«ҚР АШМ АӨК МИК Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы»ММ 2025 жылы атқарған жұмыстары бойынша ақпарат
Өсімдіктерді қорғау саласында:
Ағымдағы жылы өсімдіктерді қорғау саласы бойынша айтарлықтай ауқымды шаралар атқарылды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының шегіртке тектес зиянкестерімен күрес жөнінде облыс әкімінің №19ө 2024 жылғы
4 наурыздағы өкімімен Облыстық штаб құрамы бекітілді. Штаб төрағасы облыс әкімінің орынбасары Б.Қ.Асановтың төрағалығымен ағымдағы жылдың
29 сәуірінде аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, облыстық және аудандық әдістемелік орталық басшылар және аудандық аумақтық инспекциялары басшыларының қатысуымен Облыстық штаб отырысы өткізілді.
2025 жылдың 20 мамырында Ақтоғай ауданында химиялық өңдеуге жұмылдырылған техникалардың дайындығын пысықтау және шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын уақытылы жүргізу мақсатында штабтың көшпелі отырысы өткізілді. Жоғарыда аталған ведомства басшылары мен аудан әкімдеріне облыста тұрақты фитосанитарлық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында қабылданатын шаралар бойынша нақты тапсырмалар берілді. Сондай-ақ өңдеуге қатысатын техникалардың дайындығы көрсетілді.
Шекара маңындағы аумақтарда шегіртке зиянкестерін уақтылы анықтау мақсатында көршілес облыстардың 8 облыстық аумақтық инспекциясымен шекара маңындағы аумақтарды бірлесіп тексеру туралы өзара ынтымақтастық келісім шарттары жасалды, аталған келісімдер шеңберінде шекаралас аумақта бірлескен зерттеулер жүргізілді.
«Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» (бұдан әрі – Әдістемелік орталық) облыстық филиалы мамандарымен 2025 жылы аса қауіпті және қауіпті организмдерге қарсы зерттеу жұмыстары жоспар бойынша 5,4 млн гектар аумақта аумақта жүргізу жоспарланып, облысымызда кең таралған үйірлі шегіртке – итальяндық прусқа қарсы 68 400 га аумақ өңделді және саяқ шегірткелерге мемлекеттік жер қорындағы 34 000 га аумаққа химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.
Үйірлі шегіртке итальяндық прусқа қарсы 68 400 гектар аумаққа республикалық бюджет есебінен химиялық өндеу жұмыстары облысымыздың
7 ауданында жүргізілді.
(Абай ауданы – 300 га, Ақтоғай ауданы – 19 100 га, Бұқар Жырау ауданы –
9 100 га, Қарқаралы ауданы – 27 700 га, Нұра ауданы – 1 100 га, Осакаров ауданы – 500 га, Шет ауданы – 10 600 га)
Итальян шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын Республикалық бюджет есебінен «Pest Mosq treatment» ЖШС 9 жер үсті бүріккіш техникалары арқылы жер бетімен 28 500 га алаңда, «Агро СЛА» ЖШС 1 аса жеңіл ұшақ (СП-30) және 1 дельтаплан көмегімен 35 677 га алаңда, «Фитосанитария» РМК 4 пилотсыз ұшу аппараттары (дрон) көмегімен әуе арқылы 4 223 га алқапқа техникалардың күндік нормасы және қауіпсіздік шаралары сақтала отырып жүргізілді. Өңдеу жұмыстарына тұтыну нормасы бойынша Ацет 200, Ахиллес, Карат Супер 100, Гунсяо, Имидор, Койра жалпы көлемі 5341,05 л пестицидтер жұмсалды. Пестицидтердің облыс бойынша биологиялық тиімділігі 92,3% құрады.
Саяқ шегірткеге осы жылы өңдеуге қойылғаны – 83 450 мың.га. Оның ішінде мемжер қоры – 34 000 га, шаруашылық құрылым – 49 450 га. Мемлекеттік жер қорларында өңдеу жұмыстары Койра және Диурон препараттарын қолдана отырып «Sarabbi» ЖШС мен «Карпромснаб» ӨнК аса жеңіл ұшағы көмегімен жүргізілді. Саяқ шегірткеге қарсы жүргізілген өңдеу жұмыстары инспекция мамандарының бақылауында болып, қателіктер мен кемшіліктерге жол берілмеді.
(Абай ауданы – 1 600 га, Ақтоғай ауданы – 6000 га, Бұқар Жырау ауданы –
8 900 га, Қарқаралы ауданы – 6 300 га, Нұра ауданы – 3 200 га, Осакаров ауданы – 2000 га, Шет ауданы – 6000 га)
Ауыл шаруашылық тауарөндірушілердің қаражаты есебінен ағымдағы жылы аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы барлығы 18 200 гектар алқапқа химиялық өңдеу жүргізілді. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлармен жыл басынан 15 ұсыным әзірленіп, жеке және заңды тұлғаларға табыс етіліп, олардың орындалысы бақылауға алынды. Берілген ұсынымдардың нәтижесінде аса қауіпті зиянды организм астық дақылдарының ауруына қарсы
15 300 га аумақ, аса қауіпті организмдердің өкілі – астықтың сұр көбелегіне қарсы 2 900 га аумақ өңделді.
Сонымен қатар, облысымызда биылғы жылы 83 003 тонна тұқым себіліп, дақылдардың өнімділігін арттыру және өсу кезінде аурулармен және зиянкестермен зақымдануының алдын алу мақсатында 69 076 тоннасы дәріленген болатын. Оның ішінде астық дақылдарының тұқымы 55 257,1 тоннаны құрады. Ал арамшөптерге қарсы 731,782 мың.га аумаққа химиялық отау жұмыстары жүргізілді.
Қарағанды облысы бойынша қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты 762 субъекті тіркелген. Бүгінгі күнге өсімдіктерді қорғау жөніндегі инспекторларымен аталған субъектілерден айлық және жартыжылдық фитосанитарлық есептіліктері толықтай қабылданып алынды.
ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 403-бабы 1 тармағына, яғни фитосанитариялық есептiлiктi ұсынбау, сол сияқты уақтылы ұсынбау бойынша 117 960 теңге соммасында 3 әкімшілік айыппұл және Кодекстің 403-бабы 2 тармағына сәйкес, фитосанитариялық бақылау объектілерінде фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шараларды зиянды организмдердің саны зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен жоғары болатындай олардың дамуы мен таралуына жол бергені және зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізбегендігі үшін 275 240 теңге сомасындағы 7 әкімшілік айыппұл салынды.
Жалпы 393 200 теңге көлемінде 10 айыппұл салынды. Барлық салынған айыппұлдар қысқартылған тәртіппен (196 600 тг) толық көлемде өндіріліп алынды.
Сонымен бірге, шаруашылықтар өз аумақтарында фитосанитариялық мониторингтi жүзеге асыруға және фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзуге міндеттілігі жөнінде БАҚ арқылы, инстаграм, фейсбук әлеуметтік желілерінде тікелей эфир жүргізу, мақалалар жариялау арқылы үгіт-насихат жұмыстарын үздіксіз жүргізіп келеді. Өсімдіктерді қорғау саласы заңнамаларын түсіндіру мақсатында 16 дөңгелек үстел мен 25 агрооқу, 12 құқықтық оқу, 14 семинар-кеңестер өткізілді. Сонымен қатар, жергілікті газет беттеріне 9 мақалалар жарияланып, инстаграм желісіне 152 жариялым жүктеліп, 2 тікелей эфир жүргізілді.
Өсімдіктер карантині саласында:
Карантиндік объектілердің таралған ошақтарын анықтау жұмыстары жыл сайын жүргізіледі.
Ағымдағы жылы 57661 га зертттеу жұмыстары жүргізілді. Оның 44664 гектары карантидік арамшөптерге, 1135 гектар зиянкестерге, 539 гектар өсімдіктер ауруларына қарсы зерттелді.
Облыс бойынша карантиндік объектілердің 3 түрі анықталған және облыс әкімінің қаулысына енгізілген. жатаған укекіре – 36 531,27 га, арам сояу – 18,2 га, теңбіл пепино вирусы – 3 га карантиндік режим енгізілді.
2025 жылға 176,083 га гектар алқапқа химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді оның 79,12 мемлекеттік жер қоры, 47,68 га нұсқама арқылы ауыл шаруашылық субъекті және де басқада жер пайдаланушылар жерлерінде.
Сонымен қатар, карантиндік объектілермен күресу мақсатында, облыс бойынша 74 нұсқама берілді, тиісті карантиндік шараларды орындамағаны үшін ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне сот шешімімен айыппұлдар салынды.
Жыл басынан карантинге жатқызылған өнімдерге жүргізілген карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) нәтижесінде 10 150 акті берілді.
Осы кезеңде шет елдерден 102,3 мың тонна, 92,3 млн дана, 35,8 мың текше метр карантинге жатқызылған өнімдер импортталған және экспортқа 765,2 мың тн, 4 млн дана, 0,7 мың текше метр шығарылды.
Сонымен қатар жыл басынан фитосанитариялық сараптама жасау үшін барлығы- 3813 үлгілер жіберілген
2025 жылы Нидерланды елінен шыққан гүл кесінділерінен (раушангүл) карантинді объект-Батыстың гүл трипсі 1 факт анықталды материалдар сотқа жіберіліп айыппұл салынды жою және залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
2025 жылы ҚР «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының талаптарын бұзған 191 факты анықталып, ол бойынша 26,1 млн тг айыппұл салынды.

