Жаңалықтар

Биылғы жылдың басынан бері ҚХР шекарасында 113 тоннадан астам бақылаудағы өнімнің заңсыз әкелінуінің жолы кесілді

Ағымдағы жылы Жетісу облысы Панфилов ауданындағы «Нұр Жолы» ветеринариялық бақылау бекетінде Қытай Халық Республикасынан әкелінетін және транзитпен өтетін жүктерді тексеру кезінде ветеринариялық заңнаманы бұзу бойынша 7 дерек анықталып, жолы кесілді. Тексеру барысында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы инспекторлары жалпы көлемі 113 тоннадан астам өнімді тоқтатты, оның ішінде 66,4 тонна мұздатылған тауық сұлы еті, 46,8 тонна үйрек еті, 22 тонна балыққа арналған жем бар. Аталған тауарлардың импорты мен транзиті ҚХР-дан құс шаруашылығы өнімдеріне қатысты елімізде енгізілген қолданыстағы уақытша ветеринариялық шектеулерді бұзғаны анықталды. Осы дерек бойынша 2 жеке және 4 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазақстан заңнамасына және ЕАЭО-ның нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес, өнімдер жоюға болатын, қауіпсіз емес деп […]

Қытайдан әкелінген 39 тоннадан астам залалданған шабдалы мен сәбіз шекарадан өткізілмеді

«Нұр Жолы» фитосанитариялық бақылау бекетінде АӨК-тегі Мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Қытай Халық Республикасынан еліміздің аумағына ірі көлемдегі карантиндік өнімдерді кіргізу әрекетінің жолын кесті. Мұқият тексеру мен зертханалық сараптама барысында жалпы салмағы 39,52 тоннаны құрайтын екі бірдей жүк легінен қауіпті зиянкестер анықталды. Атап айтқанда, салмағы 19 тонна шабдалы партиясынан карантиндік нысан шығыс жеміс жемірі табылды. Ал салмағы 20 тонна сәбіз партиясынан алтын түсті картоп нематодасы анықталды.Өсімдіктер карантині саласындағы халықаралық және ұлттық заңнама талаптарына сәйкес, залалданған өнімдердің барлығы жедел кері қайтарылды(ҚХР). Жүктің иелеріне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Аталған карантиндік нысандар ел аумағына кірген жағдайда азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдерін шығындауы мүмкін. Экологиялық және […]

Қазақстанда шегіртке зиянкестеріне қарсы 954 мың гектар өңделді

Өңірлерде шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда. 11 маусымдағы жағдай бойынша 954 мың гектар немесе болжанған аумақтың 43%-ы өңделді.Егін алқаптарын қорғау жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда, барлық қажетті шаралар уақтылы әрі толық көлемде қолға алынуда. Жалпы алғанда, биыл 2,2 млн гектар жерді өңдеу жоспарланған, 2024 жылмен салыстырғанда 30%-ға аз. Бұл Үкіметтің қолдауымен жүргізілген кешенді жұмыстардың және өсімдіктерді қорғау жүйесіндегі елеулі өзгерістердің нәтижесі. Атап айтқанда, қызметтерді сатып алудың бірыңғай жүйесі енгізіліп, үдерістер орталықтандырылып, бюджет қаражатын пайдалану тиімділігі артты. Желдеткіш бүріккіштердің өнімділік нормалары қайта қаралып, көрсеткіш 100 гектардан 70 гектарға дейін төмендетілді. Бұл тартылған техниканың санын 556 бірлікке арттыруға мүмкіндік берді, яғни 2025 жылмен салыстырғанда 25%-ға көп. Сонымен қатар, фитосанитариялық қызметтің техникалық […]

Қазақстанда шегіртке зиянкестеріне қарсы 700 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқабы өңделді

Қазақстанда үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғау науқаны жалғасуда. Бүгінгі таңда қорғаныс шаралары еліміздің 13 өңірінде жүргізілуде. Өңірлер қажетті техникамен, химиялық препараттармен және өзге де материалдық-техникалық ресурстармен толық қамтамасыз етілген. Жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында 700 мың гектар жер химиялық өңдеуден өткізілді, бұл жоспарланған 2,2 млн гектар көлемнің 31,8%-ын құрайды. Өңдеу жұмыстарын жүргізуге 236 бірлік мамандандырылған бүрку техникасы жұмылдырылды. Жұмыстардың орындалу қарқыны Түркістан, Жамбыл және Ұлытау облыстарында жоғары деңгейде байқалуда. Мониторинг нәтижелері бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдану деректері тіркелген жоқ. Республика аумағында үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы мониторингтік зерттеулер мен химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда.

Қазақстанда зиянкестерді нақты уақыт режимінде болжауға мүмкіндік беретін «ақылды» цифрлық мониторинг жүйесі енгізілуде

Қазақстанда алғаш рет зияткерлік феромондық тұзақтар мен цифрлық болжау элементтеріне негізделген өсімдіктерді қорғау жүйесі іске қосылды. Бұл технология Алматы облысындағы «Диқан» шаруа қожалығының алма бағында енгізілуде. Жоба қытайлық серіктестермен бірлесіп, Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты тарапынан жүзеге асырылып жатыр. Жүйе зиянкестердің пайда болуын нақты уақыт режимінде тіркеп қана қоймай, фитосанитариялық болжау жүргізуге негіз қалыптастырады. Зияткерлік тұзақтардан алынған мәліметтер автоматты түрде онлайн режимде жіберіліп, зиянкестер таралуы қарқынын бақылауға және цифрлық модельдер негізінде жағдайдың даму барысын болжауға мүмкіндік береді. Бұл фитосанитариялық тәуекелдерді басқаруда қорғаныс шараларын кейіннен қолдану тәсілінен алдын ала әрекет ету жүйесіне көшуге жағдай жасайды. Соның нәтижесінде қорғау іс-шараларын жүргізудің мерзімі мен қажеттілігі дәлірек анықталады. Цифрлық […]

Ел аумағына 200 тоннадан астам бүлінген астықты кіргізуге тосқауыл қойылды

ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекцияларының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары фитосанитариялық бақылау жүргізу барысында елімізге залалданған ірі көлемдегі карантиндік өнімдерді әкелу әрекетінің жолын кесті. Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында Ресейден карантиндік және фитосанитариялық қауіпсіздік талаптарын сақтамаған 200 тоннадан астам азық-түлік астығы — бидай мен арпа анықталды. Импортталған өнімдерден қауіпті карантиндік нысандар, атап айтқанда үш тілімді ойраншөп, жатаған кекіре (қызғылт) және арамсояу анықталды. Инспекторлар жедел шараларының арқасында жүктің 128 тоннадан астам бөлігі экспорттаушы елге кері қайтарылды.Өнім иелеріне әкімшілік хаттамалар толтырылды. Іс материалдары қолданыстағы ҚР заңнамасына сәйкес кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін сот органдарына жолданды. Министрлік еліміздің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы мен Қазақстан экожүйесіне қауіп […]

Астанада ЕАЭО-ның фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар жүйесіне цифрландыру мен жасанды интеллект енгізу мәселелері сарапқа салынды

V Еуразиялық экономикалық форум аясында санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар саласына цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізу мәселелеріне арналған панельдік сессия өтті. Іс-шара Еуразиялық экономикалық комиссиясы, Қазақстанның Ауыл шаруашылығы мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктері бірлесіп ұйымдастырды. Сессия жұмысына Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы, Россельхознадзор, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, «Кодекс Алиментариус» комиссиясы және Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) өкілдері қатысты. Негізінен ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясында кедергісіз сауда жүргізуге қолайлы жағдай қалыптастыру тақырыптарына айрықша назар аударылды. Қатысушылар санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар саласындағы цифрлық құралдарды дамыту бойынша халықаралық және ұлттық стратегиялық жаңашылдықтарды таныстырды. Пікірталас барысында сарапшылар заманауи цифрлық технологияларсыз ЕАЭО […]

Қазақстанда шегірткеге қарсы 480 мың гектарға жуық жер өңделді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы алқаптарын шегіртке зиянкестерінен қорғау бағытындағы жоспарлы жұмыстарды жалғастыруда. Бүгінгі таңда үйірлі шегіртке түрлеріне қарсы химиялық өңдеу 480 мың гектар аумақта жүргізілді. Қорғаныс шаралары 12 өңірде арнайы жерүсті техникасын, ұшқышсыз ұшу аппараттарын және авиацияны пайдалану арқылы жүзеге асырылуда. Өңдеу жұмыстары көлеміне қарай Түркістан облысында (291,2 мың га), Жамбыл облысында (116 мың га), Ақтөбе облысында (35,6 мың га) және Жетісу облысында (17,3 мың га) орындалды. Қалған өңірлерде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы аумақтық инспекция мамандары «Фитосанитариялық диагностика және болжамдардың республикалық әдістемелік орталығы» мекесімен бірлесіп, зиянкестердің таралу ошақтарын уақтылы анықтау мақсатында ауыл шаруашылығы алқаптарына мониторинг пен тексеру жұмыстарын жалғастыруда.Барлық өңірлер қорғаныс шараларын толық көлемде жүргізу үшін қажетті пестицидтер қоры […]

Өзбекстаннан әкелінген залалданған шырайгүл импортына тосқауыл қойылды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы залалданған өнімді тасымалдау фактісін анықтады. Фитосанитарлық бақылау барысында Өзбекстан Республикасының Ташкент облысынан Қазақстан аумағына карантиндік нысан — арамсояумен залалданған 5100-ден астам шырайгүл гүлі әкелінгені белгілі болды. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес өнімді кері қайтару туралы акт рәсімделіп, залалданған гүлдер кері қайтарылды. Қабылданып жатқан шаралар ел аумағына карантиндік зиянды организмдердің жеткізілуі мен таралуының алдын алуға, фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғауға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (әрі қарай – Комитет) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес 2025 жылғы 1 маусымнан  2026 жылғы 13 шілде аралығында Комитеттің қызметіндегі  келесі бағыттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізуді жоспарлағанын хабарлайды: 1)  талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 2)  талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Ішкі талдаудың қамтылу кезеңі – 2025 жылдың 1 маусымнан бастап 2026 жылдың 31 мамырына дейін. Ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас […]