2021 жылы атқарған жұмысы туралы ақпарат

«ҚР АШМ АӨК МИК Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» ММ 2021 жылдың тамыз айында атқарған жұмысы туралы ақпарат

Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімі:

Облысымызбен шектесетін аумақтарда шегіртке зиянкестеріне бірлесе зерттеу жүргізу арқылы олардың таралуын уақытылы анықтау мақсатында, көршілес облыстық аумақтық инспекцияларымен ынтымақтастық келісім-шарттары жасалды.

Кезеңділігі жартыжылдық, жылдық, айлық (наурыз-шілде) фитосанитариялық есептіліктер толығымен жинақталып ҚР АШМ АӨК МИК-не өткізілді.

    2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауіпті зиянкестеріне жалпы мониторингтік зерттеу шараларының жоспары: үйірлі шегірткелер – 4041,661 мың.га, саршұнақтар – 92,5 мың.га, тышқан тәріздес кеміргіштер – 98,2 мың.га, астықтың сұр көбелегі – 598,7 мың.га, гессен шыбыны – 470,5 мың.га, аурулар (септариоз) – 389,6 мың.га, колорад қоңызы – 9,6 мың.га; қауіпті организмдерге қарсы мониторингтік зерттеу шараларының жоспары: саяқ шегірткелер – 233,830 мың.га, сүйір басты қандала 12,5 мың.га, шалғын көбелегі – 11,55 мың.га, бидай трипсі – 14,5 мың.га, топырақ қабаты зиянкесі – 8,5 мың.га, астықтың жолақты бүргесі – 10,3 мың.га, астық биті -1,0 мың.га, көкөніс дақылдарының зиянкесі – 0,4 мың.га, екпе ағаштарының зиянкесі – 0,8 мың.га, кәдімгі сүлікше – 10,95 мың.га, көп жылдық шөп – 1,0 мың.га, аурулар (гельминтоспориоз, қара күйе ауруы т.б) жиыны -100,0 мың.га құрайды.

Ағымдағы жылы республикалық бюджет есебінен үйірлі шегірткелерге қарсы 11,73 мың.га аумаққа (болжамның 100%), облыстық бюджет есебінен саяқ шегірткелерге қарсы – 6,9 мың.га аумаққа (болжамның 100%), химиялық өңдеу жүргізілді.

2021 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауіпті зиянды және зиынды организмдерінің таралу болжамы келесі аумақтарды құрайды: дақылдарының аурулары (септариоз) – 28,4 мың.га, астықтың сұр көбелегі – 13,8 мың.га, гессен шыбыны – 15,8 мың.га аумақ. Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруларына қарсы 29,1 мың.га аумақ (болжамның 103%), астықтың сұр көбелегіне қарсы – 5,8 мың.га (болжамның 42%), гессен шыбынына қарсы 15,0 мың.га (болжамның 95 %) өңделген.

Бүгінгі таңда облыс аумағында арамшөптерге қарсы 542,647 мың.га аумаққа химиялық отау жұмыстары жүргізілген.

    Қазіргі таңда облыс бойынша 95336,58 тонна (себілген тұқымның 73,4 %) ауыл шаруашылығы дақылдарының, оның ішінде 76434,021 тонна астық дақылдары тұқымы дәріленген.

Жыл басынан фитосанитариялық есептілікті ұсынбағандығы үшін 139 шаруа қожалығына орын алған заң бұзушылықты өз еркімен жою мақсатында ұсынымдар берілген, 117 ұсыным орындалды. ҚР-ның өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуы бойынша бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы 1 профилактикалық бақылау жүргізілді.

ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 403-бабы 2 тармағына, яғни фитосанитариялық бақылау объектілерінде фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шараларды зиянды организмдердің саны зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен жоғары болатындай олардың (арамшөптер мен астықтың сұр көбелегі) дамуы мен таралуына әкеп соққан жүргiзбеу бойынша 5 шаруа қожалығына әкімшілік айыппұлдар салынды. Барлық айыппұлдар қысқартылған іс-жүргізу тәртібімен (72 925 тг) төленді.

Өсімдіктерді қорғау саласы бойынша БАҚ-ында 33 мақала жарияланды.

Өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімі:

    Жыл басынан карантинге жатқызылған өнімдерге жүргізілген карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) нәтижесінде 7861 акті берілді. Осы кезеңде шет елдерден 20308,1 тн, 23 566 222 дана, 31 117,6 текше метр карантинге жатқызылған өнімдер импортталған және экспортқа 178 051,4 тн, 2 006 538 дана 94,15 текше метр жүк шығарылды. Басқа облыстардан 73 894,5 тн, 1 718 879 дана, 2318 текше метр әкелінген және басқа облыстарға 47 008,5 тн, 1 381 127 дана жөнелтілген.

Карантиндік тексеріп-қарау барысында, карантиндік объектімен залалданудың 11 жағдайы анықталды, олардың:

  • экспорт кезінде жалпы көлемі 210 тонна бидайдың жатаған (қызғылт) укекіренің тұқымдарымен залалданған 3 жағдайы анықталды, өнім Өзбекстан Республикасына экспорттауға арналған;
  • экспорт кезінде жалпы көлемі 68 тонна зығырдың жатаған (қызғылт) укекіренің тұқымдарымен залалданған 1 жағдайы анықталды, өнім Ресей Федерациясына экспорттауға арналған;
  • импорт кезінде жалпы көлемі 30 текше м кесілген ағаш тақтайлардың қара қарағай қоңызының тірі жұлдыз құрттарымен қоныстанған 1 жағдайы анықталды, өнім Ресей Федерациясынан әкелінген;
  • импорт кезінде жалпы көлемі 35 тонна тұқымдық картоптан карантиндік ауруы картоптың Зебра чипмен залалданған 4 жағдайы анықталды, өнім Германиядан әкелінген;
  • импорт кезінде жалпы көлемі 32 тонна тұқымдық картоптан карантиндік ауруы картоптың Зебра чипмен залалданған 2 жағдайы анықталды, өнім Нидерланды елінен әкелінген.

Жатаған укекіренің анықталуының барлық жағдайларында берілген нұсқамаларға сәйкес, арнайы техникалық тазалау жүргізілді. Залалданған кесілген ағаш тақтайларға берілген нұсқамаға сәйкес, зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Залалданған 67 тн тұқымдық картоп жойылды.

Ағымдағы жылдың 8 айында 90 нұсқама берілді, оның:

  • 6 импорт кезінде карантиндік объектінің анықталуына (тұқымдық картоптан зебра чип картоп ауруы-3; кесілген ағаш тақтайлардан қара қарағай қоңызының тірі құрттары-1; фитосанитарлық сертификаттың болмауына байланысты бананды қайтаруға -1; фитосанитарлық сертификаттың жарамсыз болуына байланысты кептептірілген жемістерді кері қайтаруға -1; карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмеуі, яғни белгіленген үлгідегі таңбаның болмауы -1);
  • 4 экспорт кезінде карантиндік объектінің анықталуына (зығыр тұқымына-1; бидайға-3);
  • 79 карантиндік аймақтарда карантиндік іс-шаралар жүргізу туралы.

Жыл басынан фитосанитариялық сараптама жасау үшін барлығы 1568 үлгілер жіберілген, оның ішінде:

  • Қарағанды облыстық карантиндік зертханасына 1185 сынама;
  • Республикалық интродукциялық карантиндік көшеттік 34 сынама;
  • Алматы аймақтық карантиндік зертханасына 176 сынама;
  • Республикалық өсімдіктер карантині орталығына – 173 сынама.

   «РФДжБӘО» РММ-мен жоспар бойынша: американдық ақ көбелек – 450 га, жұпсыз жібек көбелегі – 780 га, жатаған (қызғылт) укекіре – 64835 га, арамсояу – 3240 га, картоптың алтын түстес нематодасы – 165 га, картоп рагы – 382 га, қоңыр мәрмәр қандала – 50 га, батыстың гүл трипсі – 2 га, қызанақ күйесі – 86 га, капр қоңызы – 3, жеміс ағаштарының күйігі – 69 га, картоптың Зебра чипі – 60 барлығы: 70 125,3 га жерге мониторингілік зерттеулер жүргізілді.

Республикалық бюджет есебінен қызғылт укекіреге қарсы химиялық өңдеуге жататын 106,521 га алаңның 106,521 (100%) өңделді, шаруашылық субъектілер қаражаты есебінен өңдеуге жататын 115,233 га алаңның 113,222 га (98,2%) және жергілікті бюджет есебінен жоспарланған 21,64 га алаңның 21,64 га (100%) өңделді. Сонымен бірге, арамсояуға қарсы өңдеуге жататын 0,61 га жерге 100% толық жүргізілді.

Жыл басынан мемлекеттік қызметтерді көрсетуге 2525 өтінім келіп түсті, оның Egov.kz арқылы 2470 (97,8%) және 55 (2,2%) тікелей аумақтық инспекцияларына келіп түскен. Нәтижесінде 6714 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында 1949 (29%) карантиндік, 4553 (67,9%) фитосанитарлық сертификат және 212 (3,1%) мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартулар рәсімделді.

Өсімдіктер карантині саласының мәселелері бойынша бұқаралық ақпараттық құралдарына 27 мақала жарияланды, сонымен қатар кәсіпкерлер мен басқа да ұйымдардың, әкімшілік өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел және қашықтықтан байланыс арқылы 42 семинар-кеңестер өткізілді, оның:

  • «Карантиндік бақылау және қадағалауды жүзеге асыру тәртібі бойынша»- 7;
  • «Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша» – 27;
  • «Сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша» – 8;

Жыл басынан ҚР «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының талаптарын бұзған 117 факты анықталып, ол бойынша 12 837 717 тг айыппұл салынды. Оның ішінде 5 731 905 тг құрайтын 107 әкімшілік іс қысқартылған өндірісте қаралды және 4 әкімшілік іс толық өндірісте қаралып 320 870 тг айыппұл салынды. 6 іс әкімшілік сотында қаралып, 1 053 037 тг айыппұл салынды. 2021 жылдың 31 тамызына барлығы 110 әкімшілік іс бойынша 6 172 372 тг айыппұл өндіріліп алынды.

 Мемлекеттік астық инспекциясы бөлімі:

2021 жылдың 1 қыркүйегіне облыстың АҚК-нан 23,1 мың тн астық, оның ішінде экспортқа 15,8 мың тн шығарылды.

Облыс бойынша АҚК-да барлығы 8,7 мың тн астық сақталуда, оның ішінде азық-түлік астығы 8,6 мың тн.

    2021 жылдың егін орағының астығын қабылдауға материалдық-техникалық базасының дайындығына және астық қабылдау кәсіпорындарының біліктілік талаптарға сәйкестігіне комиссиялық зерттеу «Осакаров-Нан» ЖШС, «Центрально-Казахстанский элеватор» ЖШС, «TST-2006» ЖШС-де жүргізілді, дайындығы анықталып, актілерге қол қойылды.

Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекциясы:

Ірі қара малының табынын түрлендіру бағдарламасы бойынша 1595 шаруашылық АСЖ-ге (ақпараттық сараптау жүйесі) тіркелді. Сонымен қатар, Қарағанды облысы бойынша 2021 жылдың 1 қыркүйегіне 1138 бас асыл тұқымды бұқа сатылды, оның 1126 басы облыс ішінде, 12 бас облыстан тыс сатылды. Облысымызға Ресей Федерациясынан 220 бас Герефорд тұқымы ІҚМ импортталды.

Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі:

001 бағдарламасы бойынша 2020 жылдың жылдық теңгерілімі және 2021 жылдың жартыжылдық теңгерілімі уақытылы және ескертусіз тапсырылды. ОАИ-ының 2021 жылға жеке қаржыландыру жоспары ҚР АШМ-де бекітілді.

2021 жылғы 01 қыркүйегіне қаржыландыру жоспарына сәйкес 001 бағдарламасының игерілуі 99,0 % құрады.

Кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі:

Меморган ОАИ қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі бойынша 2020 жылдың ақпараты жинақталып, Комитетке жіберілді.

ҚР АШМ АӨК МИК мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне кадр жұмысы жөніндегі 2020 жылдың және 2021 жылғы 1 және 2 тоқсандағы есептертері Е-қызмет жүйесінде уақытылы тапсырылды және айлық есептер ұсынылды.

Облыстық аумақтық инспекциясының жалпыға бірдей 2021 жылғы 1-2 тоқсанына және 2021 жылға жоспарлары бекітілді. 2021 жылға құқықтық оқудың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған заңнамаларды түсіндірудің тақырыптық жоспары бекітілді, құқықтық оқыту бағдарламасы бойынша 16 сабақ өткізілді. Сонымен қатар Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілімен Жалпыға бірдей декларациялау жөнінде 1 кеңес өткізілді.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) Қарағанды облысы бойынша департаментінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілімен 1 дөңгелек үстел өткізілді.

Қарағанды қаласының Октябрь ауданының прокуратурасының өкілімен 1 дөңгелек үстел өткізілді.

2021 жылдың басынан ОАИ қызметкерлерімен 29 аппарат кеңесі өткізілді.

2021 жылдың тамыз айында жоғарғы органдар мен басқа да мекемелерден облыстық аумақтық инспекцияға 59 құжат келіп түсті, 76 құжат жоғарғы органдарға, басқа мемлекеттік органдарға, түрлі мекемелерге жіберілді.

ҚР Бас прокуратурасының ҚС және АЕАЖК Қарағанды облысы бойынша басқармасына «EOUL» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі бағдарламасы (жеке және заңды тұлғалардың өтініштері) бойынша 2021 жылдың тамыз айына есеп берілді.

ҚААИ-дың 2020 жылғы атқарған жұмыстарының және 2021 жылдың I және II тоқсанының рейтингісі шығарылды.