2018 жылдың есебі

«ҚР АШМ АӨК МИК Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» ММ 2018 жылғы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

Жалпы ережелер

 

  1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Инспекция) оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және Ережемен жүктелген агроөнеркәсіптік кешен саласындағы бақылау және қадағалау, сондай-ак іске асырушылық функцияларды асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктерді пайдалануға бақылауды жүзеге асыру, астық нарығын реттеу, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині бөлігінде өзінің құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшесі болып табылады.
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жөніндегі ақпарат:
    • көрсетілетін қызмет берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрінің саны – 3;
    • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы (пилоттық жоба шеңберінде) мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрінің саны – 3;
    • тегін негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрінің саны – 3;
    • дәстүрлі қағаз түрінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрінің саны – 3;
    • электронды түрінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрінің саны – 3;
    • бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандарттарының саны – 3;
    • бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметі регламенттерінің саны – 3.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрлері

  1. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру.
  2. Карантинге жатқызылған өнiмді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру.
  3. Ғылыми-зерттеу мақсатында карантинді объектілерді (карантинді зиянды организмдерді) әкелуді келісу.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша ішкі бақылау жөніндегі «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» ММ

Жұмысы туралы есепке талдау анықтама

ҚР АШМ АӨК МИК Қарағанды облыстық аумақтық инспекциямен 2018 жылы барлығы 14785 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

№ п/п Мемлекеттік көрсетілген қызметтің атауы Қызметтің саны
1 Карантинге жатқызылған өнiмді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру 9930
2 Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру 4855

Көрсетілетін қызмет алушылармен жұмыс

  1. Көрсетілетін қызмет берушінің – inspekciya.kz, www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында, «электрондық үкімет» веб-порталында» – www.egov.kz, www.elicense.kz және мемлекеттік көрсетілетін қызмет сұрақтары жөнінде: 42-08-00 сенім телефоны бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі туралы ақпаратты алуға болады. Сонымен қатар, көрсетілетін қызметтерді берушінің аумақтық құрылымдарының ғимараттарында мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі туралы ақпараттық стенд орналасқан.
  2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процессінің айқындығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша 61 іс-шаралар өтті, олардың ішінде БАҚ-ында мақала жарияланды, «дөңгелек үстел» және басқа іс-шаралар жүргізілді. 2018 жылы Инспекциямен 41 дөңгелек үстел өткізілді және 20 мақала БАҚ-нда жарияланды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеру жөнінде түсіндіру іс-шаралармен халықтың қамтылуы: 441.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылау

  1. 2018 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
  2. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына Инспекциямен жүйелі түрде ішкі бақылау жүргізілді. 2018 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтері регламентінің талаптарын бұзуына байланысты қалалық және аудандық аумақтық инспекцияларының 3 бас маман-өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары сөгіс түрінде тәртіптік жауапқа тартылды.

2018 жылғы есеп

ҚР АШМ АӨК МИК Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметі бойынша 2018 жылға есебі