Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Сыбайлас жемқорлық  түсінігі (латынша corruptio)-пара беруді, өзінің қызметтік дәрежесін лауазымды тұлғаның жеке баю мақсатында тікелей пайдалану деген мағынаны береді.  Әдетте, «жемқорлық» бойынша жазаланған адамға мемлекеттік қызметке келуіне өмір бойына тыйым салынбақ.  Сыбайлас жемқорлық бәсекеге қабілеттілікті айтарлықтай төмендететіні, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіретіні белгілі. Қоғамымыздағы азаматтық жауапкершіліктің жағдайына байланысты, жемқорлық мемлекеттің қоғамдық және экономикалық қауіпсіздігіне айтарлықтай қатер төндіріп отыр және ұйымдасқан кылмыстың  әлеуметтік басқару мен саяси құрылымдарға енуіне ықпал етуде. Қазіргі таңда мемлекеттің жемқорлықпен күрес функциясын тек құқық қорғау органдарының қызметі аясында қарастыруға болмайды.

Жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтармен күрес, елдегі барлық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ, мемлекет азаматтарының алдына қойылған негізгі мақсаттардың бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен  құрылған Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі комиссия және жемқорлықпен күрес стратегиясы, қауіпті қатерді жоюды іске асырудағы маңызды құралдардың бірі болып табылды. Қоғамымыздың барлық саласында дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына тосқауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі.

Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы  министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары қызметкерлері тарапынан болған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі  және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі мен сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарыныңталаптарын бұзу фактілерін хабарлау үшін бұқаралық ақпарат құралдарында сенім телефондары ай сайын жарияланады. Инспекция басшысының азаматтарды қабылдау кестесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жөнінде арнайы стенд және ұсыныстар мен шағымдар үшін жәшігі көрнекті жерге ілінген. Облыстық аумақтық инспекцияның Веб-сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» арнайы бөлімі бар. Әр апта сайын өтетін аппараттық отырыста  инспекторларға мемлекеттік қызмет көрсету, өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде сыбайлас жемқорлықты тудыратын іс-әрекеттерге бармау туралы қатаң ескертіледі.  Ағымдағы жылдың басынан «дөңгелек үстел», жиналыстар және семинарлар үлгісінде 2 шара өткізілді және бұқаралық ақпараттық құралдарына 3 басылым  шықты.

2018 жылға жалпыға бірдей құқықтық оқудың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заңнамаларды түсіндірудің тақырыптық жоспары бойынша 21 жалпыға бірдей құқықтық оқытусабақтары  өткізілді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің өкілінің қатысуымен қызметкерлерінің арасында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тәртібі туралы ақпараттандыруды жоғарлату, қызметтерді е-gov порталы арқылы алудың тиімділігі және тоқсандық есепті толтыру туралы түсіндірме семинар өткізілді.

Облыстық, қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларының ақпараттық стенділерінде фитосанитариялық кауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты, өсімдіктер  карантині саласындағы мемлекеттік қызмет  регламенті, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша шағымдар мен ұсыныстардың жолданатын мекен-жайлары мен телефондары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің сенім телефондары орналасқан.