Мемлекеттік қызметтер

Өсімдіктер карантині саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 29.05.2015 жылғы № 4-4/500 бұйрығымен өсімдіктер карантині саласындағы «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру», «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» және «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу» мемлекеттік қызметтерді көрсетудің стандарттары (бұдан ары – Стандарттар) бектілген.
Бұл Стандарттарда, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды адамдардың шешімдеріне шағымдану тәртібі және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын өзге талаптар айқындалған.
Осы Стандарттарға сәйкес, мемлекеттік қызметтерді тікелей Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облыстық және қалалық, аудандық аумақтық инспекциялары көрсетеді немесе «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы және www.elicense.kz арқылы алуға болады.

Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекен-жайы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан.

Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрінің 05.10.2015 жылғы № ВН-01-6/852 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 15.10.2015 жылғы № 988 бірлескен бұйрығына сәйкес, фитосанитариялық және карантиндік сертификаттарды беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша пилоттық жоба енгізілді, атап айтқанда өтінім қабылдау және дайын карантиндік және фитосанитариялық сертификаттарды беру функцияларын халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысты ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы немесе Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 11 А үй, 111- 112 кабинеттер бойынша орналасқан мекен-жайдан алуға болады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 01 қазандағы № 15-05/873 бұйрығымен өсімдіктер карантині саласындағы «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру», «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» және «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттері (бұдан ары – Регламенттер) бектілген.

Регламенттерде, мемлекеттік қызметтерді көрсету процесіндегі көрсеті-летін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің және олардың өзара іс-қимылдары тәртібінің сипаттамалары, порталмен немесе өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамалары айқындалған.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан-2050 стратегиясы Expo 2017 Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Export.gov.kz