2023 жылы шегіртке зиянкестеріне қарсы жүргізілген фитосанитариялық іс- шаралар

Республика аумағында негізінен аса қауіпті зиянды организмдер тізбесіне енгізілген үйірлі шегірткелердің 3 түрі тараған: азиялық, мароккалық және итальяндық прус, Қарағанды облысы аумағында итальяндық прус түрі кездеседі. Ал саяқ  шегірткелердің негізінен – далалық ақ жолақты, көкшіл қанатты, атбасарлық және кішкене крестілік түрлері көптеп тараған.

2023 жылы «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» филиалы мамандарымен шегіртке тектес зиянкестерге 1350,9 мың.га алқапқа көктемгі-жазғы және 1626,74 мың.га алқапқа жазғы, 33,11 мың.га алқапқа күбіршелердің қоныстануына күзгі зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеулердің нәтижесіне сәйкес:

Көктемгі жазғы мониторингтік тексеру жұмыстары кезінде 18 мамыр күні Қарқаралы ауданы, Қасым Аманжолов ауылдық округінде итальяндық шегіртке дернәсілдерінің жер бетіне шығуы анықталды, ал жер бетіне жаппай шығуы 26 мамыр күні Шет ауданының Бұрма ауылдық округінде тіркелді.

Сәйкесінше үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары маусым айының 3 күні Шет ауданында басталып, одан әрі Қарқаралы және Ақтоғай аудандарында жүргізілді. Өңдеу жұмыстарын «Пирамида Комплект» ЖШС 3 жер үсті бүріккіш техникалары арқылы 5 750 га алқапқа және әуе арқылы «AVIASILA» ЖШС 1 ЯСТРЕБ аса жеңіл ұшағымен 6 380 га алқапқа жүргізді. Өңдеу жұмыстарына Карат Супер, Фипрон инсектицидтері қолданылды. Өндеу жұмыстарының тиісті деңгейде жүргізілуін, инсектицидтердің тұтыну нормасына сәйкес жұмсалуын, мердігерлерді қажетті су және материалдық қажеттіліктермен қамтамасыз ету, ауа-райы және жер бедері жағдайларына байланысты техниканы тиімді қолданылуын ұйымдастыру әрдайым тиісті ауданның өсімдіктерді қорғау жөніндегі инспекторлары мен инспекция басшыларының бақылауында болды. Өңдеу жұмыстары 30 маусымда толық 12 130 га алқапта аяқталып, биологиялық тиімділігі 91 пайызды құрады.

Мониторингтік зерттеу жұмыстары кезінде 22 мамыр күні Қарқаралы ауданының Тегісшілік ауылдық округінің мемлекеттік қордағы жайылымдық жерлерінде саяқ шегіртке дернәсілдерінің жер бетіне жаппай шығуы анықталды. Саяқ шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 4 маусымда басталып, авиациялық әдіспен «Сандерс» ЖШС 1 аса жеңіл ұшағы арқылы жүргізілді.  Өңдеу облысымыздың Абай, Бұқаржырау, Қарқаралы және Нұра аудандарын қамтып, жалпы 14 560 га аумаққа Даклоприд препаратын қолдану арқылы толық көлемде (100,0%) жүргізілді. Өңдеу жұмыстары тиісті ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің бақылауында болғанмен аудандық инспекциялар тарапынан да қадағалау шаралары жүзеге асырылды. Өңдеу жұмыстары 16 маусымда аяқталды.

Жалпы облыс бойынша фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жоғары деңгейде жүргізіліп, 2023 жылы зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердің қоныстануына, жаппай көбеюіне және өзге облыстардан ұшып келуіне жол берілмеді.