Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
ҚР АШМ АӨК МИК Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау және оның алдын алу жөнінде атқарылып жатқан шаралар туралы 2015 жылдың ақпараты
Осы бағытта жұмыстар 2014 жылғы 26 желтоқсандағы ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген 2015-2025 жылдарға Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының шеңберінде жүргізілуде және ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң талаптарын ескере отырып 2015-2017 жылдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралардың жоспары бекітілді.
Ағымдағы жылдың басынан «дөңгелек үстел», жиналыстар және семинарлар үлгісінде 24 шаралар өткізілді, 7 өңірлерге шығу және халықтармен жиындар, бұқаралық ақпараттық құралдарына 19 басылымдар, 35 құқықтық жалпыға бірдей оқыту өткізілді.
Облыстық аумақтық инспекциясында өсімдіктерді қорғау, өсімдіктер карантині, астық инспекциясы және асыл тұқымды мал шаруашылығы салалары бойынша дәстүрлі семинарларға, біздің бағыттағы заңнамалардың сақталуы жөнінде түсіндірме беретін облыстық және табиғат қорғау прокуратураларының, облыстың құқықтық статистика басқармасының өкілдері міндетті түрде шақырылады.
Осы семинарларға жыл сайын сәуір айында қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларының барлық инспекторлары мен басшыларын шақырамыз, қорытынды бойынша оларға заңнамаларды білуге тест жүргіземіз. Бақылаушы органдармен тығыз байланыс жөнге салынған. Мысалға, ағымдағы жылдың 13 наурызында сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылықты ескерту және түсіндіру бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қарағанды облысы басқармасының, Табиғат қорғау прокуратурасының өкілдерінің қатысуымен «Дөңгелек үстел», 23 шілдесінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті өкілдерінің қатысуымен жалпыға бірдей құқықтық оқу өткізілді, тамыз айында «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын түсіндіру жөнінде жалпыға бірдей құқықтық оқу, қыркүйек айында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қарағанды облысы басқармасының өкілінің қатысуымен ҚР мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнаманың талаптары бойынша құқықтық сабақ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті өкілдерінің қатысуымен қараша айында «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жаңа жобасы бойынша түсіндіру жөнінде жалпыға бірдей құқықтық оқу өткізілді.
Облыстық, қалалық және аудандық инспекцияларының «Сенім телефондары» бұқаралық ақпаратық құралдарына ай сайын баспаға шығады. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы ақпараттар, жоғарғы және құқық қорғау органдарының электронды мекен-жайы мен сенім телефондары бар стенділер барлық аумақтық инспекциялардың ғимараттарында орналастырылған, сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан шаралар жөнінде стенділер барлық аумақтық инспекциялардың ғимараттарында орналастырылған, азаматтардың өтініштері мен арыздарына арналған жәщік орнатылған.
goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу интернет порталы арқылы электронды үлгіде мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылады.
«Айқын» бағдарламасы облыстық аумақтық инспекциясында 2014 жылдың 1 қаңтарынан, барлық қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларында 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істеп тұр, осы арқылы жеке және заңды тұлғалардың өтініштері дерекқорға енгізіледі және арыз беруші нақтылы уақытта оның орындалысын бақылай алады.
Мемлекеттік қызметтер бекітілген регламент мерзімімен Стандартқа сәйкес көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті алушылар тарапынан ешқандай наразылық және шағымдар болған фактілер жоқ.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің ар-намыс Кодексінің талаптары қатаң түрде сақталады, мемлекеттік және ресми тілдегі мәтіндері барлық аумақтық инспекцияларының көрнекті жерлерінде орналастырылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі барлық тапсырмалар (бұйрықтар, хаттар, хаттамалар) айрықша бақылауға және мүлтіксіз орындауға алынады.
2015 жылдың ағымдағы мерзімінде облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекцияларының әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар мен қылмыстар орын алған жоқ.