2016 жылы атқарған жұмысы туралы ақпарат

Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімі:

  1. Облысымызбен шектесетін аумақтарда шегіртке зиянкестеріне бірлесе зерттеу жүргізу арқылы олардың таралуын уақытылы анықтау мақсатында, көршілес 9 облыстың облыстық аумақтық инспекцияларымен ынтымақтастық келісім-шарттары жасалды.
  2. 2016 жылдың 14 сәуірінде облыстық «Индустриальная Караганда» газетінде ОАИ басшысы К.М.Шушиковтың шегіртке зиянкестерімен күресу шараларының ерекшелігі жайлы сұхбаты шықты.
  3. 2016 жылғы 19 сәуірде ҚААИ-ның басшылары мен мемлекеттік инспекторларының, «РФДжБӘО» РММ-нің аудандық филиалдары  директорларының қатысуымен өсімдіктерді қорғау мәселелері жөнінде облыстық семинар-кеңес өткізілді.
  4. Ауыл шаруашылығы тауарөңдірушілерінде бар арнайы техникалар мен пестицидтердің есебі жүргізілді.
  5. Сала бойынша барлығы 495655 теңгенің 23 айыппұлы салынды. Оның ішінде: ҚР ӘҚБК 403-1 бабына сәйкес облыс бойынша фитосанитариялық есептілікті тапсырмағаны үшін 474445 тенгенің 22 айыппұлы және ҚР ӘҚБК 403-3 бабына сәйкес пестицидтерді сақтау талаптарын сақтамағаны үшін 21 210 теңгенің 1 айыппұлы.
  6. Ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауіпті зиянкестерінің таралуын анықтау мақсатындағы көктемгі-жазғы, жазғы-күзгі және күзгі зерттеулерге бақылау жүргізілді.
  7. Облыс бойынша үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жүргізуге жоспарланған 132,81 мың га алқаптың 112,81 мың га алқабы немесе 85 пайызы өңделді. Бұл жұмыстарды барлығы 23 бүріккіш техника атқарды, оның ішінде: 16 атомайзерлі бүріккіш, 1 аэрозольды генератор, 3 жердегі штангалы бүріккіш және 3 аса жеңіл ұшақ.

    Көрсетілген қызметтерді бағалау актілері Комитетке жіберілді.

    Саяқ шегірткелерге қарсы 39,93 мың гектар алқапта химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 43,0 млн теңге қаражат бөлінді. Қызмет көрсетуші «Авиакомпания Дельта-Юг» ЖШС-нің аса жеңіл ұшағын қолдану арқылы нақты 6,9 мың га алқап өңделді.

    Колорадо қоңызына қарсы ауылшаруашылығы тауарөндірушілері өз есептерінен 2,08 мың га  алқапқа өңдеу жүргізді (республикалық бюджет қаражатынан 2016 жылға өңдеу жоспары 1,25 мың га болған).

    Астық дақылдарының ауруларына қарсы 34,4 мың га алқап химиялық өңдеу жүргізуге жатқызылып, ауылшаруашылығы тауарөндірушілері есептерінен 20,2 мың га (59%) өңдеу жүргізілді.

    Балқаш, Жезқазған, Приозерск, Сәтбаев қалаларында қалалық бюджет есебінен  ағаш-талдардың зиянкестеріне қарсы 331,9 га аумаққа химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

    Астық дақылдары ауруларының алдын алу мақсатында барлық себілген тұқымның 96,3 мың тоннасы дәріленді  немесе 95,6 %.

    Ауыл шаруашылығы дақылдарының 271,3 мың га алқабында арамшөптерге химиялық отау жасалды.

    Республикалық бюджет есебінен 2014-2015 жылдары қолданылған пестицидтердің бос ыдыстары бюджеттік 018-«Пестицидтерді зиянсыздандыру» бағдарламасының аясында жойылды.

    Бөлімнің жылдық есебі Комитетке тапсырылды.

    Өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімі:

    2016 жыл ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуге 4199 өтінім келіп түсті, оның 1296 (30,9%) ХҚКО арқылы, 2885 (68,7%) Еgov.kz арқылы және 18 (0,4%) тікелей аумақтық инспекцияларына келіп түсті. Нәтижесінде 13597 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 12753 (93,8%) ХҚКО арқылы, 844 (6,2%) тікелей Инспекцияларда. 69 өтінім бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында 3475 (26%) карантиндік және 10122 (74%) фитосанитарлық сертификат рәсімделді.

    Жыл ішінде 615862 тонна, 4627819 орын, 22950636 дана, 50778,64 текше метр карантинге жататын жүк облысқа әкелінді және облыстан сыртқа шығарылды. Карантинге жатқызылған өнімдерге жүргізілген тексеру нәтижесінде 10940 карантиндік тексеру актіcі берілді.

    Жыл ішінде карантинге жатқызылған өнімдерді облыстан 30 мемлекетке экспорттау және 48 мемлекеттен импорттау жүзеге асырылды.

    Фитосанитариялық сараптама жасау үшін карантинге жатқызылған өнімдердің «Республикалық карантиндік зертхана» ММ-не – 456, «Республикалық дәнді дақылдардың жерсіндіру (интродукциялық) – карантиндік көшеттігі» ММ-не – 65, Қарағанды облыстық карантин зертханасына – 352 сынамалары жіберілді.

    Қызғылт укекіреге қарсы республикалық бюджет есебінен өңдеуге жататын 526,13 га жер толық 100 % өңделді. Ауыл шаруашылық субъектілерін өз қаражаттарымен өңдеуге жататын 388,41 га жердің 342,41 га (88,2%) өңделді. Жергілікті бюджет есебінен елді мекен аумағында (қала, кент) 16,84 га жерде химиялық, 54,6 га жерде механикалық өңдеу жүргізілді.

    Өсімдіктер карантині мәселелері жөнінде 25 мақала облыстың БАҚ-да жарияланды.

    Қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларында жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін өткізумен айналысатын кәсіпкерлердің қатысуымен өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Стандарттары мен Регламенттерінің талаптарын түсіндіру бойынша «Дөңгелек үстел» форматында 38 іс-шаралар жүргізілді.

    Жыл ішінде анықталған ҚР өсімдіктер карантині заңнамаларының талаптарын бұзған 52 факті бойынша 2863350 теңгеге айыппұл салынды. Оның 1399860 тг көлеміндегі 33 әкімшілік іс қысқартылған өндірісте қаралып, 699930 тг өндірілді. 16 әкімшілік іс жалпы өндіріс түрінде қаралып, 890820 тг көлемінде айыппұл салынды және оның 11 ісі бойынша 636300 тг  өз еркімен төленді. 3 іс құзыреттілікке сай сотпен қаралып, 572670 тг көлемінде айыппұл салу туралы шешімі шығарылды және ол үш шешім бойынша барлық айыппұл толығымен төленді. Барлығы 48 әкімшілік іс бойынша 2651250 тг көлеміндегі айыппұл өндірілді.

    Мемлекеттік астық инспекциясы бөлімі:

    2016 жыл ішінде  облыстағы АҚК-нан 59,7 мың тн астық, оның ішінде экспортқа  18,6  мың тн  шығарылды.

    Облыс бойынша АҚК-да барлығы 52,9 мың тн  астық сақталуда, оның ішінде азық-түлік астығы 46,9  мың тн.   

    2016 жылдың егін орағының астығын қабылдауға материалдық-техникалық базасының дайындығына және астық қабылдау кәсіпорындарының біліктілік талаптарға сәйкестігіне комиссиялық зерттеу «Осакаров-Нан» ЖШС, «Ақ Нұра ХПП» ЖШС, «Центрально-Казахстанский элеватор» ЖШС, «Шокай элеваторы» ЖШС-де жүргізілді, дайындығы анықталды, актілерге қол қойылды.

    Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекциясы:

    ҚР АШМ АӨК МИК-не асыл тұқымды мал шаруашылығы саласы бойынша 2015 жылдың және 2016 жылғы I, II және III тоқсандық есептері тапсырылды, 2016 жылдың есебі дайындалуда.

    2017 жылғы 1 қаңтарға 1881 шаруашылық, оның ішінде  1366 шаруашылық «Сыбаға» бағдарламасы бойынша АСЖ-ге (ИАС) қосылды.

    Асыл тұқымды мал шаруашылығында қолдау бағдарламасы аясында ірі қара малды қолдан ұрықтандыру жұмыстарына талдау барысында, ҚР «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңының 16-2 бабының 7 тармағын бұзған 2 жеке тұлғаға  ҚР ӘҚБК 463 бабының 1 тармағына сәйкес қаңтар-ақпан айында құжаттар толтырылып, сотқа жолданған болатын, соттың қаулысымен 61545 тг. көлемінде 2 айыппұл салынды және маусым айында «Асыл тума-1» ЖШС-гін жоспардан тыс тексеру кезінде, ҚР «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңының 16-2 бабының 5 тармағын бұзғаны анықталып, нәтижесінде аталған заңды тұлғаға ҚР ӘҚБК 407 бабының 1 бөлігінің 4 тармағын басшылыққа алып, 63630 тг айыппұл салынды.     Қыркүйек айында  ҚР «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңының 16 бабының 3 тармағының 1,2 тармақшаларын бұзған үшін, ҚР ӘҚБК 407 бабының 1 бөлігінің 4 тармағын басшылыққа алып, Ақтоғай ауданы «Қызылтас» ШҚ және Нұра ауданы «Кугабаев Н.С.» ШҚ тиісінше 63630 теңгеден айыппұл салынды, айыппұлдар сомасы 127260 теңге.

    Ірі қара табынын түрлендіру және асыл тұқымды мал бастарын сатып алу барысына бақылау жүргізілуде.

    2016 жылғы 19 сәуірде ҚААИ-ның басшылары мен мемлекеттік инспекторлардың қатысуымен асыл тұқымды мал шаруашылығы инспекциясының 2015 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы мен 2016 жылы атқаратын жұмыстары туралы семинар-кеңес өтті.

    Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу  бөлімі:

    001 бағдарламасы бойынша 2015 жылдық, 2016 жылғы I жартыжылдығының теңгерілімі уақытылы және ескертусіз тапсырылды. ОАИ-ының 2016 жылға жеке қаржыландыру жоспары ҚР АШМ-де бекітілді. 2017-2019 жылдарға бюджеттік өтінімі уақытылы және ескертусіз тапсырылды.

    2017 жылғы 1 қаңтарына қаржыландыру жоспарына сәйкес 001 бағдарламасының  игерілуі  100 % құрады.

    Кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі:

    Мемлекеттік орган ОАИ қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі бойынша 2015 жылдың және 2016 жылғы I, II, ІІІ тоқсанның ақпараты жинақталып, Комитетке жіберілді.

    ҚР АШМ АӨК МИК мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне кадр жұмысы жөніндегі 2015 жылдық, 2016 жылғы I, II, ІІІ, IV тоқсандық есеп уақытылы тапсырылды және айлық есептер ұсынылды.

    Облыстық аумақтық инспекциясының 2016 жылғы және I, II, III, ІV тоқсанның жоспарлары бекітілді. 2016 жылға жалпыға бірдей құқықтық оқудың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған заңнамаларды түсіндірудің тақырыптық жоспары бекітілді. Жалпыға бірдей құқықтық оқыту бағдарламасы бойынша 24 сабақ өткізілді және ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің облыстық департаменті, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының облыстық департаментінің өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, мемлекеттік қызмет туралы жаңадан қабылданған заңнамаларды түсіндіру және Әдеп кодексінің нормаларын сақтау жөнінде семинарлар және құқықтық сабақтар өткізілді.

    2016 жылдың он екі айында жоғарғы органдар мен басқа да мекемелерден  облыстық аумақтық инспекцияға 1019 құжат келіп түсті, 1767 құжат жоғарғы органдарға, басқа мемлекеттік органдарға, түрлі мекемелерге жіберілді.

    2016 жылдың басынан  ОАИ қызметкерлерімен 34 аппарат кеңесі өткізілді.

    2015 жылдық, 2016 жылғы I жарты жылдық және 9 айлық есеп ҚР Бас прокуратурасының ҚС және АЕАЖК Қарағанды облысы бойынша басқармасына «EOUL» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі бағдарламасы (жеке және заңды тұлғалардың өтініштері) бойынша берілді және 2015 жылы және 2016 жылғы I, II, ІІІ тоқсанында шаруашылық субъектілерді тексеру мен әкімшілік деректер базасына салыстыру жүргізілді.

    ҚААИ-дың 2015 жылы, 2016 жылғы 1 тоқсанында, I жарты жылдығында және 9 айында атқарған жұмыстарының рейтингісі шығарылды.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жөнінде арнайы стенд және ұсыныстар мен өтініштер үшін жәшік даярланып, көрнекті жерге ілінді. ОАИ Веб-сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» арнайы бөлімі ашылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған жоспардың орындалысы туралы ақпарат ҚР АШМ АӨК МИК-не тоқсан сайын ұсынылды.