
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінде С. Қаныбековтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге арналған жиын өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша бейнебақылау жүйелерінің мониторингін күшейту және анықталған барлық фактілер бойынша жедел шаралар қабылдау тапсырылды.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес жауапкершілік қарастырылғаны, ал кінәлі тұлғалардың тікелей басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылатыны ерекше атап өтілді.

17.03.2026
Опубликовано в рубрике 