Бiз туралы

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» – мемлекеттік мекемесі оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және Ережемен жүктелген агроөнеркәсіптік кешен саласындағы бақылау және қадағалау, сондай-ақ іске асырушылық функцияларды асыл тұқымды мал шаруашылығы, мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктерді пайдалануға бақылауды жүзеге асыру, астық нарығын реттеу, өсімдіктерді қорғау және карантині саласында өзінің құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшесі болып табылады.