Әдеп жөніндегі уәкіл

Жанна Жаксыбаевна МУХАМАДИЕВА – ҚР АШМ АӨК МИК Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының мемлекеттік астық инспекциясы бөлімінің басшысы.

Байланыс ақпараты:

Қарағанды қ., Әліханов көшесі, 11а, 205 каб.

Азаматтарды қабылдау күн сайын сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Телефон: 8 /7212/ 42-52-09

Е-mail: mukhamadiyeva.zh@minagri.gov.kz

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп талаптары туралы                                  

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген.

Қазақстан – әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына енуді көздейді. Бұл әрине, ел экономикасынан бастап, әлеуметтік, қоғамдық, саяси өмірде түбегейлі реформалар жүруі керек.  Тіпті, қоғамдық сананы өзгертетін,  нақты нәтижелерді көздейтін реформаның бір бөлігі «Әдеп кодексі» болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлықының негізгі стандарттарын белгілейді.

Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды, соған сәйкес Кодекс халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым қатынастың жоғары әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған. Қоғам – мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз қызмет етеді деп сенеді.

Мемлекеттiк қызмет – бұл барлық мемлекеттiк басқаруды ұйымдастыруда жетекшi рөлге   ие ең маңызды тетiктердiң бiрi. Кез келген қоғамды мемлекеттiк басқарусыз, тиiсiнше, мемлекеттiк қызметшiлерсiз елестету мүмкiн емес. Қазiргi қоғамда халықтың билiкке деген сенiмi мемлекеттiк қызметшiлерге қарап қалыптасатыны да белгiлi. Сондықтан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бiз мемлекеттiк қызметтiң кадрлық құрамын iрiктеу және кәсiби даярлықтың жетiлдiрiлген әдiстемелерiн енгiзу арқылы сапалы түрде жақсартуымыз керек» деп мемлекеттiк қызметке деген мiндеттердi айқындап бердi.

Бұл тұрғыда Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетiлгендей, мемлекеттiк қызметте кәсiби аппарат құру арқылы бәсекеге қабiлеттi мамандарды көбейтуге тиiспiз. Осы мақсатқа жету үшiн қазiргi уақытта елiмiздiң мемлекеттiк жүйесiнде инновациялық басқару модельдерi жасалуда.  Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк қызмет туралы» Заңы елдiң демократиялық дамуы мен жалпы экономикалық нарыққа негiзделген.

Мемлекеттiк қызметтiң жаңа принциптерi тиiмдiлiк, нәтижелiлiк, ашықтық, меритократия, әдеп талаптарын сақтау, құқықбұзушылыққа төзбеушiлiк сияқты бiрқатар iзгiлiктi құзiреттермен толықтырылған. Сондықтан олардың бойында харизмалық, коммуникативтiлiк, ұйымдастырушылық, ұжыммен бiрлесе жұмыс жасай бiлу, мақсатты дұрыс анықтап, алдағыны болжау сияқты стратегиялық – логикалық қасиеттер табылуы қажет. Осының iшiнде, әсiресе, әдеп мәселесiнiң маңызы зор.

Бұрынғы Ар-намыс кодексiне қарағанда жаңадан қабылданған Әдеп кодексiнде мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк қатынастардағы, одан тыс уақыттағы, сондай-ақ, көпшiлiк алдында, оның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мiнез-құлық стандарттары кеңiнен айқындалған және талаптары күшейтiлген. Бұрын бұл мәселелер қағида ретiнде қарастырылса, ендi стандарт деп белгiлендi. Демек, бұл ережелердi бұзғаны үшiн құқықтық жауапкершiлiк те қатая түстi.

Мәселен, ендi мемлекеттiк қызметшiлер жұмыс уақытынан бөлек, бос уақытында да Әдеп кодексiн ұстануы мiндеттi. Оның iшiнде қызметкердiң сыпайы, өзiнiң лауазымын алға тартпайтын және жеке басының пайдасы үшiн қолданбайтын, адал, сабырлы, салмақты, ұқыпты болуы және кез келген ортада өзiн iскерлiк стильге сай ресми түрде ұстауы мiндеттелген. Сондай-ақ, мемлекеттiк қызметшi елiмiздегi тiлдерге, салт-дәстүрлерге сыйластықпен қарап, әдiл де заңды шешiмдер қабылдауы, өсек тасымауы, жалған ақпар таратпауы, сын айтқаны үшiн бiреудi қудаламауы және мемлекет меншiгiн тек қызмет бабында пайдалануы тиiс. Мұнан бөлек мемлекеттiк қызметшi жемқорлық фактiсiне қатысты, тiптi, есiмiнiң аталуына жол бермеуi, қол астындағыларды кемсiтпеуi және қызметкерлердiң барлығына құрметпен қарауы тиiс. Мемлекеттiк қызметшiнiң моральдық бет-бейнесi мен этикасына айрықша көңiл бөлiнуiнiң себебi – оның iскерлiгiн ғана емес, айналасындағыларға деген құрметi мен iзетiн де жетiлдiру. Себебi, мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiмi мен бiлiктiлiгiне және жүрiс-тұрысына қарай халықтың атқарушы билiк жайлы көзқарасы мен оған деген сенiмi қалыптасады.

Еліміздің ертеңі – бүгінгі мемлекеттік қызметшілердің адамдық парасаты мен ар-ожданына және кәсібилігіне байланысты болғандықтан, «Біздің міндет – халыққа қызмет!» деп Елбасы белгілеп берген ұран аясында елге деген адалдықтың «Ақ туын» абыроймен ұстауымыз керек.

Сөйтіп, сіз бен біз болып, «Әдеп кодексі» арқылы теріс, жат қылықтар сияқты мәселелерді түпкілікті жоюымыз керек.

ҚР АШМ АӨК МИК  Шахтинск Қ.А.И.

 

ҚР АШМ АӨК МИК  Абай А.А.И.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша қалалық, аудандық аумақтық,   сонымен қатар облыстық аумақтық инспекцияларында мемлекеттік қызметшілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Түсіндіру жұмыстары лекция және семинар арқылы өткізіледі.

Қызметтік әдеп нормаларының сақталуына мен  ұжымның  моральдық-психологиясың ахуалының  жай-күйіне мониторинг бойынша анонимді сауалнаманың қорытындысы  негізінде талдау жүргізілді.

 

 

                        

 

 

Комментарии закрыты.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан-2050 стратегиясы Expo 2017 Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Export.gov.kz