«ҚР АШМ АӨК МИК Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» ММ-нің 2026 жылдың I жартыжылдығында көрсетілген мемлекеттік қызметтері туралы ақпарат

«ҚР АШМ АӨК МИК Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» ММ мемлекеттік қызметтің 3 түрін көрсетеді.

2026 жылдың II тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 1 817 өтінім қабылданып, барлығы 6 036 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер түрлері бойынша:

  • «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік қызметі – 6 036.
  • «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу» мемлекеттік қызметі – 0.
  • «Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалау» мемлекеттік қызметі – 0.

2026 жылдың I жартыжылдығында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар саны 124-ті құрады. Оның ішінде 124 бас тартудың барлығы заңнама талаптарына сәйкес негізделген.

2026 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында тауар өндірушілер, жеке және заңды тұлғалар арасында тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 2026 жылдың I жартыжылдығында 8 дөңгелек үстел мен кеңес ұйымдастырылды, бұқаралық ақпарат құралдарында 4 мақала жарияланды, Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде 58 жарияланым орналастырылып, 8 тікелей эфир өткізілді.