Астық дақылдарының ауруларымен күрес бойынша ұсыныстар

Ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне
көмек ретінде

Астық дақылдарының ауруларымен күрес бойынша ұсыныстар

2016 жылы ауылшаруашылығы дақылдарының ауруларына қарсы химиялық өңдеу жұмыстары алғаш рет Республикалық бюджет есебінен өткізілген жоқ, алайда мониторинг қызметі 34,4 мың га өңдеу алқабын анықтаған. Осыған байланысты облыстың ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне (әрі қарай АШТӨ) егістіктерін дәнді дақылдар ауруларынан өз қаражаттары есебінен қорғау қажеттілігі туралы ескертілді. АШТӨ фунгицидтерді жеткізетін қызмет көрсетушілердің деректемелері мен прайс-парақтары жеткізілді. Нәтижесінде, өткен жылы АШТӨ өз қаражаттары есебінен дәнді дақылдардың ауруларына қарсы 20,3 мың га алқапқа химиялық өңдеу жұмыстары жасады. Химиялық өңдеуге Титул Дуо к.к.р., Рекс Дуо 49,7% к.с., Тилт 250 к.э., препараттары қолданылып, олардың биологиялық тиімділігі 89-91 % болды. Болжанған мәліметтерге сәйкес, 2017 жылы астық дақылдары ауруларының (септориоз,тат) таралу көлемі 34,0 мың га деп күтілуде. Химиялық өңдеу жұмыстарын АШТӨ өз қаражаттарына жасаулары тиіс. Сондықтан, біздің шаруаларға ауылшаруашылығы дақылдарының зияндылығы туралы, даму фазаларын, оларды анықтау әдістері мен күрес шаралары туралы ертерек ескерткіміз келеді. Ауылшаруашылық дақылдарындағы ауру қоздырғыштардың биологиялық даму ерекшеліктерін ескере отырып, өсімдіктерді қорғау жүйесін таңдай отырып, профилактикалық және жою іс-шараларын уақытылы жүргізу керек. Ауруларға қарсы күрес шараларында кешенді агротехникалық тәсілдері өте маңызды, бұлар арамшөптер инфекциясы көздерін жою, ауылшаруашылық дақылдарының қалдықтарын қалдырмау, аңызды жырту және егіске сапалы тұқымдарды пайдалану. Агротехниканы сақтай отырып фосфорлы-калийлі тыңайтқыштар енгізу дәнді дақылдар ауруларының дамуын салыстырмалы түрде төмен деңгейге тежейді. Дегенмен, ауылшаруашылық дақылдарының ауруларына қарсы әдістердің ең тиімдісі химиялық өңдеу болып саналады. Біздің облыста кеңінен тараған астық дақылдары ауруларының морфологиясы мен олармен күрес шараларын ұсынамыз:
Дәнді дақылдардағы жапырақ пен масақтың септориозы.
Қоздырғышы – Septoria nodorum және Septoria tritici
Бидай,арпа,қарабидай,қара сұлы және дәнді шөптерде кездеседі.Бидайға зақымдылығы жоғары .
Аурудың белгілері. Қоздырғыш өсіп-өну кезеңінде көбінесе жапырақты зақымдайды, түтікке шығу-гүлдену фазаларында ең қарқынды көрінеді. Септориоздың алғашқы белгілері күз мезгілінен бастап төменгі жапырақтарда ұсақ сұр-жасыл дақтар түрінде көрініп тез ұлғаяды. Бірте-бірте дақтар сарғыш-қоңыр түске айналады, некрозға төгіледі,сосын күйік құра отырып жапырақтары өледі. Тән белгілері: Дақтардың ортасында көзге жақсы көрінетін көптеген ұсақ шар тәріздес қара қоңыр саңырауқұлақтар пикниді пайда болады. Күз кезінде пикнидтер жерде жайылып түсіп қалған жапырақтарда қалыптасады. Жапырақ қынабы зақымданған жағдайда онда ұзынша тартылған дақтар пайда болады, олар көп ұзамай қоңыр түске айналады. Дақтар жие ұлғайып, айтарлықтай барлық жапырақ қынабын қамтиды.
Жұқтыру көзі: Саңырауқұлақ топырақ бетіндегі өсімдік қалдықтарында сақталады. Күз мезгілінде өсімдік қалдықтарынан зақымданған пикноспорлар (жаңбырмен) және акноспорлар (желмен) жаңа егістерге тарайды. Өсіп-өну кезеңінде негізінен аурулар пикнидтерді түзетін пикноспорлармен тарайды. Жауын-шашын ұзақ және көп жауған кезінде ауаның жоғарғы ылғалдылығының әсері егістіктің жаппай зақымдануына ықпал етеді.
Зияндылығы: Ауру кеңінен тараған және және зиянды. Жапырақтардың жоғары жақ ассимиляциясының төмендеу салдарынан масақтың дамуы тежеліп, 1000 дәннің салмағы төмендейді. Аурулар қалыпты даму кезінде өнім шығыны 10-15%, эпифитотий кезінде 30-50% құрауы мүмкін.
Есепке алу әдістемесі: Зерттеуді бидайдың өсіп-өну кезеңінде 1000 өсімдікті қарай отырып жүргізеді. Диагональ бойынша егістік алқаптағы 10 нүктеден бірдей ара қашықтықта 10-20 үлгіден алып, зақымданған жапырақтарды санайды. Оңтайлы бүрку мерзімі – зақымдаған жапырақтар 5% жеткенде.
Күрес шаралары: Астықты жинағаннан кейін топырақты сыдыра жыртып, артынан сүдігер жырту, септориоз қоздырғыштары бар дақылдарды көрші алқаптарға екпеу, дәнді оңтайлы мерзімде себу. Аурудың барынша таралуы бидайды ерте себу кезеңінде байқалады. Өсіп өну кезеңінде бүркуге қолданылатын препараттар: (ҚР аймағында қоданылуға рұқсат етілген тізімге сәйкес) Титул дуо к.к.р., Тилт 250 к.э., Рекс дуо 49,7% к.с., Альто супер33,3%, Байлетон25:с.п., Фоликур к.э. и.т.д.
Бидайдың қатты және тозаңды қаракүйесі
Қоздырғышы – Ustilago tritici и Tilletia tritici Wint.
Аурудың белгілері: Ауру масақ пайда болу кезеңінде көрінеді. Зақымданған масақ қара-қоңыр түсті телиоспор саңырауқұлағын түзеді. Ауру нәтижесінде масақтың өзектерінен басқа барлық бөліктерін зақымдайды, кей кезде қылқандары (ости) сақталып қалады. Споралар тараған сабақтың өзектері жалаңаштанып қалады. Гүлдену кезеңінде желдің көмегімен споралар сау өсімдікке ауысады. Олар гүлдің аналық аузына түсіп, палиоспорлары өседі. Нәтижесінде масақта бидай дәні жақсы қалыптасқан бірақ, тұқым ұрықтарында саңырауқұлақ жіпшумағы (мицелий) түзілген. Осылайша, шаңды күйе қоздырғышы тұқым ұрықтарында жіпшумақ (мицелий) түрінде сақталады. Мұндай тұқымдар себілген кезде ондағы жіпшумақтар (мицелий) жанданады және ол өсімдіктің өсу нүктесіне қарай жылжиды. Масақтың қалыптасу кезеңінде қоздырғыш өзектен басқа оның барлық бөліктеріне тарайды.
Есепке алу әдістемесі: Бидайдың қатты және тозаңды қаракүйесін масақтанудан кейін және апробациялау кезінде әр 10-20 үлгіден 50-100 сабақтардан алып санайды.
Күрес шаралары: Төзімді сұрыптар, сау тұқым себу, тұқым дәрілегіштермен дәрілеу: (ҚР аймағында қоданылуға рұқсат етілген тізімге сәйкес) Колфуга супер20% в.с., Премис 2,5к.с., Раксил 6% в.р.к., Дивиденд стар к.с., Винцит 5%с.к., Премис 200 20%к.с., Байлетон 25% с.п. т.б.
Дәнді дақылдардың тат ауруы:
Біздің аймақта әсіресе қоңыр және сызықты (сабақты) тат аурулары кеңінен тараған.
Қоздырғышы – екіүйлі саңырауқұлақ Puccinia recondita, P. Triticina.
Өте қауіпті және жиі кездесетін ауру болып табылады. Бидай, қарабидай, жабайы астық тұқымдастарды (арпабас) зақымдайды.
Қоңыр тат ауруы: саңырауқұлақ түрлерімен пайда болады. Бидайда басты болып саңырауқұлақ тарайды. Тат ауруының белсенді таралуы кезінде саңырауқұлақтар өсімдік-иесін өзгерте алады. Олардың бірі Маралоты (василистник) болып табылады.
Қоңыр тат ауруының шығу белгісі болып жапырақтардың жоғарғы бетіндегі сары-қоңыр түсті нүктелердің немесе споралардың пайда болуы болып табылады. Кей кезде ауру белгілерін жапырақ қынабында және сабақтардан көруге болады. Көбінесе олар түптену фазасында байқалады. Жіпшумақтар (мицелий) жағдайына қарай шашылған дәндерде немесе дәнді шөптерде қыстап шығады. Споралардың таралуына тиімді температура -15-20 0С, өсімдіктің зақымдалуын қамтамасыз ете отырып желмен таралады Күз, қыс және ерте көктемде пайда болған споралар аурудың таралуы мен көбеюіне қатты белсенділік танытпайды.
Есепке алу әдістемесі: аурудың алғашқы белгілерін білу үшін егістерге әрдайым зерттеулер жүргізу керек. Зерттеу кезінде 1000 сабақты (жапырақтар) қаралады. Диагональ бойынша егістік алқаптағы 10 нүктеден бірдей ара қашықтықта 10-20 үлгіден алып, зақымданған жапырақтарды санайды.
Сызықты (сабақты) тат аурулары :
Масақтанудан кейін пайда болып сабақты, жапырақты, қабыршақты, қылқандарын (ости) зақымдайды. Зақымдалған жерлерінде 1 см-ге дейін ықтимал аралас сызықтармен үлкен қызыл түсті уредопустулдар пайда болады. Мерзімінен бұрын астық сабақтарының кебуі мен дәннің толысуына әкеп соғады. (солғын,салмақсыз болады).
, Есепке алу әдістемесі: Сызықты тат ауруын сабақ пен жапырақ қынабын қарау арқылы санайды. 100 га егіс алқаптарынан 20 үлгіден әрқайсысынан 10 өсімдіктен алады, одан үлкен алқаптарда қосымша ретінде 100 өсімдіктен үлгі алады. Өсімдікті түп тамырынан қарайды.
Аурулардың дамуына әсер ететін факторлар: Ауруға төзімді сорттарды өсіру, өткен жылда татпен зақымдалғанда, жазғы уақытта шашылған дәндерде споралардың жақсы сақталуы, Қыс және жаз мезгілдеріде ауа райының қолайлылығы, жылы және ылғалды көктем.
Оңтайлы бүрку мерзімі – зақымдаған жапырақтар 1% жеткенде.
Күрес шаралары: Өсімдік қалдықтарын , дәнді арамшөптер және ауылшаруашылық дақылдарының қалдықтарын жою, оңтайлы себу мерзімі, төзімді сорттар дайындау,себу кезінде фосфорлы-калийлі тыңайтқыштар енгізу, аурудың жаппай таралуы болжанған кезде, зақымданудың бірінші белгілері байқалғанда фунгицидтермен өңдеу.Өсіп-өну кезеңінде келесі препараттарды қолдануға болады: (ҚР аймағында қоданылуға рұқсат етілген тізімге сәйкес) Альто 400,40%с.к., Байлетон,25%с.п., Бампер,25%к.э., Даконил 500,50%с.к., Опус Топ 33,4% к.э., Колфуга Супер 20% в.с., Фоликурт ВТ 22,5% к.э.

ҚР АШМ АӨК МИК
Қарағанды облыстық аумақтық
инспекциясының өсімдіктерді қорғау
жөніндегі бөлімінің
басшысы Ахатов Қ

05.01.2017 жыл

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан-2050 стратегиясы Expo 2017 Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Export.gov.kz