырылды. ОАИ-ының 2017 жылға жеке қаржыландыру жоспары ҚР АШМ-де бекітілді. 2018-2020 жылдардың бюджеттік өтінімі уақытылы және ескертусіз тапсырылды.
2017 жылғы 1 желтоқсанына қаржыландыру жоспарына сәйкес 001 бағдарламасының игерілуі 96 % құрады.
Кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі:
Меморган ОАИ қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі бойынша 2016 жылдың, 2017 жылғы I, IІ және ІІІ тоқсандардың ақпараты жинақталып, Комитетке жіберілді.
ҚР АШМ АӨК МИК мен ҚР Мемқызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне кадр жұмысы жөніндегі 2016 жылдың, 2017 жылғы I, ІІ және ІII тоқсандардың есебі уақытылы тапсырылды және айлық есептер ұсынылды.
Облыстық аумақтық инспекциясының 2017 жылғы, I, ІІ, ІІІ және IV тоқсандардың жоспарлары бекітілді. 2017 жылға жалпыға бірдей құқықтық оқудың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған заңнамаларды түсіндірудің тақырыптық жоспары бекітілді. Жалпыға бірдей құқықтық оқыту бағдарламасы бойынша 32 сабақ өткізілді. ҚР Мемқызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті өкілімен «Б» корпусының әкімшілік мемқызметшілерін аттестаттаудан өткізу мәселелері жөнінде семинар өткізілді. Аттестаттауға жататын 62 әкімшілік мемқызметшілер әңгімелесуден өтіп, нәтижесінде аттестаттау комиссиясы барлығының атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді деген шешім қабылдады.
2017 жылдың он бір айында жоғарғы органдар мен басқа да мекемелерден облыстық аумақтық инспекцияға 1164 құжат келіп түсті, 1424 құжат жоғарғы органдарға, басқа мемлекеттік органдарға, түрлі мекемелерге жіберілді.
2017 жылдың басынан ОАИ қызметкерлерімен 36 аппарат кеңесі өткізілді.ҚР Бас прокуратурасының ҚС және АЕАЖК Қарағанды облысы бойынша басқармасына «EOUL» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі бағдарламасы (жеке және заңды тұлғалардың өтініштері) бойынша 2016 жылдық, 2017 жылғы I, ІІ және IIІ тоқсандық есептері берілді, шаруашылық субъектілерді тексеру бойынша және әкімшілік деректер базасына салыстыру жүргізілді.
ҚААИ-дың 2016 жылы, 2017 жылғы I, ІІ және IIІ тоқсанында атқарған жұмыстарының рейтингісі шығарылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде арнайы стенд және ұсыныстар мен өтініштер үшін жәшік даярланып, көрнекті жерге ілінді. ОАИ басшысының бұйрығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандарты бекітіліп, жауапты тұлға тағайындалды, сонымен қатар ҚР Мемқызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бастамасымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде ашық келісімге косылу бойынша Актіге қол қойылды. ОАИ Веб-сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» арнайы бөлімде тиісті ақпараттар орналастырылды.