СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ПЕН КҮРЕС МӘСЕЛЕСІ- ОРТАҚ ІС

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН  КҮРЕС МӘСЕЛЕСІОРТАҚ ІС

 Мемлекеттік басшысы Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында: Жемқорлықпен күрес жалғаса береді. Біздің мемлекетіміз, басқа да көптеген мемлекеттер сияқты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ міндеттемелік шарттарын белгілеп, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік функцияларды орындайтын мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар және оларға теңестірілген тұлғалардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған,-деп анық көрсетілген.

Аталған мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы  министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық инспекцияларында біршама шаралар атқарылуда.

Облыстық, аудандық, қалалық нспекция басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жөніндегі арнайы стенд және ұсыныстар мен шағымдар үшін жәшігі көрнекті жерге ілінген. Облыстық аумақтық инспекциясының Веб-сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбындағы арнайы бөлім бар. Әр апта сайын өтетін аппарат мәжілісінде  инспекторларға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде сыбайлас жемқорлықты тудыратын іс-әрекеттерге бармау туралы қатаң ескертіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстың алдын алу мақсатында оннан аса маман Қылмыстық атқару жүйесінің №40 колониясына барып, сотталушылардың жағдайымен танысып қайтты.

2020 жылдың басынан «дөңгелек үстел», жиналыстар және семинарлар үлгісінде 13 шара өткізілді және бұқаралық ақпараттық құралдарына 4 басылымдар шықты. Өткізілген шараларға телеканал және газеттердің тілшілері қатысты. Атап айтқанда, Балқаш қалалық инспекциясында өткен шараға «Өркен Медиа» телеканалының, Сәтбаев қалалық инспекциясында өткен шараға жергілікті «СТА» телеканалының, қалалық «Шарайна» газетінің, Жезқазған қалалық инспекциясында өткізілген шараға «Сарыақа» газетінің, Ақтоғай аудандық инспекциясында өткізген шараға «Тоқырауын тынысы» газетінің тілшілері қатысты, сонымен қатар қоғамдық ұйымдардың, құқық қорғау саласының өкілдері шақырылды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді орындау кезінде  айқындықты қамтамасыз ету, сөз бұйдағы салмау, сыбайлас жемқорлық тәуекелін болдырмау мақсатында Сәтбаев қаласының «Шарайна» газетіне облыстық инспекцияның өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Қ.А.Аринов сұхбат берді, «Абай-ақиқат» газетіне Абай аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі бас маманы М.И.Хамитов, «Приозерский вестник» газетіне Приозерск аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі бас маманы З.Т.Кусаинова мақала жариялады.

Облыстың ішкі сауда объектілеріне (базарларда) қажет болған жағдайда шұғыл хабарлау үшін облыстық аумақтық инспекциясы басшысының, оның орынбасарының, өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысының телефон номерлері туралы ақпарат ілінді.

2020 жылы жалпыға бірдей құқықтық оқудың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заңнамаларды түсіндірудің тақырыптық жоспары бойынша 34 жалпыға бірдей құқықтық оқыту сабақтары  өткізілді, оның ішінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыстық департаменті және «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, мемлекеттік қызмет туралы жаңадан қабылданған заңнамаларды түсіндіру және Әдеп кодексінің нормаларын сақтау жөнінде семинар және 8 құқықтық сабақ өткізілсе, 2021 жылдың басынан бері облыстық, аудандық, қалалық инспекцияларда 25 жалпыға бірдей құқықтық оқыту сабақтары  өткізілді.

Облыстық, қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларының ақпараттық стенділерінде фитосанитариялық кауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты, өсімдіктер  карантині саласындағы мемлекеттік қызмет  регламенті, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша шағымдар мен ұсыныстардың жолданатын мекен-жайлары мен телефондары, кәсіпкердің жадынамасы, аймақтық прокуратуралардағы ұтқыр (мобильдік) топтардың сенім телефондары орналасқан.

Елбасы өз Жолдауында айтқандай, сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты, әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс.

Мемлекет басшысы мақұлдап, бекіткен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» бұл қоғамдық кеселдің жолын кесу, алдын алу және оған күрес шараларын нақты бағыт-бағдар береді.

Кадрлық, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы А. Сакенов