Сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселесі мемлекеттік билік пен қоғам алдында тұрған күрделі мәселе

Сыбайлас жемқорлық елдің әлеуметтік –экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі жасай отырып, қоғамымыздың ең басты қауіп-қатерлерінің бірі болып табылады.
Әдетте, «жемқорлық» мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендететіні, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіретіні белгілі. Қоғамымыздағы азаматтық жауапкершіліктің жағдайына байланысты, жемқорлық мемлекеттің қоғамдық және экономикалық қауіпсіздігіне айтарлықтай қатер төндіріп отыр және ұйымдасқан кылмыстың әлеуметтік басқару мен саяси құрылымдарға енуіне ықпал етуде. Қазіргі таңда мемлекеттің жемқорлықпен күрес функциясын тек құқық қорғау органдарының қызметі аясында қарастыруға болмайды.
Жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтармен күрес, елдегі барлық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ, мемлекет азаматтарының алдына қойылған негізгі мақсаттардың бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі комиссия және жемқорлықпен күрес стратегиясы, қауіпті қатерді жоюды іске асырудағы маңызды құралдардың бірі болып табылды. Қоғамымыздың барлық саласында дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына тосқаул қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі.
Сыбайлас жемқорлық- әлеуметтік қауіпті құбылыс, жемқорлықпен күрес тек қана мемлекеттік құқықтық органдар үлесіндегі іс емес, барша қоғам мәселесі екендігін түсінген кезде ғана жемқорлықпен күресудің жемісі болары анық. Сондықтан, қауіпке қарсы біздер бүкіл қоғам болып бірігіп, нақты әрекет жасап, күресу арқылы ғана оны жеңе аламыз.
Қарағанды облысы бойынша Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялар қызметкерлері тарапынан болған Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларының талаптарын бұзу фактілерін хабарлау үшін «Аймақтар Ақпараты» газетіне сенім телефондары ай-сайын жарияланады. Инспекция ғимаратында көрнекті жерге Инспекция басшысының азаматтарды қабылдау кестесі, шағымдар мен ұсыныстар жәшігі ілінген.
Әр апта сайын өтетін аппараттық отырыста инспекторларға мемлекеттік қызмет көрсету, өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде сыбайлас жемқорлықты тудыратын іс-әрекеттерге бармау туралы қатаң ескертіледі.
Облыстық, қалалық аудандық аумақтық инспекцияларының ақпараттық стенділерінде фитосанитариялық кауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты, өсімдік карантині саласындағы мемлекеттік қызмет регламенті, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша шағымдар мен ұсыныстардың жолданатын мекен-жайлары мен телефондары, кәсіпкердің жадынамасы, аймақтық прокуратуралардағы ұтқыр (мобильдік) топтардың сенім телефондары орналасқан.

Кадр, ұйымдастыру-құқықтық
қамтамасыз ету бөлімінің бас маман А. Сакенов

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан-2050 стратегиясы Expo 2017 Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Export.gov.kz