
ҚР АШМ АӨК МИК Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясына карантиндік арамшөп – арамсояумен залалданған алқаптың табылғаны туралы ҚР АШМ АӨК МИК «РФД жБӘО» РММ Ақтоғай аудандық филиалынан келіп түскен дабылдық хабарлама бойынша 29.08.2025ж. өсімдіктер карантині саласында тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім шығып, комиссия құрылды. Комиссия тарапынан 17.09.2025ж. жүргізілген тергеп-тексеру барысында Приозерск қаласы Достық көшесінде орналасқан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға қойылған ескерткіш маңы, елді-мекен жерлерінде карантиндік арамшөп – арамсояудың жаңа ошақтары өсіп тұрғанаы нақтыланып, тергеп – тексерудің нәтижесі бойынша акт жасалып, Приозерск қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне арамшөпты механикалық жолмен жою жөнінде нұсқама берілді.