Әдеп жөніндегі уәкілдің 2025 жылы атқарған іс-шаралары
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының Әдеп жөніндегі уәкілінің мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралары бойынша 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес төмендегідей іс-шаралар атқарылды.
2025 жылдың 12 айында барлығы 215 іс-шара өткізілді. Атап айтсақ облыстық аумақтық инспекциясының және оған қарасты қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларының мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша 103 жеке дара әңгімелесулер өткізілді. Жол жүру ережелерін бұзған мемлекеттік қызметшілермен жол жүру ережелерін бұзу себептерін талдап, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген және оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген 10 тұлғаға:
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтау, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын сақтау, кәсiпкерлiк қызметпен айналысу жөніндегі шектеудің сақталуы және мүлікті сенімгерлік басқаруға беру мәселелері бойынша оқыту жұмыстары жүргізілді.
Жарты жылда бір рет облыстық аумақтық инспекциясында мемлекеттік қызметшінің өзінің жақын туыстарына қатысты атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруы, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында болуы туралы талаптың сақталуы жағдайы зерделеніп, тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруы анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілерді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және Агенттікпен әзірленген материалдармен таныстыру, оның ішінде іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелерін түсіндіру бойынша:
Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша Департаментінің превенция басқармасының аға офицері Әкім Ерланұлы Сақтапбергеннің қатысуымен 1 семинар-кеңес өткізілді.
«Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры, профессор Құрманғазы Зәкірұлы Сембиевтің қатысуымен 1 семинар-кеңес өткізілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет бойынша бақылау басқармасының басшысы Қайсар Хайранұлы Акбаровтің қатысуымен 2 семинар-кеңес өткізілді.
Облыстық аумақтық инспекциясы мен оған қарасты қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларының 54 мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңында белгіленген шектеулерді қабылдады.
Жыл бойы 5 мереке күндері алдында жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Маусым және желтоқсан айларында облыстық аумақтық инспекциясының жиынында мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және Әдеп кодексінің талаптарын сақтауы мәселелері қаралды.
«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді бұзушылыққа жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстар бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет бойынша бақылау басқармасы басшысы Қайсар Хайранұлы Акбаровтың қатысуымен 2 семинар-кеңес өткізілді.
Мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмауға бағытталған профилактикалық жұмыстар бойынша:
- Қарағанды облысы дін істері басқармасының теолог маманы Жанар Бектенқызы Қарсыбекованың қатысуымен Деструктивті діни ағымдардың қоғам қауіпсіздігіне тигізетін қатері туралы 1 семинар-кеңес және Қарағанды облысының дін істері басқармасының оңалту бөлімінің басшысы, теолог Сұлтан Аманболдыұлы Рымкуловтың қатысуымен профилактикалық 1 семинар-кеңес өткізілді.
Мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік және есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуының алдын алу және оған жол бермеу, есірткі құралдардың, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну, көлік құралын алкогольдік және (немесе) есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқарудың алдын алу мақсатында Қарағанды қаласының патрульдік полиция инспекторы, аға лейтенант И.Кунакбаевтың қатысумен 1 профилактикалық семинар-кеңес және Қарағанды облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі майор Нұрым Бегайұлы Садвакасовтың қатысуымен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп,1 семинар-кеңес өткізілді.
Мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушіліктен және жыныстық қудалауды болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар бойынша Қарағанды облысы бойынша «Аналар кеңесі» және «Respublica» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының мүшесі Жібек Камалиқызы Камалидің қатысуымен 2 семинар-кеңес өткізілді.
Жыл бойы 4 рет мемлекеттік қызметшілерге қатысты олардың әкімшілік жауаптылыққа («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің қоғамдық тәртiп пен имандылыққа қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарға қатысты келесі баптары бойынша 434, 439, 440, 441, 443, 444, 446, 449, 450, 482, 490, 608, 613) тартылуы жағдайына мониторинг жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері анықталған жоқ.
Жыл бойы 4 рет мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылуы фактілеріне мониторинг жүргізіліп, мемлекеттік қызметшілер арасында құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.
Жыл бойы 4 рет мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуына қатысты бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға мониторинг жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілерде жағымсыз жарияланымдары анықталған жоқ.
Жыл ішінде 2 рет облыстық аумақтық инспекциясында мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуы бойынша сауалнама және мониторинг жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерінің бұзылу фактілері анықталған жоқ.
2025 жылдың қазан айында мемлекеттік қызметшілер қызметтік әдепті бұзған жағдайда мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тартудың мәніне жасалған талдау қорытындысына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің құқықтарынының сақталуы бойынша сминар-кеңес өткізілді.
Ұжымда жағымды атмосфера құру үшін әдептілік құндылықтарын дәріптеу бойынша төмендегідей іс-шаралар ұйымдастырылды:
- Әдептілік құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Әдептілік – әдемілік белгісі» тақырыбындағы сайыс өткізілді.
- Домбыра күні қарсаңында қазақтың атақты күйшілерінің шығармашылығын дәріптеу мақсатында Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі, «Күй одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Аққыз күйшінің мұрасын зерттеуші әрі насихаттаушы, домбырашы Б.Тәкішевтің орындауында күйлер орындалды.
- Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай қара сөздері мен өлеңдерін айту бойынша сайыс өткізілді.
- Қарқаралы қаласындағы Құнанбай қажы мешіті және Абай түскен, дәм татқан үйде болып, тарихи өлкетану музейінде Абай бұрышымен танысты.
- Спорт күніне орай футбол, волейбол және арқан тартудан сайыс ұйымдастырылды.
2025 жылдың әр тоқсанында ұжымдағы қарым-қатынас мәдениетінің деңгейін бағалау және оны жақсартуды анықтау үшін сауалнама жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша облыстық аумақтық инспекциясында және оған қарасты қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларында қарым-қатынас мәдениеті жоғары деңгейде екендігі көрінді.
Облыстық аумақтық инспекциясының оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан мамандарды көтермелеу жөнінде инспекция басшысына ұсыным беріліп, үш мемлекеттік қызметшіге сыйақы берілді.
2025 жылдың маусым және желтоқсан айларында жеке және заңды тұлғалардан, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерден келіп түскен арыз-шағымдардың себептеріне талдау жасалды. Талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілерден келіп түскен арыз-шағымдар жоқ. Ал жеке тұлғалардан 8 шағым түсіп, олар жауабымен толық қанағаттандырылды.
Әдеп жөніндегі уәкіл жарты жылда бір рет мамандармен қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында анонимді сауалнама жүргізеді. 2025 жылы жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша ұжымда моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйі жақсы деңгейде екендігін көрсетті.

