Мемлекеттік инспекция комитетінде астық резервтерінің сақталуын бақылау мәселелері талқыланды

ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінде реттеушілік әсерді талдау рәсімі шеңберінде астықтың резервтік қоры мен жемдік қорының сандық-сапалық сақталуына мемлекеттік бақылауды енгізу мәселесі бойынша қоғамдық талқылау өтті. Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ, «Атамекен» ҰКП, салалық қауымдастықтардың және астық қабылдау кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Кездесу барысында функциялары бұған дейін жергілікті атқарушы органдарға берілген астық инспекциясының қолданыстағы жүйесінің тиімділігі мәселелері қаралды. Заңнамадағы өзгерістерге байланысты бүгінгі таңда стратегиялық қорлардың сақталуына кешенді бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін толыққанды тетіктердің жоқтығы атап өтілді. Осыған байланысты салалық заңнамада мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту және әкімдіктерге тиісті өкілеттіктер беру ұсынылады. Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар астық резервтерінің сақталуына мемлекеттік бақылау тетіктерін жетілдіру қажеттілігін […]

Шығыс Қазақстан облысындағы фитосанитариялық бақылау бекеттерінің жұмысы тексерілді

ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сәкен Қаныбеков «Уба» және «Майқапшағай» фитосанитариялық бақылау бекеттерінің жұмысын тексерді. Тексеру барысында ол бекеттер жұмысының ұйымдастырылуымен, карантиндік бақылауға жататын өнімге фитосанитариялық бақылау мен тексеру жүргізу тәртібімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына карантиндік объектілердің әкелінуі мен таралуының алдын алу шараларымен танысты. Фитосанитариялық заңнама талаптарының сақталуына, бақылау іс-шараларының сапасына, бекеттердің техникалық жарақтандырылуына және мамандар жұмысының ұйымдастырылуына баса мән берілді. Сондай-ақ ағымдағы жылдың жеті айындағы фитосанитариялық бақылау бекеттері қызметінің қорытындылары сараланды. 2026 жылғы 1 қаңтар мен 1 тамыз аралығында «Уба» фитосанитариялық бақылау бекеті арқылы жалпы көлемі 75 994 тонна карантиндік өнім тиелген 3 060 жүк автокөлігі өтті. Осы кезеңде «Майқапшағай» фитосанитариялық бақылау бекеті арқылы жалпы көлемі […]

Абай облысында Ресей Федерациясынан карантиндік ағаш материалының әкелінуіне тосқауыл қойылды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық инспекциясының инспекторлары қауіпті карантиндік нысанмен залалданған ағаш өнімдерін өткізу әрекетінің жолын кесті. Ресей Федерациясынан Семей қаласына әкелінген көлемі 58,2 текше метр қылқан жапырақты дөңгелек ағаш материалына (қарағайға) жүргізілген қайталама карантиндік фитосанитариялық тексеру барысында қарағайдың қара мұртты қоңызының (Monochamus galloprovincialis) дернәсілдері анықталды. Бұл – аса қауіпті карантиндік зиянкес. Аталған құқық бұзушылыққа байланысты мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 400-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады. Іс материалдары мәні бойынша қарау және тиісті процестік шешім қабылдау үшін Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотына жолданды. Ауыл шаруашылығы министрлігі карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу […]

Елімізде үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес шаралары толығымен аяқталды

Бүгін ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сәкен Қаныбеков Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөз сөйледі. Ол өз сөзінде елдің бүкіл аумағында үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес шараларының толық аяқталғанын хабарлады. Химиялық өңдеу жұмыстары 1,8 млн гектар алқапта оңтайлы мерзімде әрі жоғары сапамен жүргізілді, бұл ауыл шаруашылығы дақылдары егістіктерінің зақымдануының алдын алуға толық мүмкіндік берді. Қорғау шараларына 556 бірлік арнайы бүріккіш техника тартылды — бұл өткен жылғы көрсеткіштен 25%-ға артық. Зерттеп-қарау шараларына 3,5 мыңға жуық маман қатысып, фитосанитариялық мониторингті айтарлықтай күшейтті. Өңдеу жұмыстары үшін биологиялық тиімділігі жоғары пестицидтер қолданылды, ал азаматтармен жедел байланыс орнату үшін арнайы call-орталық пен Telegram-канал жұмыс істеді. Өңірлердегі үйлестіруді тұрақты […]

Нидерланд пен Армениядан әкелінген карантиндік зиянкеспен залалданған өнімдер Қазақстанға кіргізілмеді

Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің мемлекеттік инспекторлары «Алматы халықаралық әуежайы» фитосанитариялық бақылау бекетінде қауіпті карантиндік зиянкес – батыс гүл трипсімен залалданған импорттық өнімдерді ел аумағына кіргізуге жол бермеді. Қауіпті зиянкес Нидерланд Корольдігінен жеткізілген салат көктері партиясынан, сондай-ақ Армения Республикасынан әкелінген 600 дана кесілген гүлден анықталды. Аталған өнім иелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 400-бабының 2-бөлігіне («Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзу») сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Материалдар процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстанның Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттерінде фитосанитариялық бақылауды күшейту жұмыстарын жалғастыруда. Қолға алынған шаралар аса қауіпті карантиндік объектілердің еліміздің аумағына кіргізілуі мен таралуының […]

Жаңалықтар

Не найдено.

Извините, но по Вашему запросу ничего не было найдено.