Сыбайлас жемқорлыққа жататын қылмыс жасаған


Сыбайлас жемқорлыққа жататын қылмыс жасаған «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Осакаров аудандық аумақтық  инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің  бас маманы-өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы  Қ.Б. Шайкеновқа қатысты ақпарат

      «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Осакаров аудандық аумақтық  инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас маманы-өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы Қ.Б.Шайкеновке қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 366-бабы 1 тармағы бойынша пара алу жөнінде  қылмыстық іс қазғалып, Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотымен қаралды.

Соттың үкіміне сәйкес Қ.Б.Шайкенов белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның жирма бес еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салынды.

Соттың үкімі 05.03.2021 жылы күшіне енді.

Қарағанды облысының Осакаров аудандық сотының үкімі негізінде ҚР АШМ АӨК МИК Осакаров аудандық аумақтық   инспекциясының бас маманы-өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы Қ.Б.Шайкенов атқарып отырған лауазымынан босатылды.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан-2050 стратегиясы Expo 2017 Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Export.gov.kz