2019 жылы атқарған жұмысы туралы ақпарат

«ҚР АШМ АӨК МИК Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» ММ 2019  жылдың  сәуір айында атқарған жұмысы туралы

ақпарат

 

Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімі:

Облысымызбен шектесетін аумақтарда шегіртке зиянкестеріне бірлесе зерттеу жүргізу арқылы олардың таралуын уақытылы анықтау мақсатында, көршілес  облыстық аумақтық инспекцияларымен ынтымақтастық келісім-шарттары жасалды.

ҚР ӘҚБК 403(1) бабы бойынша фитосанитариялық есептілікті ұсынбағандығы  үшін қысқартылған іс-жүргізу тәртібімен 25250 теңгенің 2 айыппұлы салынды. Айыппұлдар төленді.

Химиялық өңдеу жөніндегі қызметтер көрсету туралы  және  Химиялық өңдеулер жүргізу туралы 2019 жылдың  наурыз-сәуір айларына арналған есептіліктер, Пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды өндіру және (немесе) өткізу туралы, Пестицидтердің (улы химикаттардың), биопрепараттардың және энтомофагтардың қозғалысы туралы  2018 жылдың 2 жартыжылдығына арналған және  Пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды сақтау туралы, Бүріккіш және дәрілегіш техниканың бар-жоғы туралы, Тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардан босаған ыдыстарды залалсыздандыру жөніндегі және Қоймалық үй-жайлардың бар-жоғы туралы 2018 жылға арналған жылдық  фитосанитариялық есептіліктер жинақталып, Комитетке өткізілді.

Өсімдіктерді қорғау саласы бойынша БАҚ-ында  11 мақала  жарияланды.

«РФДжБӘО» РММ облыстық және аудандық филиалдары мамандарымен бірге өсімдіктердің аса қауіпті зиянкестері мен ауруларының таралуы және олармен күрес  шараларын, тұқымдық дақылдарды дәрілеуді, арамшөптерді химиялық әдіспен отауды сапалы және уақытылы атқару мақсатында аудандарда бірлескен семинар-кеңестер өткізілді.

Облыс бойынша 7845 тонна ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдары дәріленді.

Қарағанды  облысы бойынша 2019 жылғы 2 жартыжылдыққа арналған өсімдіктерді қорғау жөніндегі тексерістердің профилактикалық бақылау тізімі Комитетке ұсынылды.

Өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімі:

Жыл басынан мемлекеттік қызметтерді көрсетуге 1924 өтінім келіп түсті,  оның ішінде Egov.kz арқылы 1328 (69,0%) және 596 (31,0%) тікелей аумақтық инспекцияларына келіп түсті. Нәтижесінде 5990 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында 1863 (31,1%) карантиндік және 4086 (68,2%) фитосанитарлық сертификат және 41 (0,7%) мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартулар рәсімделді.

Осы кезеңде 242848,96254 тн, 1412173 орын, 34232419  дана, 13022,529 текше метр карантинге жататын жүк облысқа әкелінді және облыстан сыртқа шығарылды, оның ішінде ұн – 81454,727 тн., бидай – 64623,103 тн., арпа – 18782,49 тн, сұлы – 438 тн. Карантинге жатқызылған өнімдерге жүргізілген тексеру нәтижесінде 4440 карантиндік тексеру актіcі берілді.

Карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жұмыстарын жүргізу барысында 200 дана лизиантус гүл кесінділерінде карантиндік нысан – Батыстың гүл трипсі анықталып, жағу тәсілімен жойылды.

Фитосанитариялық сараптама жасау үшін карантинге жатқызылған өнімдердің Қарағанды облыстық карантиндік зертханасына – 123 сынама жіберілді, республикалық жеміс-жидек дақылдарын жерсіндіру – карантиндік көшеттіктері ММ – 14 жеміс-жидек және сәндік көшеттерінің сынамалары жіберілді.

Өсімдіктер карантині мәселелері жөнінде 18 мақала облыстың БАҚ-да жарияланды және дөңгелек үстел форматында 17 семинар өткізілді.

Жыл басынан ҚР «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының талаптарын бұзған 26 факты анықталып, ол бойынша 1997275 тг айыппұл салынса, оның ішінде 972125 тг құрайтын 25 әкімшілік іс қысқартылған өндіріспен айыппұл салынды. 1 іс әкімшілік  сотында қаралып 53025 тг айыппұл салынды. А. ж. 30 сәуіріне  1025150 теңгені құрайтын 26 айыппұл өндіріліп алынды.

Мемлекеттік астық инспекциясы бөлімі:

2019 жылдың  4 айында  облыстан 31,8 мың тн астық, оның ішінде экспортқа  21,6  мың тн  шығарылды.

Облыс бойынша АҚК-да барлығы 9,9 мың тн  астық сақталуда, оның ішінде азық-түлік астығы 7,8  мың тн.

2019 жылғы 31 қаңтарында ҚР АШМ Жауапты хатшысының өткізген селекторлық кенестің   №16-06/18 хаттамасы бойынша  жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе  облыстық АКҚ-да сақтауда нақты астықтың бары тексерілді.

Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекциясы:

ҚР АШМ АӨК МИК-не асыл тұқымды мал шаруашылығы саласы бойынша 2018 жылдың есебі тапсырылды.

2019 жылғы 01 мамырға 1744 шаруашылық ірі қара малының табынын түрлендіру бағдарламасы бойынша АСЖ (ИАС) тіркелді.

Республикалық палаталарға тіркелген асыл тұқымды малдарға мониторинг жүгізілуде.

Шет елден 326 бас асыл тұқымды ірі қара  мал сатып алынды.

Ірі қара табынын түрлендіру және асыл тұқымды мал бастарын сатып алу барысына бақылау жүргізілуде.

ҚР «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңының 15-бабының 1-тармағын бұзған 2 заңды тұлғаға Нұсқама берілді.

Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу  бөлімі:

001  бағдарламасы бойынша  2018 жылдың теңгерілімі уақытылы және ескертусіз тапсырылды. ОАИ-ының 2019 жылға жеке қаржыландыру жоспары ҚР АШМ-де бекітілді.

2019 жылғы 01 мамырға қаржыландыру жоспарына сәйкес 001 бағдарламасының  игерілуі  93,4 % құрады.

        Кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі:

Меморган ОАИ қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі бойынша 2018 жылдық, 2019 жылдың 1 тоқсандық ақпараты жинақталып, Комитетке жіберілді.

ҚР АШМ АӨК МИК мен ҚР Мемқызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне кадр жұмысы жөніндегі 2018 жылдық, 2019 жылдың 1 тоқсандық есебі Е-қызмет жүйесінде уақытылы тапсырылды және айлық есептер ұсынылды.

Салық органдарына ОАИ және ҚААИ әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің табыс салығы туралы декларациялар тапсырылды.

Облыстық аумақтық инспекциясының 2019 жылғы және 2 тоқсанның жоспарлары бекітілді. 2019 жылға жалпыға бірдей құқықтық оқудың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған заңнамаларды түсіндірудің тақырыптық жоспары бекітілді. Жалпыға бірдей құқықтық оқыту бағдарламасы бойынша 5 сабақ өткізілді.

2019 жылдың сәуір айында жоғарғы органдар мен басқа да мекемелерден  облыстық аумақтық инспекцияға 237 құжат келіп түсті, 324 құжат жоғарғы органдарға, басқа мемлекеттік органдарға, түрлі мекемелерге жіберілді.

2019 жылдың басынан ОАИ қызметкерлерімен 7 аппарат кеңесі өткізілді.

ҚР Бас прокуратурасының ҚС және АЕАЖК Қарағанды облысы бойынша басқармасына «EOUL» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі бағдарламасы (жеке және заңды тұлғалардың өтініштері) бойынша 2018 жылдық және 2019 жылдың 4 айлық есебі берілді, «ТБЖ» (шаруашылық субъектілерді тексеру) және «Web-АП» (әкімшілік құқық бұзушылық есеп) автоматтандырылған ақпараттық жүйелері жөнінде 2018 жылғы және 2019 жылғы 4 айы бойынша салыстыру жүргізілді.

ҚААИ-дың 2018 жылғы және 2019 жылғы 1 тоқсанның атқарған жұмыстарының рейтингісі шығарылды.

ОАИ Веб-сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» арнайы бөлімде тиісті ақпараттар орналастырылды.

 

 

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан-2050 стратегиясы Expo 2017 Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Export.gov.kz