Қытайға астық өнімдерін экспорттау бойынша ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті ҚХР Бас кеден басқармасының өкілдерімен қазақстандық кәсіпорындарға бірлескен инспекция жүргізу, сондай-ақ бидай мен арпа бойынша Қазақстан өңірлерін кеңейту мәселелері бойынша бейнеконференция форматында қатысты.

Бейнеконференция барысында тараптар Қазақстаннан Қытайға астық экспорттау саласындағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады. Қазақстандық кәсіпорындардың тізбесін инспекциялау және жаңарту, сондай-ақ астық жүктерін бақылау мен өткізуге қатысты жекелеген рәсімдік мәселелер қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылды жалғастыру және көтерілген мәселелерді жұмыс тәртібінде одан әрі пысықтау туралы уағдаласты.

Комментарии закрыты.