Карантиндік өнімнің тасымалдануына жол берілмеді

Қарағанды облысы аумағына Эквадор елінен әкелінген 5000 дана раушан гүлдеріне карантиндік фитосанитарлық сараптама қорытындысына сәйкес, карантиндік объект — батыс гүл трипсі (frankliniella occidentalis) анықталуы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 400-бабының 2-бөлігіне сәйкес сот шешімімен айыппұл салынды. Карантиндік объектімен залалданған өнім арнайы комиссия мүшелері қатысуымен өртеу әдісі арқылы жойылды.

Комментарии закрыты.