Жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей шегіртке зиянкестерімен күресу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қояды

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы екіжақты іс-қимыл аясында шекаралас аумақтарда шегіртке зиянкестерінің таралуын болдырмау мақсатында 2026 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеу және оған қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Мұндай шешім ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті мен РФ АШМ өкілдерінің қатысуымен өткен кеңес қорытындысы бойынша қабылданды. Жиын барысында ағымдағы фитосанитариялық жағдай мәселелері, сондай-ақ мониторинг жүргізу, үйірлі шегірткелерінің ошақтарын дер кезінде анықтау және қорғау шараларын жүзеге асыру бағытындағы өзара іс-қимылды күшейту тетіктері қаралды. Екі елдің бейінді қызметтерінің жұмысын үйлестіруге және вегетациялық кезеңде жедел ақпарат алмасуды ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жоспарды іске асыру тараптар іс-қимылдарының үйлесімділігін қамтамасыз етуге, жүргізілетін қорғау шараларының тиімділігін арттыруға, шегіртке зиянкестерінің таралу қаупін барынша […]

Қазақстанға үшінші елдерден карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу кезінде 145 заңбұзушылық анықталды

2026 жылдың басынан бері ҚР АШМ АӨК-тегі мемлекеттік инспекторлар өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарының бұзылуы бойынша үшінші елдерден еліміз аумағына карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу кезінде 145 деректі анықтады. Карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу барысында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімдерді әкелу әрекеттерінің жолы кесілді. Заңбұзушылықтардың негізгі себептері фитосанитариялық сертификаттардың болмауы, карантиндік объектілердің анықталуы, сондай-ақ белгіленген фитосанитариялық нормалардың сақталмауы болды. Тексерулер қорытындысы бойынша өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы бұзуға жол берген тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жүргізіліп жатқан жұмыс елдің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, карантиндік объектілердің енуі мен таралуының алдын алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісін қорғауға бағытталған.

Қазақстан ФАО-ның фитосанитариялық қауіпсіздік мәселелері бойынша 20-сессиясына қатысты

Food and Agriculture Organization (ФАО) штаб-пәтерінде фитосанитариялық қауіпсіздік мәселелері мен өсімдіктерді қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға арналған 20-сессия өтті. Қазақстан атынан іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Саят Сақмолдин қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – өсімдік өнімдерін қорғауды күшейтуге бағытталған шараларды талқылау және тиісті шешімдер қабылдау. Қатысушы елдердің өкілдері Халықаралық фитосанитариялық шаралар стандарттарын әзірлеу және жетілдіру мәселелерін қарастырды. Оның ішінде қолданыстағы стандарттарды қайта қарау жобалары мен жаңа қосымшаларды әзірлеу мәселелері талқыланды. Саят Сақмолдин Қазақстанның бұл сессияға қатысуы елдегі фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін одан әрі дамыту үшін маңызды екенін атап өтті. «Халықаралық ынтымақтастық ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз етуде және өсімдік өнімдерінің қауіпсіз саудасын дамытуда маңызды рөл […]

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту шаралары талқыланды

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінде С. Қаныбековтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге арналған жиын өтті. Кездесу қорытындысы бойынша бейнебақылау жүйелерінің мониторингін күшейту және анықталған барлық фактілер бойынша жедел шаралар қабылдау тапсырылды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес жауапкершілік қарастырылғаны, ал кінәлі тұлғалардың тікелей басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылатыны ерекше атап өтілді.

Фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Ауыл шаруашылығы министрлігінде Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өкілдері мен аумақтық инспекциялардың қатысуымен фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне арналған кеңес өтті. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы фитосанитариялық қауіпсіздік – аграрлық сектордың тұрақты дамуына және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей әсер ететін стратегиялық бағыттардың бірі екенін атап өтті. Кеңес барысында шегірткеге қарсы күрес шараларын жүргізуге дайындық мәселелері қаралды. Атап айтқанда, жоспарланған химиялық өңдеулер көлемі, арнайы техниканың дайындық жағдайы, жұмыртқа қабаттарын анықтау және қазу жұмыстарын жүргізу мерзімдері, сондай-ақ зиянкестердің таралуын жүйелі бақылау жүйесін ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Осы жылдың болжамына сәйкес, шоғырланған шегірткеге қарсы химиялық өңдеулер жүргізілетін алаң көлемі 2,2 млн га болады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 0,5 млн га кем.Жоспар бойынша […]

19 тонна алмұрт фитосанитарлық сертификаттың болмауына байланысты Бельгияға кері қайтарылды

Маңғыстау облысының Құрық портына Бельгия Корольдігінен жалпы салмағы 19,2 тоннаны құрайтын карантинге жатқызылған өнім — алмұрт партиясы келді. Құжаттық тексеру барысында өнімнің Қазақстан аумағына мемлекеттік шекара арқылы өткізу кезінде міндетті болып табылатын фитосанитарлық сертификатсыз әкелінгені анықталды. Өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына байланысты импорттаушыға әкімшілік айыппұл салынып, өнім партиясын экспорттаушы ел — Бельгияға кері қайтару туралы акт ресімделді. ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті фитосанитарлық талаптарды сақтау өсімдік шаруашылығы өнімдерінің халықаралық саудасындағы міндетті шарт екенін және ел аумағына карантиндік нысандардың енуі мен таралуын болдырмауға бағытталғанын еске салады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қозғалысын цифрландыру мәселелері қаралды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының төрағалығымен ақпараттық жүйелерді интеграциялау және бақылаудағы ауыл шаруашылығы өнімдері мен өсімдіктерді қорғау құралдарының (ӨҚҚ) қозғалысын бақылауды жетілдіру мәселелеріне арналған ведомствоаралық кеңес өтті. Кеңеске Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, ҰҚК Шекара қызметінің, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Кездесу барысында мемлекеттік шекараны кесіп өту кезіндегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. Жүктердің өтуін жеделдетумен қатар ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі, кеден органдары және шекаралық бақылау рәсімдерін үйлестіруге ерекше назар аударылды. Өсімдіктерді қорғау құралдарын әкелу, айналымы және тасымалдануын бақылауды күшейту шаралары жеке блок ретінде талқыланды. Қатысушылар ӨҚҚ айналымының […]

Жыл басынан бері ЕАЭО елдерінен әкелінген карантиндік өнімдер бойынша 121 заңбұзушылық анықталды

2026 жылғы қаңтар айында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдік карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден Қазақстан аумағына карантиндік өнімдерді әкелу кезінде өсімдік карантині саласында 121 заң бұзушылық анықтады. Карантиндік фитосанитариялық тексеру жүргізу барысында белгіленген фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмейтін карантиндік өнімдерді әкелу деректерінің жолы кесілді.Негізгі себептері фитосанитариялық сертификаттың болмауы, ұсынылған құжаттардың талапқа сай келмеуі, таңбалаудың жоқтығы, сондай-ақ өнімді қайталама тексеруге ұсынбау. Нақтылап айтқанда, 85 оқиға бойынша карантиндік өнім қайталама тексеруге ұсынылмаған, 11 дерек бойынша фитосанитариялық талаптар бұзылған, сондай-ақ фитосанитариялық сертификат талапқа свй емес, сонымен қатар, карантиндік нысандар анықталды және өзге де заңбұзушылықтар тіркелді. Заңды талапты бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы […]

Эквадордан келген гүл партиясынан батыс гүл трипсі анықталды

«Сарыарқа» халықаралық әуежайының фитосанитариялық бақылау бекетінде Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы карантинге жатқызылған өнімді импорттау кезінде бақылау және қадағалау жұмыстарын жүргізу барысында фитосанитариялық талаптарға қайшы әрекеттерді анықтады. Бақылау іс-шаралары аясында Эквадор Республикасынан келген раушан гүлдерінен сынамалар алынды.Жалпы көлемі 50 695 дана. «Фитосанитария» РМК Қарағанды облыстық филиалының сараптама қорытындысына сәйкес, гүлдердің бір бөлігінен карантиндік нысан — батыс гүл трипсі табылып, әкімшілік іс қозғалды. Материалдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. ҚР АШМ МИК сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға ел аумағына карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу кезінде фитосанитариялық заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

ЕАЭС елдері фитосанитариялық реттеу саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алаңында Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының отырысы өтті. Кездесудің негізгі күн тәртібі фитосанитариялық реттеу саласындағы өзара іс-қимылды нығайту және Одақтың ішкі нарығында айналымдағы өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды. Кездесу қорытындысы бойынша жұмыс тобы «бестік» елдері ведомстволарының арасындағы тығыз үйлестірудің маңыздылығын растады. Келісілген тәсілдер Одақ ішіндегі тауар айналымын жеделдетіп қана қоймай, фитосанитариялық қауіпсіздіктің бірыңғай стандарттарының сақталуына кепілдік береді. Алдынғы жұмыс өзара іс-қимылды цифрландыруға және халықаралық сауданың қазіргі заманғы сын-қатерлерін ескере отырып, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді өзектендіруге бағытталатын болады.