2017 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу бойынша атқарылған шаралар туралы ақпараты

         2017 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы және оны алдын алу жөніндегі өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

 

Осы бағытта жұмыстар 2014 жылғы 26 желтоқсандағы ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының шеңберінде жүргізілуде және ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарының талаптарын ескере отырып 2015-2017 жылдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралардың жоспары бекітілді.

2017 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралары бойынша облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекцияларында 156 шаралар: 76 құқықтық жалпыға бірдей оқыту, «дөңгелек үстел» үлгісінде 34 шара, 17 семинар-кеңес өткізіліп, бұқаралық ақпараттық құралдарына 29 басылымдар жарияланды. Облыстық аумақтық инспекциясында өсімдіктерді қорғау, өсімдіктер карантині, астық инспекциясы және асыл тұқымды мал шаруашылығы салалары бойынша дәстүрлі семинарларға, біздің бағыттағы заңнамалардың сақталуы жөнінде түсіндірме беретін прокуратураның және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің өкілдері міндетті түрде шақырылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және Әдеп кодесінің талаптарын сақтау жөніндегі заңнамасына түсіндіру бойынша Қарағанды облысының кәсіпкерлік палатасының, «Жаңару» жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалыс Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша филиалының өкілдерінің қатысуымен әртүрлі ведомствоның лауазымдық тұлғалармен пара алу фактілері бойынша бейнематериалдарды көрсетуімен семинарлар өткізілді.

ОАИ басшысының 2017 жылғы 7 наурыздағы № 28 бұйрығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт бекітілді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің бастамасымен 09.03.2017 жылғы Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісімге қол қою жөніндегі актіге қол қойылды.

Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларымен лауазымдық міндеттемелерді атқару барысында кәсіпкерлік субъектілермен тікелей байланыс болғандықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесінде жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдің аймағы өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік иснпекция бөлімінде табылды. Сондықтан өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік иснпекция бөлімімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзашылық болдырмау бойынша шаралар қолданылды: қызметалушылардың өтінішін қабылдауға және қорытындыларын беруге «бір терезе қағидасы» ұйымдастырылды.Облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекцияларының қызметтеріндегі сыбайлас жемқорлықтарды болдырмауға барлық шараларды қолдану бойынша жұмыс жалғастыруда және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мен құқықтық ағартуына жеткілікті назар аударылуда.

ОАИ басшысының бұйрығымен құрылған арнайы жұмыс тобымен облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекцияларының қызметтеріндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді, оның қорытындылары жөнінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша Мемлекеттік инспекция комитетіне нақтылы ұсыныстар жолданды.

Облыстық, қалалық және аудандық инспекцияларының «Сенім телефондары» бұқаралық ақпараттық құралдарына ай сайын жарияланды. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы ақпараттарымен, жоғарғы органдарының электронды мекен-жайы мен сенім телефондарымен стенділер, сыбайлас жемқорлықтық қарсы бойынша атқарылып жатқан шаралар жөнінде стенділер барлық аумақтық инспекциялардың ғимараттарында орналастырылды, азаматтардың өтініштері мен арыздарына арналған жәщік орнатылды.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексінің талаптары қатаң түрде сақталады, мемлекеттік және ресми тілдегі мәтіндері барлық аумақтық инспекцияларының көрнекті жерлерінде орналастырылған. 2017 жылғы 11 тамыздағы ОАИ басшысының №106 бұйрығымен ОАИ басшысының орынбасары А. Абакановқа облыстық және қалалық, аудандық аумақтық инспекцияларында әдеп жөніндегі уәкілінің міндеттері жүктелген. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлық саясат және әдеп қызметшілерінің әдеп талаптарының мәселелері бойынша Әдеп жөніндегі уәкілінен кеңес алу мүмкіндігі туралы ақпарат ҚР АШМ АӨК МИК Қарағанды облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекцияларының қызметкерлеріне мәлімет үшін жолданды және Қарағанды облысы бойынша аумақтық инспекцияларының ғимараттарындағы ақпараттық стендтерінде орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі барлық тапсырмалар (бұйрықтар, хаттар, хаттамалар) айрықша бақылауға және мүлтіксіз орындауға алынады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды алдын алуға арналған өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат ай сайын Мемлекеттік инспекция комитетіне ұсынылады.

2017 жылы облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекцияларының әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар мен қылмыстар орын алған жоқ.


Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан-2050 стратегиясы Expo 2017 Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Export.gov.kz