Әдеп жөніндегі уәкілдің 2024 жылғы 9 айында атқарған іс-шаралары

Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2024 жылға арналған мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөнінде іс-шаралар жоспары бекітілген.

Сонымен қатар Әдеп жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аппарат басшысы М.Оразаев бекіткен «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ведомствалар мен олардың аумақтық бөлімшелерінің Әдеп жөніндегі уәкілдерінің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын» басшылыққа алады.

Осы жасалған жоспар аясында жыл басынан 141 іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ 25 қаңтарда қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларымен онлайн режимінде «2024 жылға сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алуға бағытталған іс-шаралар» бойынша семинар-кеңес өткізілді.

15 ақпанда облыстық аумақтық инспекциясының мемлекеттік қызметшілері және қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларымен онлайн режимінде «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығын нормаларын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізілді.

15 наурызда облыстық аумақтық инспекциясының мемлекеттік қызметшілерімен және қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларымен «Іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтау» мәселелеріне қатысты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің өкілі және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің өкілінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

2024 жылғы 28 ақпан күнгі ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің хаттамасына сәйкес облыстық және қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларының мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу мақсатында сауалнама өткізілді. Сауалнама 25 сұрақтан құралды. Саулнамаға облыстық аумақтық инспекциясынан 20 маман, қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларынан 26 маман қатысты. Сауалнама қорытындысы бойынша облыстық аумақтық инспекциясының мамандары арасында 25 сұрақтың 85,8 пайызы дұрыс жауап берілген. Қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларының мамандары арасында 25 сұрақтың 89,7 пайызы дұрыс жауап берілген. Сауалнама қорытындысы облыстық және қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларының мемлекеттік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша білімдері жоғары деңгейде екенін көрсетеді.

30 сәуірде облыстық аумақтық инспекция мамандары және қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларымен онлайн режимінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі» Заңының талаптарын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізілді.

30 мамырда облыстық аумақтық инспекциясының мемлекеттік қызметшілері және қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларымен онлайн режимінде қызметтік тәртіп және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығын нормаларын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізілді.

07 маусымда облыстық аумақтық инспекциясының мемлекеттік қызметшілерімен және қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларымен «Сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу бойынша іс-шараларды күшейту» мәселелері бойыншане семинар-кеңес өткізілді.

Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында (жарты жылда бір рет) Әдеп жөніндегі уәкіл анонимді сауалнама жүргізеді. Осындай сауалнама бірінші жартыжылдықта инспекцияның мемлекеттік қызметшілер арасында жүргізілген болатын. Сауалнаманың қорытындысы бойынша 14 сұраққа инспекцияның мемлекеттік қызметшілері 99,77 – 100 пайыз дұрыс жауап берді, яғни бұл ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйі жоғары деңгейде екенін көрсетеді.

30 шілдеде облыстық аумақтық инспекция мамандары және қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларымен онлайн режимінде «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты», оның ішінде 2019 – 2024 жылдары аралығында Үкіметпен қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті реформалау пакеттерін түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізілді.

          20 тамызда Мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшінің өзінің жақын туыстары атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруы, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында болуы туралы талаптың сақталуы жағдайын зерделеу жөнінде семинар-кеңес өткізілді.

         26 тамызда ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің қоғамдық тәртіппен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтарға қатысты баптарын және оның салдары туралы семинар-кеңес өткізілді.

28 тамызда облыстық аумақтық инспекциясының мемлекеттік қызметшілері және қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларымен онлайн режимінде Әдеп жөніндегі уәкілдің 2024 жылдың 6 айында атқарған іс-шаралары, инспекцияда 2024 жылдың 1 жартыжылдығында қызметтік әдеп нормаларының сақталуы, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында жүргізілген анонимдік сауалнаманың қорытындысын талдау және әкімшілік құқық бұзған (жол жүру ережелері және т.б.) мемлекеттік қызметшілердің бұзушылықтарына талдау жүргізу бойынша семинар-кеңес өткізілді.

20 қыркүйекте облыстық аумақтық инспекциясының мемлекеттік қызметшілері және қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларымен онлайн режимінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 32 шешімін, яғни Қарағанды облысының 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында қызметтік автокөлікті мақсатқа сай пайдаланбау мәселесіне жүргізілген талдау нәтижелерін талдау бойынша семинар-кеңес өткізілді.

20 қыркүйекте облыстық аумақтық инспекциясының төрт техникалық қызметкерлері – автокөлік жүргізушілерімен қызметтік автокөлікті мақсатқа сай пайдалану және жол жүру ережелерін сақтау бойынша жеке дара әңгімелесулер өткізілді.

27 қыркүйекте облыстық аумақтық инспекциясының мемлекеттік қызметшілерімен және қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің өкілі Дина Қанатқызы Абаеваның қатысуымен «Лудомания – ойынқұмарлық» тақырыбы бойыншане семинар-кеңес өткізілді.

2024 жылғы шілде айында облыстық аумақтық инспекциясының мемлекеттік қызметшілері «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негіздері» және «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптары» тақырыбы бойынша Documentolog құжат айналымы базасында тестілеуден өтті. Барлығы 21 мемлекеттік қызметшіге тест өткендігі жөнінде сертификаттар берілді.

Сонымен қатар Қарағанды қалалық және Осакаров, Нұра, Абай, Бұхаржырау, Қарқаралы, Шет, Ақтоғай аудандық аумақтық инспекцияларына он бір рет іс-сапарға шығып, инспекция басшылары мен оның қарамағындағы мемлекеттік инспекторларымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасы Әдеп кодексі» талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жұмысқа жаңадан орналасқан жеті маманға мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлықпен күрес, қызметтік әдеп талаптары бойынша корпоративтік ұжымдық мәдениетті нығайту мақсатында консультативтік көмек көрсетілді.

Облыстық аумақтық инспекциясының бөлім басшылары және оның қарамағындағы мамандарымен әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру бойынша жеке дара әңгімелесулер өткізіліп, елу тоғыз хаттама жасалды.

Қалалық және аудандық аумақтық инспекцияларының  мамандарымен сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу және әдеп Кодексінің талаптарын сақтау бойынша жеке дара әңгімелесулер өткізіліп, жиырма бес хаттама жасалды.

Әкімшілік құқық бұзған (жол жүру ережелері және тағы басқа) он үш мемлекеттік инспектормен алдағы уақытта мұндай құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Облыстық инспекцияның оң имиджін және әдеп кодексінің талаптарын сақтауда ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан екі мемлекеттік қызметшіге үстеме сыйақы берілді.

Әлеуметтік желі Инстаграм парақшасында Әдеп жөніндегі уәкіл             мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөнінде үш баяндама жасалды.

Әлеуметтік желілерге және инспекцияның ресми сайтына мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауына қатысты ақпаратар (кодекс мәтіні, Әдеп жөніндегі уәкілдің байланыс телефондары және т.б.) қамтитын QR кодтар орналастырылды.

2024 жылғы 18 қыркүйекте «Новый вестник» облыстық газетіне Әдеп жөніндегі уәкілдің «Лудомания – ғасыр дерті» тақырыбында мақала жарияланды.