Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Комитеттің І Спартакиадасы өз мәресіне жетті

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің І Спартакиадасының салтанатты жабылу және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара барысында спорттық жарыстарда үздік нәтиже көрсеткен қызметкерлер марапатталды.

Спартакиаданың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, ұжымдық бірлікті нығайту және қызметкерлер арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту болды.

Жарыс қорытындысы бойынша:
• І орын – Абай облысы мен Шығыс Қазақстан облысының командалары;
• ІІ орын – Жетісу облысы мен Жамбыл облысының командалары;
• ІІІ орын – Атырау облысының командасы иеленді.

Жеңімпаздарға дипломдар, медальдар және кубоктар табысталды. Сонымен қатар, Спартакиаданы жоғары деңгейде ұйымдастыруға және өткізуге үлес қосқан қатысушыларға алғыс хаттар тапсырылды.

Салтанатты рәсімнің соңында Комитет төрағасы Қаныбеков Сәкен Әсембекұлы қорытынды сөз сөйлеп, қатысушыларды жеңістерімен құттықтап, спорттық іс-шаралардың ұжымдық бірлікті нығайтудағы және корпоративтік мәдениетті дамытудағы маңызын атап өтті.

Комитет ұжымы барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да зор денсаулық, толағай табыс және жаңа жетістіктер тілейді.

Комментарии закрыты.