«ҚР АШМ АӨК МИК Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» ММ 2025 жылы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтері туралы ақпарат

«ҚР АШМ АӨК МИК Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» ММ-де мемлекеттік қызметтің 3 түрі көрсетіледі. 2025 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсетуге 3528 өтінім түсті, оның Egov.kz арқылы 3522 және 6 өтінім тікелей аумақтық инспекцияларына келіп түскен. Түскен өтінімдердің нәтижесінде 12885 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Оның ішінде мемлекеттік қызметтердің атаулары бойынша:

  • Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру – 12885.
  • Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу – 0.
  • Астық пен оның өңделген өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін тіршілік ету қабілетінен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша өңдеу және (немесе) сүректі қаптама материалын залалсыздандыру мен таңбалау – 0.

     2025 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартулар саны – 306, оның ішінде барлық 306 бас тарту негізделген.

   2025 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

     Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында тауар өндірушілерге, жеке және заңды тұлғаларға үнемі түсіндіру іс-шаралары өткізіледі. 2025 жылы  42 дөңгелек үстел мен кеңестер өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында 7 мақала мен  Facebook  және Instagram әлеуметтік желелерінде 129 жариялым жарияланды.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен тұлғалар саны – 18.