Қазақстан мен Сауд Арабиясы ветеринариялық сертификатқа қол қойды

Қазақстан мен Сауд Арабиясы ветеринариялық қызметі мамандарының келіссөздер қорытындысы бойынша мүйізді ірі қара мал мен ұсақ малды сою және өсіру үшін экспорттауға ветеринариялық сертификатқа қол қойды.

Бұған дейін хабарланғандай, Сауд Арабиясы Корольдігінің ветеринариялық қызметі қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерін тасымалдауға қойылған  шектеулерді алып тастаған болатын.

 ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы өнімдерін жаңа нарықтарға экспорттау үшін ветеринариялық талаптарды үйлестіру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп жатқандығын атап өткен жөн.

Бүгінгі күні Иранмен қой еті, сиыр еті, тауық жұмыртқасы,ҰМ субөнімдері, асыл тұқымды және  үй шаруашылығына пайдаланылатын ҰМ, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерімен сиыр еті, қой еті, құс еті мен жұмыртқасы, асыл тұқымды және үй шаруашылығына пайдаланылатын ІҚМ  мен ҰМ жеткізу үшін бірқатар ветеринариялық сертификаттар келісілді.

Қазіргі уақытта Иран ветқызметімен Қазақстан Республикасынан Иранға экспортқа шығарылатын ірі қара малға арналған  ветеринариялық сертификатына келісім жүргізілуде.

Сондай-ақ,  Қазақстан Республикасынан Оманға сиыр еті, қой еті мен тірі ірі қара мал экспортының ветеринариялық сертификаттары дайындалуда.

Комментарии закрыты.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан-2050 стратегиясы Expo 2017 Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Export.gov.kz